Daily Archives: 14 мамыр 2017

Ақтөбеде қоқыс сұрыптайтын кешен ашылды

Мектептердің құрылысы жүргізіліп жатыр Өткен сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ Ақтөбе қаласының іргесіндегі бірнеше мекемелерге барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты. Қалдықты кәдеге жаратады Енді Ақтөбеде қоқыс сұрыптайтын кешен бар. Жобаның жетекшісі — «Союз гранд» ЖШС құрылтайшыларының бірі Алтынбек Қазантаевтың айтуынша, зауыттың дәл осы өңірде салынуы тегіннен-тегін емес. — Біз қоқыс сұрыптайтын кешеннің құрылысын бастамастан бұрын, ...

Жалғасы »

Облыс кәсіпкерлігіндегі әйелдер үлесі — 55,4%

Форум «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының күмбезді залында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің I бизнес-форумы өтті. Форумға облыстың барлық ауданынан 200 іскер әйел шақырылған. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. Форумға облыс орталығындағы кәсіпкер ...

Жалғасы »

Дәрі-дәрмек бағасы негізсіз көтерілмеуі тиіс

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дәрі-дәрмек бағасын бұрмалау мәселесін дәрілік заттарды өндірушіден сатып алушыға дейін  қадағалау жүйесін енгізу арқылы шешуді ұсынды. Бұл ұсынысты өңір басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» парламенттік тыңдау кезінде жеткізді. Бердібек Сапарбаев өзге де параметрлермен қатар, автоматтандыру ...

Жалғасы »

Суағарлар салынады, су құбырлары жөнделеді

Депутаттық күн Облыстық мәслихаттың жоспарына сәйкес «Депутаттық күн» отырысы өтті. Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары қатысты. Жиында туристік қызметті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының баяндамасы тыңдалды. Басқарма басшысы туризмді дамыту бағдарламасына, туристік нысандардың қолжетімділігін жақсарту және туризм инфрақұрылымдарын дамыту, ерекше ...

Жалғасы »

Шыңғыс — Ақтөбе барысы

Турнир  Өткен аптада Ақтөбедегі олимпиада резервтерін даярлайтын облыстық мектепте дәстүрлі «Ақтөбе барысы» турнирі өтті. Бұл — қазақ күресінен ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің ІІІ кезеңі. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов қатысты. Құттықтау сөзінде ол балуандарға ақ жол тіледі: — «Қазақстан барысы» турнирі елімізде алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бүгінгі жарыстың жеңімпаздары облысымыздың намысын ...

Жалғасы »

Мейрамбек — күміс, Нұрислам қола медаль алды

Азия чемпионаты 10-14 мамыр күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Грек-рим және еркін күрестен ұлттық құрамалар сапында ақтөбелік балуандар да осы байрақты бәсекеге аттанған еді. Атап айтқанда, Азия чемпионатында грек-рим күресінен 59 кг салмақ дәрежесі бойынша Мейрамбек Айнағұлов пен еркін күрестен 57 кг салмақ дәрежесі бойынша Нұрислам Санаев өнер көрсетті. Және екеуі де сәтті өнер көрсетіп, Мейрамбек ...

Жалғасы »

Мешіт ауласына жеміс ағаштары егілді

Ақтөбе қаласындағы Қабақ баба мешітінің ауласына жеміс ағаштары егілді. Игі шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Шара барысында облыстың бас имамы Төлеби Оспан Құран оқып, жеміс ағашының көгеруі мен еліміздің гүлденуі үшін дұға етті. Бұдан кейін көшеттер егіліп, әр жас өскіннің түбіне су құйылды. Мешіт ауласына 195 түп бүлдірген, 48 түп алма, 16 түп алмұрт, шабдалы, жүзім, қарақат, басқа да ...

Жалғасы »

Экспедиция «Бабалар ізімен» жолға шықты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауқымды кездесу өтті. Кездесуге танымал зерттеуші, әлемнің 100-ге жуық елін аралаған халықаралық туризм және спорт академигі, меценат Сапар Ысқақов, география ғылымдарының докторы Орденбек Мазбаев қатысты. Сапар Ысқақұлы жетекшілік еткен тарихшы-географ ғалымдар, тележурналистерден жасақталған «Бабалар ізімен» аталатын экспедиция 4 мамырда Торғай өңірінен жолға шықты. Университеттің ғылыми-инновациялық ...

Жалғасы »

Көл жағасынан 85 тонна қоқыс шығарылды

Көктемгі тазалық Биыл  Шалқар көліне  су мол жиналды.  Жаздай осы көлді жағалай  бау-бақша егіп, нәпақасын табатын бағбаншылар табиғаттың бұл сыйына дән риза. Жаздың аптап ыстығында адамдарға сая болатын Шалқар көлінің тазалығын бір жүйеге келтіру жұмысы биыл ерте қолға алынды. «Нұр Отан» партиясы Шалқар аудандық филиалы мен Шалқар қаласы әкімі аппараты жақында «Көл Шалқар, көмек қолын создым саған» атты тазалық акциясын ...

Жалғасы »

250 дана көшет егілді

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөзді ұран еткен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұжымы биыл да ағаш егу жұмысын жалғастырмақ. Олар 250 дана сүмбіл терек көшетін екті. Әрдайым жақсы істің ұйытқысы болып жүретін металлургтер жаңа зауыттың аймағына ағаш егіп, сауапты іс жасады. — Жыл сайын зауыттықтар жас көшеттерді егу шарасына белсене атсалысады. Биыл осы ұранмен маңызды ...

Жалғасы »