Daily Archives: 11 мамыр 2017

Жеңіс күнгі шеру

Ақтөбеліктер Жеңіс күні салтанатты шеруді тамашалады. Бұл күні он мыңға жуық адам «Мәңгілік даңқ» акциясына қатысты. Ақтөбеде 92 соғыс ардагері бар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алуға арналған 72-ші салтанатты шеру Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды. Жеңіс күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров бастаған топ  ...

Жалғасы »

Медбикелерге құрмет көрсетілді

12 мамыр — Халықаралық медбикелер күні. Бұл күн медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық медбике Флоренс Найтингейлді еске алу мақсатында бекітілген. Атаулы күнге орай Қазақстан халқы Ассамблеясының  ғимаратында  салтанатты жиын өтті. Шараға облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек ететін медбикелер қатысты. Жиында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап 10 медбикеге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатын табыс етті.  Ұзақ ...

Жалғасы »

Зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Қайырымдылық Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Қалалық комиссияның әр отбасымен жүргізген жеке жұмыстарының нәтижесінде әрбір үй бойынша нақты шешімдер қабылдануда. Қазір көктемгі су тасқынынан қанша үйдің зардап шеккені, қаншасының мүлде жарақсыз болып қалғаны белгілі. Олардың тұрғындарының барлығы дерлік қазір жайлы орынға жайғасты. Бірқатары үйлерін жөндеп алғанша уақытша баспаналарға орналастырылды. Бұдан бөлек ...

Жалғасы »

Астана мен Алматыдан дәрігерлер келді

Ақтөбеге Астана мен Алматы қалаларынан  түрлі бағыт бойынша дәрігерлер келіп, науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Облыстық балалар ауруханасына Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан бір топ маман келді. Дәрігерлер үш күн бойы науқас балаларды қарап, ота жасады, кеңес берді. Аталған орталықтың педиатрия бағыты бойынша директорының  орынбасары, медицина ғылымының кандидаты Гүлнар Әбділова денсаулығында күрделі ақауы бар төрт баланы қарады. Балаларды  ...

Жалғасы »

Дайындық жұмыстары пысықталды

Биыл Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл толды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қыркүйек айында Ақтөбеде «Туған жерге тағзым» атты республикалық акция аясында «Ақтөбе — құтты мекен» аталатын облыстық форум өткізу жоспарланғаны мәлім. Бұдан бұрын облыс әкімінің қатысуымен дайындық жұмыстары пысықталып, нақты тапсырмалар берілген болатын.  Кеше облыстық мәслихаттың хатшысы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сәния Қалдығұлованың басшылығымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Отырыста Ақтөбе ...

Жалғасы »

Науқан қарқын ала бастады

Көктемгі егіс Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиевпен сөйлескен едік. — Көктемгі егіс науқанына байланысты биылғы меже қандай? — Жалпы егістің көлемі облыс бойынша 642 мың гектар болады деп отырмыз. Бұл былтырғы жылғыдан 74 мың гектарға көп. Оның ішінде дәнді дақыл егісі 384 мың гектар. Ол да өткен жылғымен салыстырғанда 43 мың гектарға артық. Мал азығы дақылдары, өткен ...

Жалғасы »

«Нұрлы жер»: 197 үйге 127 өтініш түсті

Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде 197 үй салынатын болады. Қазір осы үйлердің иелерін анықтау үшін құзырлы органның өкілдері 2006 жылы тұрғын үй құрылысы үшін жер алу кезегінде тұрған азаматтардан өтініш қабылдауда. 2 мамырдан бастап 127 азамат осы бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріпті. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының Ақтөбе өңірінде жүзеге асырылуына байланысты өткен ...

Жалғасы »

Жаңа оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне 2, 5, 7-сыныптар да көшеді

Брифинг Жаңа оқу жылынан бастап 1-сыныптың оқушыларымен қатар 2, 5, 7-сынып оқушылары да жаңартылған білім беру мазмұнына, яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болады. Облыста 1-10 сыныпта оқитын 112 126 бала бар. Жазғы демалыс кезінде осы оқушылардың 90 пайызын демалыс көздерінің барлық түрлерімен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова ...

Жалғасы »

Қорғаншылықтың ықпалы қандай?

Прокуратура Әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтары қалай сақталады? Облыстық прокуратурада өткен баспасөз конференциясында осы мәселе туралы кеңінен айтылды. Облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының бастығы, кіші әділет кеңесшісі Қанат Нақымбеков аталған категориядағы азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жасалып, елеулі заңбұзушылықтарға жол беріліп, бірқатар проблемалар орын алғанын айтты. Негізінде мемлекет сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен ...

Жалғасы »

Байқадамға газ құбыры жеткізіледі

Брифинг — Бүгінгі күні аудан тұрғындарының 81,1 пайызын қамтыған Шалқар қаласы және 9 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен Байқадам ауылына газ құбырын жеткізуге және Қаратоғайда ауылішілік газ желісін жүргізуге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар осы жыл ішінде аяқталады деп күтілуде. Бұған қосымша Бершүгір, Сарсай, Алабас елді мекендеріне ауылішілік газ құбырлары құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік ...

Жалғасы »