Daily Archives: 8 мамыр 2017

Үйлері қираған 81 отбасының 5-еуі баспаналы болды, 66-сына жер телімі берілді

Үйсіз қалғандардың бәрінің баспана мәселесі шешіледі  Жексенбі күні су тасқынының салдарынан үйсіз қалған әлеуметтік аз қамтылған 5 отбасы қоныстойын тойлады. Сондай-ақ 66 отбасыға тұрғын үй салу үшін жер телімі берілді. Жер телімдері берілген  8 отбасының материалдық жағдайы ескеріліп, оларға уақытша тұру үшін шағын отбасыларға арналған жаңа жатақханадан пәтерлер берілді. 5 ОТБАСЫ ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баспаналы болған 5 ...

Жалғасы »

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті ақтөбеліктер!

Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау қасиетті мереке біз үшін батырлықтың және халқымыздың ержүректігінің символына айналды. Біз азат етуші жауынгерлердің ерлігіне бас иіп, Отанымыздың тәуелсіздігі мен абыройын сақтап, әлемді фашизмнен құтқарған әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерліктерін мақтан етеміз. Ұлы Отан соғысының әрбір жауынгерінің есімі еліміздің тарихына, бүкіл адамзаттың тарихына алтын әріптермен жазылған. Біздің тарихымызда бұл ұлы күннің қалай келгенін ...

Жалғасы »

Елбасы әскери парадқа қатысты

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты. Елбасы барша қазақстандықтарды және парадқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев биыл ел тәуелсіздігі тарихындағы ең ауқымды парад өткізіліп отырғанын, сондай-ақ Қазақстан армиясы қалыптасудың лайықты жолынан өткенін және оның беделі жоғары екенін айтты. — Парадқа бес мыңнан астам адам және ...

Жалғасы »

Ұлы даланың сенімді қорғаны

7 мамырда Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 7 мамыр күні облыстық әкімдік ғимараты алдында өткен жиында ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, әскери қызметкерлер, курсанттар, әскери-патриоттық клубтар мүшелері бас қосты. Олар алдымен тікелей көрсетілім арқылы Астанада өткен салтантты шеруді қарады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің ...

Жалғасы »

5 әскери қызметкерге пәтер берілді

7 мамыр — Отан қорғаушылар күнінде Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімде ашық есік күні ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, офицерлер мен қатардағы сарбаздар, әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен қонақтар назарына әскери бөлімдегі техника, қару-жарақ үлгілері ұсынылды. Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Әскери бөлімнің басшы ...

Жалғасы »

Меморандум жетекші мектептермен арадағы серіктестікті нығайта түспек

Ақтөбеде өткен жетекші мектептердің аймақтық форумына  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.  «Жетекші мектептер қоғамдастығы — жаңартудың тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы» тақырыбындағы аймақтық форум Ақтөбе қаласының Батыс-2 ауданында бой көтерген облыстық өнер академиясының кең залында өтті. Республикалық форумға Ақтөбеден өзге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда  облыстарының әдістемелік кабинеттерінің жетекшілері мен ...

Жалғасы »

Ардагерлерді құттықтады

7 мамыр күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері — Садуақас Сәрсенбаев пен Смағұл Әбеновтің шаңырақтарында болып, оларды екі бірдей мерекемен — Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады. Облыс басшысы ардагерлерге Ұлы Жеңістің 72 жылдығына байланысты ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хатын, өз атынан құттықтау хат пен сый-сияпат табыстады. Ардагерлерді құттықтауға облыс әкімімен бірге, облыстық ...

Жалғасы »

Парламент Сенаты Депутатын сайлау: әзірге 5 өтініш түсті

Брифинг Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы шыққаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы алдағы 28 маусымға тағайындалған сайлауға әзірлік және өткізу бойынша негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева жан-жақты баяндап берді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28 мамырда ...

Жалғасы »

Ақтөбеде алғаш рет Ә.Молдағұлованың құрметіне халықаралық турнир ұйымдастырылды

Ақтөбеде алғаш рет Жеңіс мерекесі қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған ерлер арасында дзюдодан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев және Әлияның сіңілісі Әліп Үсенова қатысты. Жарыс теннистен облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Шараның салтанатты ашылуында ...

Жалғасы »

Батырлар есімі ұлықталып, іс-шаралар жоспарланды

Өткен сенбіде С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Есет Көкіұлының 350 жылдығына арналған «Ұлы дала батыры — Есет Көкіұлы» атты тарихи-танымдық конференция өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Конференцияда еліміздің түкпір-түкпірінен келген зиялы қауым өкілдері Есет батырдың 350 жылдығына арналған іс-шараға орай өз ойлары мен ұсыныстарын айтып, биыл 350 жылдығы тойланатын қос батыр — Есет Көкіұлы ...

Жалғасы »