Daily Archives: 4 мамыр 2017

Құрметті ақтөбеліктер! Қарулы Күштер ардагерлері және жауынгерлер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз мемлекетіміздің, қоғам және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, ел тәуелсіздігін қорғауға жанқиярлықпен еңбек етіп,  туған жеріміздің шекарасын, ел тыныштығын күзетіп, өз әскери борышын адал атқарып келе жатқан Отан қорғаушыларды құрметтейміз. Уақыт алмасып, ұрпақ өзгерсе де, біздің ата-бабаларымыздың жүріп өткен даңқты жолдары мен  олардың әскери рухы, жанқиярлық ерлігі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі өзгеріссіз қала береді. ...

Жалғасы »

25 жылдағы 6 олимпиадада Ақтөбе спортшылары бірде-бір медаль алмаған…

Ақтөбе қаласындағы олимпиада резервін даярлау орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық федерация басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері федерацияларының басшылары қатысты. Кездесуде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев спорт саласында республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктеріміздің аз екенін, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысына көңілі толмайтынын, жыл сайын облыста спорттық ғимараттар бой ...

Жалғасы »

Егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы ең астықты өңір Әйтеке би ауданында болып, егіс салу науқанына дайындық жұмыстары барысымен танысты. Ауданға жасаған жұмыс сапарын облыс әкімі ең шалғайдағы Жабасақ, Басқұдық және Сарат ауылдық округтерінен бастады. Бердібек Машбекұлы мұнда жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылдағы әлеуметтік және мәдени мекемелерді аралап, Мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Бұл селолық округтер — кезінде ірі қой шаруашылығымен айналысқан кеңшарлар, ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Өз міндеттерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған келісімшартты бұзамыз

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оңтүстіккореялық KNOC мемлекеттік компаниясының президенті Ким Джунг Рэ мырзамен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы — кореялық компаниялардың қатысуы бар «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Ақтөбедегі бөлімшесі мен «Фирма Ада Ойл» ЖШС-ның келісімшарттық міндеттерін орындауларына байланысты болды. Мониторингке сәйкес, Ақтөбе облысының аумағындағы 4 кен орнын пайдаланатын «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Ақтөбедегі бөлімшесі мен «Фирма Ада Ойл» ЖШС ...

Жалғасы »

6 мамыр күні жәрмеңкеге келіңіз!

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда. Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 6 мамыр күні қаламыздың 12-шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ), «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (орта мектептің алаңы), «Алтай» және «Заречный» базарларында өтеді. Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің ...

Жалғасы »

Жолдар уақытша жабылады

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізуге байланысты қаладағы кейбір көшелерде жол уақытша жабылады.  2017 жылғы 4, 5 мамырда сағат 19.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» сауда үйіне дейінгі және Абай даңғылы бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Есет батыр көшесіне дейінгі аралықта мерекелік дайындыққа байланысты ...

Жалғасы »

Әскерде барлығы тәртіптен басталады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 7 мамырдағы №745 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанын жариялады. Міне, сол кезден бастап қазіргі Қазақстан армиясының іргетасы қалана бастады. Оның құрамына Қорғаныс министрлігі, Бас штаб, Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кірді. Кәсіби мамандардың күшімен елімізде әскери жүйе пайда болды. Өзгерген жағдайға байланысты жаңа Қарулы Күштердің мақсаты мен міндеттері, оны ...

Жалғасы »

Азық-түлік бағасын арзандатуға күш салу қажет

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының осы жылдың 4 айында атқарылған жұмысы мен жыл соңына дейінгі жоспары арқау болған жиынға қатысты. Алғаш боп сөз алған облыс әкімі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ең негізгі мақсаты табысты жұмыс істеу екенін, бірақ мекеменің оған әзірге қол жеткізе алмай отырғанын атап өтті. — Әзірге компанияның кірісінен шығыны көп. Табысты жұмысты ...

Жалғасы »

Полковник Ким СЕРІКБАЕВ: Бала күнгі арманым орындалды

Әскери ғылымдар докторы, профессор, қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, полковник ким серікбаев аға сексеннің ортасына қарай бет алса да, әлі күнге сергек. Мұны байқаған себебіміз: бір апта бұрын ұялы телефонына қоңырау шалғанымызда шымкентте жүргенін айтып, бірер күнде хабарласуға болатынын айтқан. Уағдалы мерзімде тағы да тілдесуге ниет қылдық. Бұл жолы көшелері көлік кептелісінен босамайтын алматы шаһарында автомобиль тізгінінде отырғанын білдіріп, сөйлесу ...

Жалғасы »

Ардагер алғысын айтты

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова жалғызбасты майдангерлерді келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Солардың бірі — Исмаил Еналиев. Ол 1943 жылы әскер қатарына алынып, әрі қарай соғысқа аттанған. Бірнеше ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан. Соғыстағы ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталған. Майдангер Жеңіс әкелген күн, яғни 9 мамырда дүниеге келіпті. Бірнеше күннен соң 92 ...

Жалғасы »