Daily Archives: 2 мамыр 2017

Бірлік пен татулықтың мерекесі

18 этномәдени бірлестікке облыс әкімінің гранты тапсырылды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін биыл облыс халқы ерекше тойлады. Мереке күні ақтөбеліктер «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты шеруге қатысып, «Бірлік пен Келісім» сулы-жасыл гүлзарында этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұртшылықты мерекемен құттықтады. Бұл күні мыңдаған адам Әбілқайыр хан даңғылындағы «Мир» бизнес орталығынан «Бірлік ...

Жалғасы »

Қос қуаныш

Мереке күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жас отбасыларға пәтер кілтін тапсыру, сондай-ақ облыс әкімінің кубогына арналған футболдан 2004 жылы туған жасөспірімдер арасындағы II халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысты.   Жас отбасыларға пәтер кілті табысталды Ақтөбе қаласында жас мамандарға арнап салынған жатақхана пайдалануға берілді. 115 пәтерлік жатақхана бір және екі бөлмелі пәтерден тұрады. Жалпы аумағы — 5,5 мың шаршы метр. Салтанатты ...

Жалғасы »

Шуақты шаңырақтар

Мереке күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған жергілікті билік өкілдері интернационал отбасылар мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, үйлеріне барды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев және Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова алдымен интернационал отбасы Әубәкір Әжіғалиевтің отбасына барды. Әубәкір Ғұсманұлы — Ақтөбедегі көптеген сәулет құрылыстарының бас жоспарларының авторы, қала құрылысының жандануына үлес қосқан және Әбілқайыр ...

Жалғасы »

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті

Ақтөбеге православтік діни сенімдегі құдай ананың «Зұлым жүректерді жұмсартушы» иконы әкелінді. Бұл құрметті бейнені қазақстандық махалла бойынша Астана және Қазақстан митрополиті Александр алып жүрді. Мереке күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев  Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Сондай-ақ кездесуде Орал және Ақтөбе махалласының архиепископы Антоний, Талдықорған махалласының жетекшісі епископ Нектарий, бірінші округ шіркеулерінің әдептісі Дионисий, Ақтөбе облысындағы шіркеулердің әдептісі Нектарий болды. Жиында ...

Жалғасы »

Аз қабатты тұрғын үйлер — елімізде бірінші болып жүзеге асырылып жатқан жоба

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пилоттық жобамен жүзеге асырылатын «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіне барды. Құрылыс басында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез салынатын, аз қабатты, несиеге берілетін тұрғын үй құрылысының барысы баяндалды. Аз қабатты тұрғын үй құрылысын «Нұр Ақтөбе» бірнеше шағын ауданында іске қосу жоспарлануда. Құрылыстың жалпы аумағы 150 гектардан асады. Бұл мақсатта облыс бюджетінде 2017 жылға ...

Жалғасы »

БҰҰ қоры облысымыздағы әйелдер денсаулығын нығайтуға 30 млн теңге бөледі

БҰҰ-ның халық саны саласындағы қоры (ЮНФПА) Ақтөбе облысына әйелдер денсаулығын нығайту үшін 30 млн теңге бөледі Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ЮНФПА-ның Қазақстандағы төрағасы Пабло Педромен кездесті. Кездесу барысында  тараптар ЮНФПА-ның әйелдердің денсаулығын нығайту және ана мен перинаталдық өлім-жітімді төмендету, сондай-ақ моральдық және жыныстық тәрбие мен жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы келісімшартқа қол қойды. БҰҰ-ның халық ...

Жалғасы »

Ұлттық бірыңғай тестілеу — ортақ сын

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық жайы талқыланды. Биылғы түлектер тестілеуді жаңа үлгіде тапсыратын болады. Атап айтқанда, ол орта мектепті бітірген соң және жоғары оқу орнына түсер алдында деп екі кезеңге бөлінеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова мәлімдегендей, облыс әкімінің  тапсырмасымен оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында ҰБТ-ның жаңа үлгісі туралы кең ауқымды ...

Жалғасы »

Ырыс, береке, ынтымақ

Алға Қазақстан халқы бірлігі күнін Алға жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Мереке күні аудан орталығындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Ұлы достық отауы — Қазақстан» атты шара ұйымдастырылды. Жиналған қауымды алдымен аудан әкімі Мавр Абдуллин құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Бұдан соң сахнаға түрлі ұлттардың киімін киген жас өнерпаздар бірінен соң бірі шығып, ән-биден мерекелік шашу шашты. Алға индустриалды-техникалық колледжінің, ...

Жалғасы »

Кемшілікті түзету мерзімі — бір апта

Рейд Атқарушы билік тазалыққа селқос қарайтындармен күресті мықтап қолға алды. Бекітілген аумақты күл-қоқыстан арылтпай, тәртіп бұзғандармен енді арнайы құрылған мобильдік топтар айналысып жатыр. Ақтөбе қаласында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша апта сайын өтетін дәстүрлі сенбіліктің өз бастауын алып, тиісті жұмыстардың жасалып жатқаны белгілі. Талапқа сәйкес, жеке кәсіпкерлік нысанының иесін есептемегенде, әр тұрғын өзінің тұратын үйінің ауласын, жалпы демалатын жерін ...

Жалғасы »

Димаш ЭКСПО аясында 2 концерт береді

Димаш Құдайберген Елордада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында екі күн концерт береді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. «Ауқымды концерттік бағдарламалардың ішінде Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионында өтетін концерті бар. «Астана Аренаға» 22 мың адам сыяды. Қазіргі уақытта, айналдырған 6 күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті. Сондықтан қазіргі ...

Жалғасы »