Daily Archives: 1 мамыр 2017

Мерекелеріңізбен!

Қымбатты ақтөбеліктер! Сіздерді Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты Қазақстан үшін еліміздегі халықтардың достығы мен келісімін бейнелейді, болашаққа ұмтылыс пен жаңғыру күні жасампаздығын білдіреді. Біздің еліміз Ұлы дала жеріндегі  халықтардың бірлігі мен татулығының нақты мысалы, ал біздің тұтастығымыз өзіміздің экономикалық және әлеуметтік мәселелерімізді табысты шешуге мүмкіндік береді. Мұның айқын бір дәлелі «Ұлт ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарында мерекелік шеру өтеді

Оған 5 мыңға жуық ақтөбелік қатысады Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған 18 этномәдени бірлестік  жемісті еңбек етіп жатыр. Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы ақтөбеліктер үшін табысты өтті: Ассамблея төрағасының түрлі этномәдени бірлестіктердің атынан тағайындалған екі орынбасарының бірі — Ақтөбе облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк болды. «Бұл — біз үшін ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы аумағында 1 миллион түптен астам ағаш егіледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар мекемелерді аралап, олардың жай-күйімен танысты және облыс орталығындағы көгалдандыру жұмыстарының барысын пысықтады. Ақтөбе қаласында көшелерді көгалдандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, 2000 га аумақты қамтитын жерге гүлзарлар отырғызылады. Сондай-ақ, Сазды ауылы мен әуежай алаңы шектесетін 1000 га  аумақта жасыл белдеу алқабы пайда болады. Қаланы аралаған облыс басшысы осы жұмыстардың жүру барысын қадағалады. ...

Жалғасы »

Бақылауға алынған мәселелер

Қоғамдық қабылдау Сенбі күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдау облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев бекіткен кестеге сай өткізілді. Тұрғындарды Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Рузия Айдашева,облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының, облыстық департаменттер мен басқармалардың жауапты қызметкерлері қабылдап, көптеген сауалдар бойынша ақыл-кеңес ...

Жалғасы »

Бірегей шара аймақтарда насихатталу керек

«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету жайында «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің, сондай-ақ,  Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті. Облыс басшылары көрме нысандарын, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама мен оның шарттарымен, сондай-ақ іскерлік және мәдени-сауықтыру бағдарламасы жайында да танысты. Ахметжан Есімов кеңес қатысушыларына «ЭКСПО-2017» Елбасының жобасы екендігін еске сала отырып, жергілікті ...

Жалғасы »

Қысқа уақытта жедел қимыл қажет

Көктемгі егіс Ақтөбе аймағында биыл қыс созылып, көктем көп кешігіп жетті. Бұған дейінгі жылдарда сәуір айында көп шаруашылықтарда көктемгі егіс науқаны бірыңғайланып қалатын еді. Биыл олай болмады. Міне, мамыр айы табалдырық аттағалы тұр, бізде қырға техникасын шығармаған шаруашылықтар бар. Тіпті бірсыпыра серіктестіктер мен шаруа қожалықтары әлі күнге күбінумен отыр. Бұлай бөгелуге науқанның қалған аз күні мұрса бермейді. Ылғал жабу, егіс ...

Жалғасы »

Қала басшысы шеберлік сағатын өткізді

Ақтөбе қаласындағы басқарушы компания басшылары мен қызметкерлер үшін абаттандыру мәселесі бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласының тазалығы көңіл көншітпейді. Үш айлық тазалық маусымы жарияланғанмен, қала аумағы әлі тазартуды қажет етеді. Ұйымдастырылып жатқан сенбіліктердің нәтижесі аз. Жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов шаһардың ескі бөлігінде қаланы абаттандыруға арналған шеберлік сағатында осыны айтты. Шара барысында қала әкімі Ақтөбенің ескі бөлігінде 28 ...

Жалғасы »

Аудан жастарды шақырады

Жүздесу Жұма күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жастар сарайында «Байтақ Байғаниннен құтты мекен Ақтөбеге» атты Байғанин жастарының күні өтті. Шараға аудандық әкімдік пен аудандық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды. Мақсат — облыс орталығындағы оқу орындарында білім алып жатқан байғаниндік жастардың туған жерге оралуы үшін жұмысқа шақыру.   Шараға жиналғандар алдымен аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған көрмені тамашалады. Көрмеде ...

Жалғасы »

354 бос жұмыс орны ұсынылды

Жұма күні Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 54 мекеме білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, көгалдандыру және абаттандыру, сауда-саттық, сондай-ақ қызмет көрсету салалары бойынша 354 бос жұмыс орнын ұсынды. Сондай-ақ қала тұрғындары арасында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе ...

Жалғасы »

Мұғалжар театры үздік атанды

Фестиваль Т.Ахтанов атындағы драма театрда Ақтөбе облысының 85 жылдығына,  Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толуына және ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орайластырылған дәстүрлі  «Театр — өнердің ұлы көші» атты  облыстық халық театрлары фестивалі  өтті. Фестивальге облысымыздың 9 ауданынан театрлар қатысты. Фестиваль қатысушыларының назарына алдымен  Ресейдің Орынбор облысында өткен «На Николаевской-2017» атты студенттер шығармашылығының XXVIII Еуразиялық фестивалінен  І орынды иеленіп қайтқан ...

Жалғасы »