Daily Archives: 20 сәуір 2017

Еске алу күні: №40 бағытта көлік жүреді

2017 жылдың 21-25 сәуір аралығында Еске алу күніне байланысты Орталық базар-қалалық қорым бағытында жолаушылар тасымалын №40 бағыттағы қалалық қоғамдық көлік қамтамасыз етеді. Бағыттың қозғалыс кестесі: Орталық базардан шығу уақыты: 9.00-17.00 аралығында әр сағат сайын. 25 сәуірде автобустар саны ұлғаяды және қозғалыс аралығы жиілейтін болады. Бағыт қозғалысы: Орталық базар аялдамасы (Т.Ахтанов көшесі) – Пушкин атындағы саябақ аялдамасы (Шернияз көшесі) – Жамбыл ...

Жалғасы »

Қобдада мал басы көбеюі тиіс

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев осындай міндет қойды Аудандарға кезекті сапары барысында Қобда өңірін аралаған облыс басшысы негізінен алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарға назар аударды, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, сондай-ақ алдағы жылдан енгізілетін міндетті медициналық сақтандырумен халықтың түгел қамтылуына көңіл бөлді.  Әкімнің тәуекелі Биылғы сәуірдің орта тұсында Қобда өзені де мінез танытты. Жарық ауылына кіреберістегі көлік жолындағы көпірді су ...

Жалғасы »

Облыс әкімі су басқан аудандарға барып, тұрғындармен тілдесті

Сәрсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қурайлы елді мекені мен Сүт зауыты ауданындағы «Сосна» бау-бақша ұжымының жағдайымен танысып, Сазды өзенінің жағасын қарап шықты. Алдымен Бердібек Сапарбаев Қурайлы ауылындағы су басқан үйлерді аралады. Тұрғындармен сөйлесіп, осы аумаққа бекітілген мамандарға тиянақты жұмыс жасауды тапсырды. Қазіргі күні су басқан үйлерді қалыпқа келтіру, кеткен шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Аталған ...

Жалғасы »

Зияткер имам — заман талабы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесуі еліміздегі ислам дінінің дамуына тың серпін беру, ел бірлігін сақтау жолындағы мәселелер кеңінен талқыланған маңызды басқосу болды. Кездесуде дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл, жастар тәрбиесіндегі имамдар ролі, имамдар біліктілігін арттыру мәселелері төңірегіндегі ой-пікірлер ортаға салынды. Елбасы имамдардың өз дінін терең танып қана қоймай, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа ...

Жалғасы »

Жаңа міндеттерді айқындап берді

Еліміздің тыныштығы мен беріктігін нығайту, рухани жасампаздыққа қол жеткізу үшін дәстүрлі ислам кеңінен насихатталуы қажет. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» — деген пікірін Қазақстан ...

Жалғасы »

Әр жүректе ұлтжандылық болса…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың имамдармен өткізген кездесуіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен қатар, еліміздің әр аймағынан келген имамдар, соның ішінде біздің облыстың имамы Төлеби Оспан да қатысты.  Біздің халқымыз  — зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырған, өркениетті әлемге қадам басқан халық. Сонымен қатар, тереңдегі тамырымызға — көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге де әрдайым құрметпен қарап келеміз. Ата-бабаларымыз ұстанған салт-дәстүрлердің ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарды

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиында алдымен қала әкімі Ілияс Испанов су тасқынына байланысты атқарылған шаруаларға тоқталды. — Тасқын кезінде қала халқы бір ауыздан жұмыла іске кірісті. Қала әкімінің орынбасарлары мен мәслихат хатшысы бастаған азаматтар тасқын болған аймақта жүрді. Тұрғындарға көмектесу үшін қор құрылды. Осыдан екі-үш ай бұрын құрылған «Қолғанат-Ақтөбе» қоры сенімді қор ретінде жұмысын ...

Жалғасы »

Облыс әкімдігі қызметкерлері көмек қорына бір күндік еңбекақыларын аударды

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты да қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды. Еске сала кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созған жандардың барлығына алғыс айтқан болатын. — Су басқан учаскелер мен бекеттерді аралау кезінде мен ақтөбеліктердің көмекке зәру адамдарға бейжай қарамай, қолдау көрсетіп жатқандарын көрдім. Әсіресе ...

Жалғасы »

Депутаттар зардап шеккендер үшін қорға 100 мың теңгеден аударып жатыр

Қазір Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жұмыстар күшейтілуде. Бүгінгі күні қалада зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын қадағалайтын тұрақты комиссия құрылып, іске кірісті. Баспанасы су астында қалған тұрғындар үшін «Қолғанат Ақтөбе» қоры құрылып, қазір осы қор мен қор жанындағы «Qiwi кошелекке» 5 014 764 теңге, 1 490 рубль түскен. Азаматтар қолма-қол 17 мың теңге тапсырған. Ақтөбе ...

Жалғасы »

Енді қауіп жоқ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, қазір Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе су қоймасы 97 пайызға толып тұр. Бүгінгі күні бұл су қоймадан су жіберіліп жатқан жоқ. Қарғалы су қоймасының да жағдайы осындай. Мұндағы судың көлемі  — 97 пайыз. Қазір Қарғалы су қоймасынан да төменге су жіберіліп жатқан жоқ. Сазды су қоймасына 7,5 миллион текше метр су жиналады. Су қоймасына  ...

Жалғасы »