Daily Archives: 18 сәуір 2017

Айя тұрақты тұтынушылар тапты

Көрме «Керуен» сауда, ойын-сауық кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалауға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Көрмеге түрлі тақырыптағы суреттер, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, былғарыдан жасалған заттар, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» тақырыбындағы жұмыстар ұсынылды. Шараға қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі, №7 арнайы түзету мектебі, «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты — әр жастағы ...

Жалғасы »

Жағдай біршама тұрақталды

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев су тасқыны ахуалымен танысқаннан кейін осындай түйін жасады. Бұл жиынға ҚР Президенті Әкімішілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты. — Жалпы су тасқыны облыс аумағында сәуір айының он төртінде басталды. Ал 16 сәуірде Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланып, тиісті қызмет салалары жедел қызметке кірісті, арнайы комиссия ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: «Зардап шеккендердің бірде-біреуі көмексіз қалмайды»

Өңірде болып жатқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді демалысын үзген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеше Ақтөбе қаласының Махамбет, Кірпішті ауылдары мен бау-бақша ұжымдарының  ағымдағы жағдайымен танысып, Елек, Сазды өзендерінің сағасын қарап шықты.  Көрсетілетін көмектің барлығы заң аясында жүргізіледі Бердібек Машбекұлы әуелі Ақтөбе қаласының Махамбет ауылына барды. Ондағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды тыңдап, үйлерін аралап шықты. — Қазір осы жағдайға байланысты Ақтөбе ...

Жалғасы »

8 мектепке 661 адам орналастырылды

Су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған 661 адам Ақтөбе қаласындағы 8 мектепке орналастырылды. Олардың 263-і — бала. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Марал Мыржықбаева айтты. — Бүгін, яғни, 18 сәуір түскі сағат 14.00-дегі мәлімет бойынша, үйсіз қалғандар қаладағы 8 мектепке эвакуацияланды. Бұл мектептер: №10, №15, №26, №31, №40, №45, №61 және Қарғалы қазақ орта мектебі. Үйлері суға кеткендердің көпшілігі ...

Жалғасы »

Облыстық газеттердің журналистері екі отбасыға көмек көрсетті

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшылығы Ақтөбе қаласының Махамбет ауылының тұрғындары — Күлпара Бірімжанова,  Бүркітбай Ержановтардың үйлеріне барып, жағдайларын көрді. Олардың тұрғын-жайлары су жайылуы кезінде жарақсыздыққа ұшырап, қабырғаларына дейін ылғал басып кеткен. Алпыс үш жастағы Күлпара Пірімжарова  үш немересімен қазір Ақтөбедегі №40 мектепте қонып жүр, үйіне күндіз ғана келіп кетеді. Баласы Әділ әзірге жұмыссыз. Ақтөбедегі «Таза қала» мекемесінде көше тазалаушы болып жұмыс  істейтін ...

Жалғасы »

Арнайы комиссия және 7 мобильді топ құрылды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов суға кеткен аумақтарды тексеру және келтірілген шығынды анықтау жөнінде комиссия және 7 мобильді топ құрды. Қала әкімі суға кеткен бау-бақша аумақтарын тексеру үшін комиссия құрды. Оған қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров төрағалық етеді. Аталған комиссия келтірілген шығынды анықтау және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ су тасқыны салдарынан келген шығындарды анықтайтын 7 мобильді ...

Жалғасы »

«Нұр Ғасыр» мешітінде қайырымдылық акциясы жүріп жатыр

Апат айтып келмейді. Ақтөбедегі су тасқынынан жүздеген отбасылар зардап шекті. Көпшілігі — қалаға үй бағасы шарықтап кеткен жылдарда көшіп келіп, шеткері аудандарда, саяжайларда күн кешіп жатқан момын жұрт. Бір жақсысы, су тасқынынан зардап шеккен ағайынға көмек көрсетуге қалың көпшілік жұмылып отыр. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бастамасымен Ақтөбе қаласына қарасты барлық мешіттерде «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. «Нұр Ғасыр» мешітінің ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1278 пәтерлі үй салынып жатыр

Брифинг «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» енді салымшылардан депозит ашқандары үшін комиссиялық алым алынбайды. Қазір аталған банк өз салымшылары үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты 6 үй салып жатыр. 1278 пәтерлі үй қазан айында ел игілігі үшін пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан ...

Жалғасы »

Биыл тары кластері құрылады

Брифинг «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ойыл ауданы әкімі Бұлбұл  Күзембаева баспасөз мәслихатын өткізіп, ауданның өткен жылғы әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар, үстіміздегі жылы жүзеге асырылатын жобалар туралы әңгімеледі. Елбасының сарабдал саясаты, облыс әкімінің қолдауы арқасында ауданда аталған кезеңде көп жұмыстар жасалғанын айрықша атап көрсете келіп, Бұлбұл Бисембайқызы брифингте оған нақты деректер келтірді. Аудан өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция ...

Жалғасы »

264 лауазымдық және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Брифинг Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев еңбек жанжалдарын реттеу бойынша қабылданған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қатысты атқарылған жұмыстар жайында баспасөз мәслихатын өткізді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен жиын барысында өткен жылы және биылғы I тоқсанда еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 928 тексеріс жұмыстарының жүргізгені, оның нәтижесі бойынша 1635 түрлі құқықбұзушылық анықталғаны ...

Жалғасы »