Daily Archives: 16 сәуір 2017

«Барлық тиісті шараларды қабылдап жатырмыз…»

Брифинг Сенбі күні «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықовтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте департамент басшысы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймалары мен Елек, Жіңішке, Бұтақ өзендерінің деңгейі көтерілгенін, соған сәйкес бүгінгі күні тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарқынды жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Ақтөбе су қоймасы жобаға сәйкес 245 млн м3, яғни ...

Жалғасы »

Қала маңындағы ауылдар су құрсауында қалды

Ақтөбе қаласының іргесіндегі елді мекендерді су басты. Бірнеше ауылдың жағдайын өткен сенбі күні газет тілшісі өз көзімен көріп келді. Халық арасында «Кривое озеро» аталып кеткен саяжай аумағының тұрғындары үйлеріне жете алмай отыр. Себеп — ақтөбеліктер, әсіресе, жас отбасылар көптеп шоғырланған мекенді су басқан. Соның салдарынан мұндағылар жалғыз соқпақ жолдан өздігінен өте алмайды, лас су тізеден келеді — олардың жеңіл көліктері ...

Жалғасы »

№40 мектепке 157 адам эвакуацияланды

Ақтөбе қаласындағы №40 мектепке түскі сағат 15.45-ке дейінгі мәлімет бойынша, жалпы саны 157 адам эвакуацияланды. Олардың 59-ы — балалар. Эвакуацияланғандардың басым бөлігі — Махамбетов тұрғын үй массивінің тұрғындары.   Ақтөбе қаласындағы №32 эвакуациялық жинау пункті №40 мектептің базасында орналасқан. — Біздің пунктке кеше, яғни, сәуірдің 15-і күні күндізгі сағат 12.00-ден бастап Махамбетов ауылының тұрғындары келе бастады. Оларды мектептің спорт залы, ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жергілікті масштабтағы табиғи сипатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Мұндай шешім Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы кезінде қабылданды. Отырыста тасқынға қарсы іс-шаралар жан-жақты талқыланды.  Кешегі күннің  мәліметіне сәйкес, Ақтөбе қаласында 283 саяжай аумағында салынған үйді су басты. Оның бесеуі — қираған. 734 адам қауіпсіз жерге көшірілді. — Қазір облыстағыдай Ақтөбе қаласында да көктемгі су тасқынына қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр. Көктемгі ...

Жалғасы »

Дәстүрлі мереке

Өткен сенбіден жексенбіге қараған түнде Әулие Никольск соборында православие христиандарының дәстүрлі Пасха мерекесі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Құттықтау сөзінде Асқар Биахметов Қазақстанда тұрып жатқан азаматтар үшін ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңызын баса айтты. — Сіздерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, бақыт, денсаулық, бейбіт ...

Жалғасы »

Қобда өз перзенттерін жинады

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан.   Туған жерге тағзым «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ҚОБДА ЖЕРЛЕСТЕРІН ШАҚЫРАДЫ» АТТЫ ФОРУМ КӨПТЕГЕН ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ, ЖАҚСЫ ОЙЛАРДЫҢ, ИГІЛІКТІ ІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ, ДЕМ БЕРУШІСІ ІСПЕТТІ БОЛДЫ. БІР КЕЗДЕРІ ОСЫ ӨҢІРДЕН ТҮЛЕП ҰШҚАН, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру — барлық жетістіктердің өзегі

Ақтөбе қалалық әкімдігінде қала активінің отырысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. Жиын қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өтті. Қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Мінбеге алдымен білім саласының ардагері, ҚР білім беру ісінің үздігі ...

Жалғасы »

Феномен

Сенбі күні Хунань телеарнасының «Мен әншімін» байқауы мәреге жетті. Жерлесіміз Димаш Құдайберген екінші орынды иеленді. Бірінші орын —  гонконгтық Лин Илианда (Sandy Lam). Жерлесіміз  финалда қытайлық әнші Шан Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Ол бұл жолы да ерекшелене білді. Драмаға толы қойылым барысында оның барабанда ойнаған  өнеріне халық ...

Жалғасы »

Инвестициялық жобалардың қарқыны қалай?

Мәслихат Жұма күні депутат Аркадий Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Алдымен облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың баяндамасы тыңдалды. Облыстың Индустрияландыру картасына жалпы құны 810 млрд теңгеге ...

Жалғасы »

Полиция қызметкерлеріне талап күшейе түседі

Құқық тәртібі Енді бір де полиция қызметінің жол-патруль автомобилі бейнетіркеуден өтпей жолға шыға алмайды, сондай-ақ кезекшіліктен тыс полиция қызметкерлері жаяу күзет қызметіне қосылады, ал әртүрлі тәртіп бұзушылықтарға жол берген жергілікті полиция басшылары қызметінен босатылады. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевтің қатысуымен өткен кеңесте облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығы Қанат Әлиев осылай деп мәлімдеді. Жиын барысында жергілікті полиция қызметі ...

Жалғасы »