Daily Archives: 13 сәуір 2017

Елбасы мақаласы — рухани жаңғыру тетігі

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының күмбезді залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған отырыс өтті. Жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Бексары, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. Жиынды облыс әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Бексары жүргізіп отырды. — Елбасының «Болашаққа ...

Жалғасы »

Мемлекеттік тіл және латын әріптері

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңару» мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды бәрін де латын әліпбиімен басып шығаруға тиіспіз. Елбасы мақаласында осы мәселе де қамтылған. Бұл ретте Елбасы Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Бұл — елімізді төрткүл дүниеге ...

Жалғасы »

Жаңғырған заман — жаңарған мәдениет

Елбасымыз еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқаны жөнінде сыр шертетін мақаласын ұсынды. Бұл мақаланың ерекшелігі — өрлеудің маңызды екі процесін, яғни саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды ұсынған. Осындай тегеурінмен біз белгілі мақсатымызға жетеміз, яғни 30 елдің қатарына қосыла аламыз. Алайда Елбасының  осы жаңғыру процестеріне біз қалай, қандай жолдармен жете аламыз деген сауалы әрбір адамзатты ойландыратын жайт. Ол үшін әрбір Қазақ ...

Жалғасы »

Дер кезінде қабылданған құжат

«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан халқы, оның ішінде зиялы қауым өкілдері көптен күтіп жүрген аса маңызды мәселелер өзінің шешімін тапқан. Баршамызға аян, мемлекетімізде бірінші кезекте экономикалық және саяси модернизация мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің оны белгілі бір деңгейде шештік деуге толық құқымыз бар. Кезінде Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазіргі кезеңде ...

Жалғасы »

Ұлттық жаңғырудың жарғысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың жұртшылық арасында қызу талқылануда. Әсіресе, Президенттің латын қарпіне көшу туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды. Мақалада айтылған ой-пікірлер мен нақты тапсырмалар еліміздің саяси-идеологиялық, мәдени-рухани саласының жақын болашақтағы темірқазығы болары анық. Бұл, қысқаша айтқанда, ұлттық-рухани жаңғыру. ХХІ ғасыр — әлемдік аренада саны мен сапасы мығым ұлттар мен ұлыстардың одан ...

Жалғасы »

Ұлттық идеология деген осы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шықтым. Елінің болашағына бас қатыратын әрбір көзі ашық, көкірегі ояу адамды толғандырып жүрген мәселелер қозғалыпты. Зиялы қауымның аузында  ылғи: «Ұлттық идеология керек» деген сөз жүреді. Осы мақала соған жан-жақты жауап бергендей екен. Өзім өлкетанушы болғандықтан, «Туған жер» бағдарламасына тоқталғым келеді. Туған жердің тарихын орта мектепте оқыту арқылы жас ұрпақтың ...

Жалғасы »

Тіл үйрену — заман талабы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын түгел оқып шықтым. Мақала қазіргі уақыт талабы турасында жазылған. Нұрсұлтан Әбішұлы бұған дейін еліміздің экономикалық, технологиялық және саяси жаңғыруы турасында айтып келсе, бұл жолы рухани жаңғыруды атаған. Президентіміз бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетеді. Соның алтыншы бағыты —   сананың ашықтығы. «Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлер құқығын штаб қорғайды

Кәсіпкерлер құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ, кәсіпкерлер мен бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.   Алқа мәжілісінің күн тәртібінде бір ғана мәселе — кәсіпкерлер құқығын қорғау жайы сөз болды. Бүгінде бизнестегілердің құқығын қорғау үшін ...

Жалғасы »

«Құрдастардың» қалжыңы жарасты

Мерей Т.Ахтанов атындағы драма театрда режиссер Елтай Кемал қазақтың белгілі сықақшысы Төрежан Мәндібайдың 80 жылдық мерейтойына орай жазушының «Құрдастар» пьесасын сахнаға шығарды. Спектакль премьерасының алдында  жазушыны марапаттау рәсімі жасалды. Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаевтың атынан облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев Төрежан Мәндібайды мерейтойымен құттықтап, Алғысхат тапсырды. Қазақтың ата салтымен ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе бөлімшесінің төрағасы, облыстық ...

Жалғасы »

Ақтөбеде азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін 28 мобильді топ құрылды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және «Е-Халық» ақпараттық жүйелерінің қалада жүзеге асырылу барысы туралы жиын Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, селолық округ әкімдері қатысты.   2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Яғни, тұрғындарға медициналық қызмет екі пакет арқылы көрсетіледі. ...

Жалғасы »