Daily Archives: 11 сәуір 2017

Облыста газ бағасы 16 пайызға арзандады

Дүйсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Әбілқайыр хан даңғылындағы «Компас» жанар-жағармай бекетіне барып, бекетте газ тапшылығына байланысты кедергінің жоқтығына көз жеткізді.  Осыдан екі апта бұрын облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтөбеде жанармай бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығын жоюға байланысты жедел штаб құрылған. Штабты басқару облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновке жүктелген. Облыс әкімінің орынбасары штабтың бүгінгі күні газ құю бекеттерінің жұмысын үнемі бақылап ...

Жалғасы »

Көктемгі су тасқыны: бәрі бақылауда

Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, басқа да құзырлы орган өкілдері Богослов тас жолы бойындағы арыққа барып, ондағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайын тексерді. 17 наурыздан бері Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқынына қарсы арнаулы штаб жұмыс жасап жатыр. Апаттың алдын алуды көздейтін топ бұл жолы атқарушы билік өкілдерімен қаланың сыртында орналасқан аумаққа барып, ондағы ...

Жалғасы »

13 суағар жүйесі салынады, 75 мың текше метр су сорылды

Биыл су деңгейі көтерілу қаупі бар шағын аудандарда 13 суағар жүйесі салынады. Арықтардың жұмыс жобаларын әзірлеу мақсатында бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Көктемгі су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы — 450 млн теңге. Жалпы су тасқынын алдын алу мақсатында қала аумағынан 680 мың текше метрден астам қар шығарылды. Сондай-ақ, 75 мың текше метр су сорылды.   Бұл ...

Жалғасы »

Топ мүшелері 600 адамға ақпараттық кеңес берді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші бағыты — «Бизнес ортаны дамыту» бойынша жұмыс тобы мүшелері Ақтөбе қаласының Сазды селолық округі тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрамында облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармалары мен салық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мекемелерінің мамандары, қаржы институттарының өкілдері бар жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы өз жұмысын 6 сәуірден бастады. Бұған дейін топ мүшелері қалаға қарасты Қурайлы, Новый, Благодарный, Қарғалы ...

Жалғасы »

Ашық есік күндеріне шақырады

 Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көш-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті кедергісіз ортаны қалыптастыру мен мүгедектік мәселелеріне қатысты сауалдарға байланысты Ашық есік күндерін өткізуді белгілеп отыр. Ол 2017 жылдың 16 мамырында, 18 шілдесінде, 19 қыркүйегі мен 16 қарашасында өтеді. Бұл шара халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына әлеуметтік жағдайды жақсарта түсуді көздейді. Олар көліктік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп-шығатын болу керек. Ашық есік ...

Жалғасы »

Жаңа жоба, тиімді қызмет

Өткен аптада Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымымен бірлесіп, «Төзімі темір, жігері жалын жандар бар» тақырыбында жігерлік сабағын ұйымдастырды. Шараға №11, №15, №22  мектептің жоғары сынып оқушылары, Қазақ-орыс халықаралық университеті және «Болашақ» көпсалалы колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Шарада кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін өткізіп, оған Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?», Б.Полевойдың «Нағыз адам ...

Жалғасы »

Екі бағыт бойынша 42 шара ұйымдастырылды

 «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Ауқымды түсіндіру жұмыстары» және «Дінге қатысты сұрақтар» бағыттарын іске асыру аясында 3-5 сәуір күндері облыс орталығында 42 іс-шара өткізіліп, 2101 адам қамтылды. Оның ішінде 118 адаммен жеке жұмыстар жүргізілді. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында, студенттік жатақханаларда, мекемелерде кездесулер ұйымдастырылып, діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері, дін атын жамылған жат ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ...

Жалғасы »

Егіндібұлаққа су жүйесі тартылып жатыр

Қазір Мұғалжар ауданында 450 адам, яғни 192 отбасы теріс ағымның жетегінде жүр. Теріс ағымдағыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданда жастар арасындағы мәселелер және қоғаммен байланыс орталығы ашылыпты. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында  өткен брифингте Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов мәлімдеді. Брифингте аудан әкімі Е.Данағұлов  Мұғалжар ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға қойылған міндеттер турасында баяндады. Былтыр ...

Жалғасы »

Халық дружиналары рейдтерге шығады

Қоғамдық тәртіп Өткен аптада Алға ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстволық комиссияның отырысы өткізіліп, оған облыс әкімінің  орынбасары  М.Жұмағазиев, облыс прокуроры Н.Әбдіров, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы М.Абисатовтар қатысты. Басқосуды аудан әкімі Мавр Абдуллин сөз сөйлеп ашты.  Облыстық ішкі істер департаментінің  бастығы, полиция полковнигі М.Абисатов облыстағы оперативтік жағдаймен таныстырып өтті, одан соң көпшілік тарапынан өзіне қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды. Алғада ...

Жалғасы »

«Өрлеу» көмек берді

Қарғалы ауданында өткен жылдан бері «Өрлеу» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.  Былтыр аталған бағдарлама арқылы аз қамтылған отбасыларға ақшалай көмек көрсетіліп, еңбекке қабілеттілері жұмыспен қамтылды. Аталған бағдарламаға өткен жылы аудан бойынша төрт отбасы қатысқан. Атап айтсақ,  Қосестек ауылдық округінен екі отбасы, Ащылысай ауылдық округінен бір отбасы, Бадамша ауылдық округінен бір отбасы. Бадамшалық Алтынай Әубәкірова осы бағдарлама арқылы алған 105,5 мың теңге ...

Жалғасы »