Daily Archives: 9 сәуір 2017

Саясаткер әйелдер бас қосты

Сәуірдің 7-сі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының күмбезді залында облыстық саясаткер әйелдер клубының отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Сәрсембаева қатысты. Сонымен қатар басқосуға мемлекеттік мекеме басшылары, қауымдастықтың мүшелері, кәсіпкер әйелдер жиналды. Жиында алдымен сөз алған өңір басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы әңгімеледі. — «Әйел бір қолымен бесік ...

Жалғасы »

Меморандум және дәрі бағасы

Рейд Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың төрағалығымен аймақта дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыруға қатысты жиын өтті. Шараға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен медицина мамандары қатысты. Ақпан айының ортасында облыс әкімдігі, облыстық фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы мен қауымдастық құрамына кірмейтін субъектілер, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті арасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында 106 ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: қоғамдық көліктер түнгі сағат 12-ге дейін жүруі керек

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов осы жылдың 1-тоқсанындағы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған басқармалардың, құқық қорғау органдары мен кәсіпорындардың басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, журналистер қатысты. Шаһар басшысы қаланың экономикасы мен әлеуметтік саласында жыл басталғалы оң нәтижелердің байқалатынын, бірақ кейбір көрсеткіштер бойынша ауытқулар барын жасырған жоқ. Сол себепті өздерінің тарапынан экономиканы тұрақтандыруға ...

Жалғасы »

8 округ пен 9 кооператив өнімдерін ұсынды

Жәрмеңке Өткен сенбіде «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Қарғалы ауданының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. «Нұр Ақтөбеде» алғаш рет ұйымдастырылып тұрған жәрмеңкеге жылқы, сиыр мен қой, құс еттері, жұмыртқа, сүт және көкөніс өнімдері шығарылды. Базар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сатылған өнімдерді жұртшылық кезекке тұрып таласып алды. Әсіресе жұмыртқа мен сүт өнімдерін халық әп-сәтте алып кетті. ...

Жалғасы »

Жаңбыр жауады

Ертең,  10 сәуірде Ақтөбеде ауа температурасы күндіз — +7, түнде — +4. Облыстың кей жерлерінде аздап жаңбыр жауады. Ал 11 сәуірде ауа райы көрсеткіші күндіз — +7, түнде — +2 градус. Күндіз және кешкілік уақытта облыс бойынша аздаған жауын-шашын жалғасады, күн бұлтты болады. gismeteo.kz  

Жалғасы »

Қажығали Мұханбетқалиұлы — ПЕН-клуб сыйлығының иегері

5 сәуірде Қазақ ПЕН-клубының 2016 жылдың қорытындыларына арналған конференциясы өтті. Халықаралық ПЕН-клуб — әлемдегі ең байырғы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Қазақ ПЕН-клубы 1995 жылы осы ұйымның бір бөлімшесі ретінде құрылған еді. 5 сәуір күні Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында өткен жиында жыл сайынғы дәстүрге сай, үздік қаламгерлерге сыйлықтар тапсырылды. Өткен жыл қорытындысы бойынша, басты номинацияға белгілі жазушы, жерлесіміз Қажығали Мұханбетқалиұлы ие ...

Жалғасы »

Тағайындау

Ақтөбе облысынің әкімі Б.Сапарбаевтың өкімімен ҚР Президенті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясының қызметті жоғарылату туралы шешімі негізінде Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Олжас Мұхтарұлы Смағұлов тағайындалды. Олжас Мұхтарұлы СМАҒҰЛОВ Алматы қаласында туған. Америка Интерконтиненталдық университетін, (АҚШ, Лос Анджелес), Помона Калифорниялық мемлекеттік политехникалық университетін, (АҚШ), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін және Лондон экономика және саяси ...

Жалғасы »

Алматылық жерлестер қолдау білдіреді

Туған жерге тағзым Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Туған жерге тағзым» акциясы жүріп жатқаны белгілі. Осы акция аясында Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов Алматы қаласындағы жерлес кәсіпкерлермен кездесіп,  ауданға қаржылай қолдау көрсетуге шақырды. Оңтүстік астанадағы  мұғалжарлықтар  күз мезгіліне жоспарланып отырған Мұғалжар ауданының 20 жылдығы мен Қандыағаш қаласының 50 жылдығына белсене атсалысатындықтарын жеткізді. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде Ербол ...

Жалғасы »

Еңбек. Ізденіс. Ептілік

Футбол «Ақтөбе» футбол клубының футболшылары кішкентай жанкүйерлерімен кездесті. Қаладағы бірнеше мектептің оқушылары қатысқан шара «Сұрақ-жауап» форматында өтті. «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының өкілдері, яғни №3, 8, 25, 40, 51, 55, т.б. мектептердің 300-ге тарта оқушысы жиналған кездесуге команданың басшылығы, футболшылар келді. Аслан Рафқат, Андрей Сидельников, Сильва Ассис де Оливейра Жуниор Витор, Диас Морейра Кассионо, Боргес Барбоса Джуниор Эванильдо сынды спортшылар ұл-қыздардың ...

Жалғасы »

Жастарға қашанда жұмыс табылады

Қоғамдық қабылдау «Жастар — Отанға» партиялық жобасы аясында «Кеңес орталығы» кеңес беру орталығында қалалық мәслихаттың депутаты Әнуар Тасымов қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл орталық шаһардың тұрғындары көп аудандарының бірі — Орталық базарында орналасқан. Қоғамдық қабылдауға бірінші болып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Әсем Әлібекова жазылыпты. Ол тарих факультетінде туризм мамандығы бойынша оқиды. — Жоғары оқу орнын бітірген соң өз ...

Жалғасы »