Daily Archives: 4 сәуір 2017

Көктемгі егіске әзірлік: әлі де олқылықтар бар

Көктемнің бір күні — жылға азық. Сондықтан да шаруа адамы үшін күн шуағы молаюымен басталатын жұмыстарды сапалы атқарудың маңызы зор. Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын негізінен көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік мәселесін қарады. — Алқаптан мол өнім алуға қатысты берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі әлі де көңіл көншітпейді. Жақсы өнім алу үшін ең алдымен тұқым сапалы болуы ...

Жалғасы »

Басты міндеттер айқындалды

Облыстық әкімдікте өткен жиында ҚР Премьер-Министрінің біздің өңірге жұмыс сапары кезінде облыс басшылығы алдына қойылған міндеттер және оларды жүзеге асыру мақсатындағы істер, алыс ауылдар тұрғындарын заманауи байланыспен қамтамасыз ету мәселесі, «Туған жерге тағзым» акциясыаясында жасалып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өтті. Жуырдағы жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев экономиканың түрлі салалары бойынша Ақтөбе өңірінің жетістіктерін атап ...

Жалғасы »

Орта жолды ұстанатын қауымбыз…

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 3 сәуір күні Ақтөбе қаласы мешіттерінде өткен кездесулерге 500-ден астам жамағат қатысқан. Кеше аталмыш жоба аясындағы кездесулер жалғасты. Солардың бірі қалалық орталық мешіт жанындағы қыз-келіншектерге арналған сауат ашу орталығында өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан, облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов, қыз-келіншектерге арналған ...

Жалғасы »

Сұйытылған газды заңсыз сатқан қылмыстық топ құрықталды

«Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Артур Хайруддинов журналистерге брифинг өткізді. Оның айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі істер департаменті және Ақтөбе стансасындағы ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірегей жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, облыс аумағында әлеуметтік газ ...

Жалғасы »

Суармалы жерлердің маңызы зор

Партиялық бақылау Ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлерді ұлғайту мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де шешуші рөл атқарады. Осы маңызды мәселе сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысында жан-жақты талқыланды.   Берекетті алқаптар Жиында облыстық мәслихаттың депутаты, партияның облыстық филиалының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша комиссиясының жетекшісі Марат ...

Жалғасы »

Биыл облыста 14 886 жер телімі беріледі

Брифинг Қазірдің өзінде 688 жер телімі берілді Былтыр облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7974 жер телімі берілді. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Өткен жылы елімізде 21 600 жер телімі бөлінсе, соның 36 пайызы біздің облысқа тиесілі. Облыста жер телімін беру мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 14 886 жер телімін беру жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ...

Жалғасы »

Сүт өнімдері көрші облыстарға шығарылады

Брифинг Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Елбасының Жолдауда берілген тапсырмаларына сәйкес ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға қойылған міндеттері туралы айтылды. Өткен жылы Мәртөк ауданында 14627 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілген. Сондай-ақ 36 жаңа құрылыс іске қосылып, 6 әлеуметтік мекенжай күрделі жөндеуден өткен. — 2016 жылы ауданда қоғамдық ахуал тұрақты ...

Жалғасы »

Ферроқорытпа зауытында қабылдау өткізді

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында қабылдау өткізіп, қызметкерлерге жеке сауалдары бойынша кеңес берді.  Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, бүгінгі күні ҚР Бас прокурорының тапсырмасына сәйкес тұрғындармен жұмыс жүргізудің жаңа моделі ұсынылып отыр. Яғни прокуратура басшылары мен қызметкерлері халықпен кездесіп, тұрғындардың құқық қорғау саласына қатысты сауалдарын тыңдап, оларға нақты көмек көрсетеді. Қабылдау кезінде зауыттың қызметкерлері облыс ...

Жалғасы »

Жастарды жат ағымнан қалай құтқарамыз?

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жастарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында жиын өтті. Шара «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»  жобасы аясында ұйымдастырылды. Облыстық дін істері басқармасының  басшысы Жолдас Қалмағанбетов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменов студенттерге жат ағымдардың зияны мен одан сақтанудың жолдарын түсіндірді. — Жастар арасында «өзге  ағымдардың жетегінде кеткендер жоқ» ...

Жалғасы »

Ақтөбелік команда — екінші орында!

Чемпионат 30 наурыз-2 сәуір аралығында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт кешенінде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты өтті. Оған еліміздің 14 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам спортшы қатысты. Мақсат — самбо күресін дамыту, оны насихаттау және әскери қызметке шақырылатын спортшыларды дайындау, самбо күресінен үздік спортшыларды анықтау. Төрт күнге созылған чемпионаттың ...

Жалғасы »