Daily Archives: 3 сәуір 2017

Тағайындау

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 2017 жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Асқар Тұрарұлы Шериязданов Байғанин ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Асқар Тұрарұлы ШЕРИЯЗДАНОВ 1968 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы №7 кәсіптік-техникалық училищесінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы болып бастады. Әр жылдарда тілдер жөніндегі ...

Жалғасы »

Жақын уақытта Димаш қатысатын бағдарламалар тізімі

“I am singer” жобасы басталғаннан бері Қытайда және көптеген шет мемлекетке танымал болып үлгерген отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың жақын күндері қатысатын бағдарламалар тізімі шықты, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Сонымен, Димаш қатысатын бағдарламалар тізімі: 1. FansFans бағдарламасының түсірілімі. Пекин, 2-сәуір. 2. Саундтректің премьерасы, сондай-ақ “The Battle of Memories” атты қытай фильмінің көрсетілімі. Пекин, 6-сәуір. 3. INMusic концерті. Чунцин, 8-сәуір. 4. Жыл сайын ...

Жалғасы »

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев тұрғындар сауалына жауап береді

Тікелей телефон 5 сәуір күні облыстық «Ақтөбе» газеті «Тікелей телефон» өткізеді. «Тікелей телефонның» қонағы — облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Қала тұрғындары сол күні сағат 15.00-16.00 аралығында 56-01-85 телефоны арқылы хабарласып, сұрақтарына жауап алуына болады. Сондай-ақ алдын ала газеттің www.aktobegazeti.kz сайты және aktobegazeti инстаграмм парақшасы арқылы да сауалдарын жолдай алады.      

Жалғасы »

Немістің 13 эшелонын жалғыз қиратқан Елеу Сағыновтың есімі неге елеусіз қалды

Атақты партизанның аты соғысқа қатысқандардың тізімінде де жоқ Мемлекет қайраткері, ғалым, майдангер-жазушы Тоқтағали Жанкелдиннің 1967 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Партизан жорықтары» атты еңбегінде, 1977 жылы Минск қаласында шыққан «Память. Борисовский район» естелік кітабында  партизан Елеу Сағыновтың есімі және оның майдан даласындағы  ерлік істері жайында кеңінен жазылған. Тарихта кеңес әскерлерінен жасақталған «Дядя Коля» партизан отрядының болғаны белгілі. Елеу Сағынов — ...

Жалғасы »

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

Бүгіннен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жанданды. Облыстық әкімдікте аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде жиын өтті.  Жұмыс топтарының басшылары өңір басшысына жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.  Жобаны жүзеге асыру уақыты 3-27 сәуірге дейін жалғасады.  Жергілікті мамандардан құрылған жұмыс топтары Ақтөбеде және облыстың Байғанин, Мұғалжар,  Алға,  Шалқар, Темір  секілді 5 ауданында жұмыс жүргізеді. Олар  жобаның 8 бағыты бойынша ...

Жалғасы »

Кооперативтер құру — ауыл болашағы

Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығын кеңінен дамытуға баса көңіл бөлініп, әсіресе бұл бағыттағы өңдеуші кәсіпорындар үлесін арттыру ерекше назарға алынды, оған мемлекеттік қолдау көрсету жайы жаңа деңгейге шықты. Ауыл шаруашылығы кооперативтері ісін жандандыру күн тәртібіне берік қойылды. Облыстық әкімшілікте өткен жиында осы мәселелер кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов өңірдегі ахуалды қысқаша баяндап, алдағы міндеттер жөнінде ой бөлісті. Жиында ...

Жалғасы »

Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Хельсинки қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды. Әлем біріншілігіне елімізден Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қатысып, екеуі де 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама алды. Алдымен жарысты Элизабет Тұрсынбаева аяқтады. Ол қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша оныншы, ал еркін бағдарламада сегізінші нәтиже көрсеткен еді. Қорытындысында, 191, 99 балл жинап, тоғызыншы орынға ие болды. Осы нәтиже арқылы Элизабет Қазақстан қыздар құрамасы үшін екі ...

Жалғасы »

Іс бастауға ынталы кәсіпкер көп

Сессия Жұма күні Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті сессиясы   өтті. Сессия жұмысына депутаттармен бірге, қала әкімі Ілияс Испанов және оның орынбасарлары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты. Жиында алдымен Ақтөбе қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселесі талқыланды. Бұл мәселеге орай «Ақтөбе облысының  мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің  өңірлік орталығы» ЖШС директоры Райса Келмұханбетова баяндама жасады. Өңірлік орталық директоры Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңы ...

Жалғасы »

Иппотерапия қашан басталады?

Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбеде орталық тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар, аутизм және Даун синдромына шалдыққан балаларды жылқының көмегімен оңалту әдісі қолға алынған болатын. Облыс аумағынан жүзге жуық бала «Тарлан» медициналық орталығынан тегін ем алды. Бұл шара биыл да жалғасын табатыны айтылған. Алайда емнің әлі басталмағанына алаңдаған ата-аналар редакцияға хабарласты. Жыл басында бір топ ата-ана облыстық жұмыспен қамтуды ...

Жалғасы »

8 жас Елордада бақ сынайды

Өткен жұма күні облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2017» чемпионатының марапаттау рәсімін өткізді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға бұл жолы 50-ден астам жас  қатысты. Мақсат — қоғамда жұмысшы мамандықтардың маңызы зор екенін өзгелерге көрсету, талантты жастарды таныстыру. Осы жылы 8 аталым бойынша өткен сайыста 54 қыз-жігіт бақ сынады. Олар — қаладағы түрлі колледждердің оқушылары және жас мамандар.  Өз ...

Жалғасы »