Басты бет » 2017 » сәуір

Monthly Archives: сәуір 2017

Көпке үлгі көпұлтты отбасы

Елімізде мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің арманы бір. Тілі басқа болса да, тілегі бір. Ол — Мәңілік елдің тұрақтылығы мен  бірлігі, тыныштығы. Осындай ортақ тілектің болуына әртүрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында ғұмыр кешуі себеп. Муравьевтер әулетінің ортақ арманы да — осы. Хромтау ауданында тұрып жатқан Муравьевтер отбасы бірнеше ұлттың өкілдерінен құралған. Үй иесі Виктор Муравьевтің ұлты ...

Жалғасы »

Достық үйі — менің екінші үйім…

Бүгінде жетпістің жетеуіне келіп, 7 немере, 8 шөбере сүйіп отырған ардақты ана, аяулы әже Людмила Коврикова облыстағы «Алеся» белорус этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары болып қызмет етеді. Сондай-ақ, ол — бірлестіктегі ақсақалдар кеңесінің төрайымы. Жүрген жерінде әңгімесін айтып, жан-жағын үйіріп жүретін Людмила Андрейқызы орталықтағы барлық іс-шараларға белсене атсалысады. Оны бірлестік мүшелері өте қатты құрметтейді. Людмила Коврикованың айтуынша, бүгінгі күні облыста 2 ...

Жалғасы »

Қазақстаннан ешқайда көшпеймін…

«Менің туыстарымның көпшілігі Башқұртстанда тұрады. Оларға қонаққа барамын. Байқайтыным: башқұрт пен қазақтың арасында айырмашылық жоқ» — дейді Самиға Хайруллина. Ол — башқұрт қызы. Қазақстанда тұрып жатқанына — 36 жыл. Ақтөбеге әскери салада істейтін жолдасының қызмет бабымен көшіп келген. Самиға Ақдәулетқызының өзі Ақтөбе педагогикалық институтында еңбек еткен, қазір — зейнеттік демалыста. — Ақтөбеге келгеннен-ақ көршілерімізбен жақсы араласып кеттік. Қазақ па, башқұрт ...

Жалғасы »

Ақтөбе — біздің туған жеріміз

Ирина Ким, жеке кәсіпкер, Ақтөбе қаласындағы «Нужные люди» агенттігінің басшысы: — Менің атам Василий мен әжем Мария — Ақтөбеге 1937 жылғы депортация кезінде Қиыр Шығыстан жер аударылған кәріс ұлтының өкілдері. Әжемнен естуімше, оқиға былай болған. Жолға жиналуға екі-ақ күн уақыт беріп, алашапқын әбігерге түсіріп, кәрістерді қай жаққа баратыны беймәлім вагондарға бейнебір зат секілді  тиеп жіберген. Пойызбен ұзақ жүрген, кейін бір ...

Жалғасы »

Бірлік — біздің тірегіміз

Биыл «Әзірбайжандар ассоциациясы» республикалық бірлестігі Ақтөбе филиалының құрылғанына 21 жыл болады. Осы уақыт ішінде филиал ұжымы Қазақстандағы ұлттар достығы мен ынтымақтастығының берік болуына өз үлесін қосып келеді. Қазіргі күні қауымдастық құрамында 60-тан аса өкіл бар. Филиал жетекшісі Шахбаз Жамаловтың айтуынша, әзірбайжан жастарының тілі мен дәстүрін үйренуіне барлық мүмкіндік жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында  компьютермен жабдықталған кабинеттер, мерекелік шаралар өткізуге арналған ...

Жалғасы »

Абайдың өлеңдерін оқитын Иван

27 жастағы Иван Притуляктың ұлты украин болса да, қазақ тілін жақсы біледі. Ол — «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшысы. — Менің арғы аталарым Ресейде қоныстанған. Ал әкем осы Қазақстанда өскен. Өзім де ес білгелі Ақтөбеде тұрып келемін. Қазақстан — менің Отаным. Бұл елді мен, әрине, жақсы көремін. Ал қазақтарға келсек, оларды бейбітшілікті сүйетін, еңбекқор, достыққа ...

Жалғасы »

Қайраты мен ақылы — жүрегінде

Осы күнге жеткенше билік тізгінін ұстап, ел ықыласына бөленген та­лай азаматпен қызметтес, сыйлас, дәмдес болдық. Солардың ішінде ұлтжандығымен, іскерлігімен, кісілігімен жаныма жақын, көзіме ыстық көрінетін қайраткерлердің бірі — Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов. Елеусін әкеден ерте айырылды. Арқа сүйер панасын ел-жұрттың ауыл іргесіндегі қорымға қалай қойғандығы есінде. Бала Елеусін анасы Бақыт және апасы Ақпатша үшеуі бір-біріне сүйенісіп қала берді. Ұлы Отан соғысынан ...

Жалғасы »

Хачкар — Армян сәулет өнері туындысы

«Урарту» армян қауымдастығы осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан халқы ассамблеясы ауқымында дүние келді. Қазіргі уақытта бұл ұйым өңірдегі басқа ұлттық бірлестіктермен тығыз араласып, өзара тәжірибе алмасып, мәдени ынтымақтастық желісін жүйелі жалғастырып келеді. Қауымдастық спорттық секциялар мен үйірмелер, халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктерді дамытатын шаралар үшін материалдық қолдау көрсетіп отырады. Қай ұлттың да өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға ұмтылатыны табиғи жағдай. ...

Жалғасы »

Шаңырақ шаттығы

Наташа Абдулхаджиеваның есімі аудан жұртшылығына жақсы таныс. Ол он жылдан бері аудандық орталық ауруханада рентгенолог болып қызмет істейді. Шешен ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққан Наташа бүгінде әулеттің сыйлы келіні, немересінің сүйікті әжесі. Наташа жолдасы Лом-Алимен ауруханада танысады. Шешен жігіт ауруханаға тексерілуге барғанда Қобдаға арнайы жолдамамен келген Ақтөбе медициналық колледжінің түлегі, жас маман Наташамен кездеседі. Көп кешікпей екі жас шаңарақ көтереді. — ...

Жалғасы »

Орталықта озық істер көп

Қарғалы ауданындағы неміс орталығының жетекшісі Светлана Короткова бұл өңірдегі қандастарының ел экономикасын дамытуға лайықты үлес қосып жатқанын мақтанышпен айтады. Сонымен бірге жергілікті неміс ұлтының өкілдері өздерінің мәдениетін, дәстүр-салттарын жаңғыртып отырады. Былтыр Ақтөбе қаласында өткізілген «Неміс күзі» мәдени-көпшілік шарасы барысында Достық үйінде үлкен концерт ұйымдастырылды. Оған бадамшалық Варвара Ивахова қатысып, өз өнерін көрсетті. Бадамшадағы орта мектепте мұражай ұйымдастыру ісіне де «Возрождение» ...

Жалғасы »