Daily Archives: 10 қаңтар 2017

Жауынгерлер құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күні мерекесіне орай, өткен жылдың 5 маусымы күнгі қақтығыс кезінде қаза болған жауынгерлер рухына арналған мемориалдық ескерткіш тақтасының ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Глеб Щегельский, Жамбыл Ахметбеков, Құралай Қаракен, ерлікпен қаза тапқан әскери азаматтардың ата-аналары ...

Жалғасы »

Владимир Божко Ассамблея мүшелерімен кездесті

Дүйсенбі күні Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ұлттық-мәдени бірлестіктер мен қоғамдық кеңес мүшелерімен  кездесті. Алдымен Владимир Божко облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге ұлттық-мәдени бірлестіктердің мұражайын аралады. Бұдан кейін мәжіліс залында ұлттық-мәдени бірлестік жетекшілері мен қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. Басқосу аясында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен ...

Жалғасы »

Парламент депутаттары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жөніндегі тәжірибесін Қазақстанның өзге аймақтарына енгізуді ұсынды

ҚР Парламенті  депутаттарының бұл ұсынысы, облысқа жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен кездесу барысында айтылды. Бұған дейін хабарланғанындай, Парламент Сенатының депутаттары Елеусін Сағындықов, Марат Тағымов,  Мәжіліс  депутаттары Владимир Божко,  Бақтықожа Ізмұхамбетов,  Абай Тасболатов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Жамбыл Ахметов және Дания Еспаевалар  облысқа келген еді. Аймаққа сапары барысында депутаттар  тұрғындармен бірнеше кездесулер өткізіп, облыстың бірқатар  кәсіпорындары мен елді мекендерінде ...

Жалғасы »

Құны 29,5 миллиард теңге тұратын 12629 жылжымайтын мүлік нысандары жария етілді

Облыс тұрғындарына сапалы және фармацевтикалық қызметтер көрсету, дәрі-дәрмектер бағасына мониторинг жүргізу мәселелері облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Медициналық және фармацевтикалық қызметтер сапасына бақылау жасау жөніндегі департаменттің басшысы Қайрат Сабырдың айтуынша, облыс аумағында дәрі-дәрмектер өткізумен 455 медициналық мекеме шұғылданады. Қазіргі уақытта маңызды проблемалардың бірі шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі болып қалуда. Бұл тұрғыдан алғанда ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттары алғалықтармен ашық әңгімелесті

Бұған дейін Мәртөк, Қобда аудандарында болған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов пен Бақтықожа Ізмұхамбетов дүйсенбіде Алға қаласына да барды. Мұнда олар №3 Алға қазақ орта мектебінде бір топ белсенді алғалық азаматтармен кездесіп, ашық әңгіме өрбітті. Әуелі Мәжіліс депутаттары құрылғанына 50 жылдан асқан мектепті аралап көріп, қазіргі жағдайымен танысты. Қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен аудан әкімі Мавр ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қабылдау өткізді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында барлығы 9 өтініш қаралды. Қабылдауға келген азаматтарды өңірдің кейбір елді мекендерін сапалы жолмен, өзен үсті көпірмен қамту, тұрғындарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту, саңыраулардың шығармашылық талпынысын кеңінен қолдау үшін арнайы ғимарат беру және т.б. мәселелер толғандырады. Өңір басшысы қабылдауға жазылған облыс тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын ...

Жалғасы »

Димаш Қытайдағы байқауда бақ сынайды

«Славян базары» байқауының жеңімпазы, жерлесіміз Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының орталық «Hunan TV» телеарнасы ұйымдастырған «Мен әншімін» («I am singer») байқауына қатысып жатыр. 2 миллиард көрермен тамашалайтын байқауға  бұрын-соңды еліміздің атынан ешкім қатысып көрмеген. Димаштың өзі, сәйкесінше, қазіргі таңда сол мемлекетте жүр. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол бұл туралы былай деп жазады: — Құрметті Қазақ елі, достарым, тілектестерім! Биыл Қытай еліндегі ...

Жалғасы »

Аудандарда бизнес-инкубатор ашылады

Брифинг  Бизнес-инкубатор — бизнесті дамыту үшін қаржылай және техникалық жәрдем іздеуге көмек көрсетеді. Биыл облыстың әр ауданында бизнес-инкубатор ашылады. Қазір бұл пилоттық жоба Хромтауда жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте мәлім болды. Брифингте облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мен «Даму» қорының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жеделбек  Мұрзағалиев өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. — ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласының басқару құрылымына өзгерістер енгізілді

Қала шаруашылығын басқарудың тиімділігін, қала әкімдігі алдында тұрған облыс орталығы мен ауылдық округтер елді мекендерінің тіршілік-тұрмысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешудің жеделділігін арттыру мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихатының шешіміне және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жаңа жылдан бастап қаланы басқару саласында өзгерістер енгізілді. Мәселен, бұрынғы «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ орнына екі дербес мемлекеттік ...

Жалғасы »

Спортшылар қалай тамақтанады?

Қысқы Универсиада-2017  FISU талаптарын ескере отырып, Универсиада-2017 ойындарына қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы анықталды. Универсиада-2017 дирекцияның мәліметіне сәйкес, Қысқы ойындарға қатысатын спортшылардың  бір күндік калория нормасы (4000-4500) анықталып, енді атлеттер үшін менюді дайындау кезінде осы норма ескерілетін болады. Спортшыларға арналған тәуліктік тамақтану нормасында ет, сүт өнімдері, астық бұйымдары секілді маңызды өнімдер қарастырылған. Сондай-ақ, атлеттердің дұрыс зат алмасуын сақтау үшін ...

Жалғасы »