Daily Archives: 8 қаңтар 2017

Бірлікке шақырған Рождество

Ақтөбедегі православ христиандары Рождество мерекесін атап өтті. Мереке күні  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Әулие-Николь кафедральді соборында ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады. Ғайса пайғамбардың туған күнін жыл сайын атап өтетін христиандар бұл мерекені ренжіскендерді татуласуға, бір-біріне кешіріммен қарауға үндейтін, бірлікке шақыратын күн ретінде қадірлейді. Олар мерекеге  40 күн бойы дайындалады. Ал дәл мереке күні шіркеуге барып, Аллаға ...

Жалғасы »

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты назарда

Халықты жұмыспен қамту, бостандыққа шыққан, соның ішінде рақымшылыққа іліккен адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ, кәсіпорындардағы жұмыссыздық және жалақы берешегіне жол бермеу мәселесі облыстық әкімдікте өткен кездесуде талқыланды. — Біз жиналысты арнайы жыл басында өткізіп отырмыз. Тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін қандай жұмыс атқаруымыз керек екенін қазір шешіп алуымыз керек.  Басты міндетіміз — қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалыптастыру,— деді Бердібек Сапарбаев облыстағы ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Облыс өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс

Жұма күні, облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өткізген жиында ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға қаралған мәселелерге қатысты мекемелердің, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары шақырылды, аудандардың әкімдері селекторлық режимде қатысып отырды. Облыс әкімі жылдың қорытындысы туралы айтқанда, облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары болғанын атап көрсетті. Өңірде егін тәуір шықты. Мал басы көбейді. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының ...

Жалғасы »

Ата-аналар өтініші орындалды

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Жергілікті билік өкілдері  алдымен «Энергия» сауда үйінің қызметімен танысты. Қаладағы танымал орталықтың қызметкерлері облыс басшысын қарсы алуға ерекше дайындалыпты. Қазақ және орыс ұлтының киімін киген қыз-жігіттер сәнді бимен қарсы алса, домбырашылар күй тартып келушілердің көңілін көтерді. Бұл күн  Рождество мерекесі болғандықтан  дүкен іші мерекеге ...

Жалғасы »

«Парыз» қорынан тағы 193 ақтөбелік отбасы көмек алды

Былтырғы қарашада облыс әкімінің бастамасымен «Парыз» қайырымдылық қоры құрылып, оған мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, кәсіподақ ұйымдары бір күндік жалақыларын ерікті түрде аударды. Құрылған қордың негізгі мақсаты – көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. 19 қарашада өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы өткізіліп, шара барысында 1000-нан астам ақтөбелік отбасыға 50 миллион теңге көмек көрсетілді. ...

Жалғасы »

Тарих тағылымы — жастарға үлгі

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының өкілдері Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов Қобда өңіріндегі сапарын Әлия ауылынан бастады. Олар осындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығында болып, мұражай қойылымдарымен танысты. Мұражай директоры Бағдаш Төпенова қонақтарға орталықтың жұмысы туралы таныстырып, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап майдандағы ерлік жолдарына дейін нақты деректер, мол мағлұматтар келтіре отырып баяндап берді. Мерген қыз ...

Жалғасы »

Жаңарған бекет. Жақсы бастама

Өткен жұма күні Астанадан келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәртөк ауданына барып, ондағы «Жайсаң» шекара бекетінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізіне кіретін «Жайсаң» бекеті — Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан. Ерекше маңызға ие аталған бекетті кеңейту мақсатында өткен жылы мемлекеттен 227 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында екі бағыт бойынша ...

Жалғасы »

Кедейлік шегінің мөлшері — 8230 теңге

«2017 жылғы 1-тоқсанға  кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №1068 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегі  ҚР Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалды. Осыған орай, Ақтөбе облысы бойынша 2016 жылдың 4-тоқсанындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы  — ...

Жалғасы »

Прокуратура органдары жүйесіне қызметке тұрғыңыз келсе…

100 нақты қадам – Ұлт жоспарына сәйкес Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет орналасушы азаматтарды  іріктеудің   үш сатылы жүйесі енгізілді. Бірінші сатысы. Мемлекеттік тілді  және Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуін тексеру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аймақтық органдарында жеке басының қасиеттерін бағалау үшін тесттен ...

Жалғасы »

Жеті адамға жаза тағайындалды

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында террористік топ құрып, Ресей аумағында жиһад жасауды жоспарлағандарға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Сот материалдарына сәйкес, С.Р.Құдайбергенов шетелдегі діни экстремизм уағыздаушыларының радикал көзқарастарын қолдай отырып, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен РФ азаматтарына қарсы қарулы жиһад жасау үшін террористік топ құрмақ болған. Осы мақсатта ол өткен ...

Жалғасы »