Daily Archives: 3 қаңтар 2017

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен, сондай-ақ жылу қазандықтарының жұмысымен танысты. Облыс әкімінің әлеуметтік нысандар мен жылу қазандықтарын аралаудағы басты мақсаты — Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес өңірде үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, екі ауысымды білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланы жылумен толық қамту, аймақтағы жол мәселесін шешу. Облыс әкімі барған алғашқы нысан — Ақтөбе қаласындағы «Нұр ...

Жалғасы »

Облыс әкімі ақтөбеліктерді жаңа жылмен құттықтады

Ауа райының қолайсыздығына, қарлы боранға қарамастан Жаңа жылды ақтөбеліктер мен қала қонақтары Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қарсы алды. Халықтың қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов келді. Облыс басшысы жиналған жұртшылықпен бірге қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелік шоу-бағдарламасын, «Қош келдің, Жаңа жылым!» театрландырылған қойылымын тамашалап, үлкен экраннан Мемлекет басшысы ...

Жалғасы »

Шөжелер төрге шықты

Ақтөбеліктер Тауық жылын ерекше көңіл күймен қарсы алды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жылым!» атты мерекелік шоу-концерт төрт сағатқа созылды. Саябақта 31 желтоқсан күні түнгі сағат 22.00-ден басталған мерекелік думанды кешті тамашалауға халық көп жиналды. Әсіресе, жастардың қарасы көп болды. Сол түнгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтағы салтанатты тамашалауға келген ақтөбеліктердің көпшілігі Жаңа жылды ...

Жалғасы »

250 түп шырша егілді

Шаһар Жаңа жылдың алғашқы күнінде Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданына шырша егілді. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктің айтуынша, қалада шырша егу жұмыстары жалғасуда. Соның бір көрінісі — Жаңа жылдың алғашқы күнінде Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова бастаған топ Ә.Молдағұлова даңғылы бойынан Батыс-2 шағын ауданына  дейінгі аралыққа 250 түп шыршаның жас көшетін екті. Шырша ...

Жалғасы »

Жүз жастағы әженің алғысы

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Жаңа жыл күні 100 жастағы Айжамал Мырзағалиеваны құттықтады. Ақтөбе қаласындағы ұзақ ғұмыр жасаған тұрғынның бірі — Айжамал Құсайынқызы Мырзағалиева 1917 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Қазір ол қаладағы ұзақ жасаған қарттардың он тоғызыншысы саналады. Кейуана Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. Ұзақ жыл сауыншы болып еңбек еткен. Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне бір кісідей үлес қосыпты. Ол ...

Жалғасы »

Алғада жаңа жылды жайраңдап қарсы алды

Алға аудандық Мәдениет үйі Жаңа жылды қарсы алуға арналған шараларды бір апта бұрын бастап кетті,  балаларға арналған екі тілде жүретін ертеңгіліктерді көпшіліктің сұранысына орай мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер мен басқа да жерлерге барып 36 рет қойды. Тауық жылын алғалықтар көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Жаңа жылға арналған ертеңгілікте Қасқыр мен Қызыл телпек, түлкі Алиса мен мысық Базилио, Мыстан мен ...

Жалғасы »

Калиновкада үш кооператив құрылады

Шаруашылықтардың кооператив болып құрылуы — бірігудің тиімді тәсілі. Осы арқылы ауылшаруашылық өнімі көлемін өсіріп қана қоймай, оның сапасын да көтеруге болады. Жақында Орал қаласында кооператив құру туралы арнайы оқыту курсынан өтіп келген Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің әкімі Юмағұл Утянов осылай дейді. Келер жылы ауылдық округте үш кооператив құрылатын болыпты. Оның алғашқысы істі бастап та кеткен.   Несие қаражатының көлемі ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлер курстан өтті

Аудандағы кәсіпкерлер «Бизнес өсу» жобасы бойынша арнайы оқыту курсынан өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының маманы, бизнес-тренер Бекжан Асаухан «Бизнес-Кеңесші» оқу курсынан өткен, қолында арнайы сертификаты бар  кәсіпкерлер үшін дәріс оқыды. Бұл жолы кәсіпкерлер «Бизнес өсу» жобасы аясында семинарға қатысты. Қазір палата өкілдері облыс тұрғындарын «Бизнес мектеп» жобасы аясында оқытуды қолға алған. Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Бернияз Ділімовтің айтуынша, Мәртөкте былтыр ...

Жалғасы »

Түркияға кімдер барады?

Футбол  Жаңа жыл қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі Ақтөбе қаласында өткізілген жаттығулардың нәтижесінде іріктелген алғашқы жергілікті футболшылардың тізімін мәлім етті. Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына төмендегі футболшылар баратын болды: Бағдат Қайыров; Асланбек Кәкімов; Антон Шурыгин; Игорь Трофимец; Әбілхан Әбдікәрімов; Игорь Бойчук; Мұхамбет Тамабай, Саят Жұмағали. Сондай-ақ бұл ақпаратта Нұрбол Жұмашев пен Евгений Дяденконың бұл бірінші жиынға негізгі команда сапында ...

Жалғасы »

30 адамға қаржылай сертификат табысталды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры есебінен аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай сертификаттар табыстады. Елбасы Жолдауы мен «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасындағы  тапсырмаларды орындауда аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қала әкімдігі мемлекет тарапынан тиесілі әлеуметтік көмектер көрсетіп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы  әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 1 млрд 35 миллион теңгеге жетті. Бұл 2015 ...

Жалғасы »