Yearly Archives: 2017

Инновация өндірісті өзгертеді

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының  «Жоғары технологияларды дамыту» және «Өндірістік даму» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар бірінші кезекте құрылыс индустриясында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Аймақта құрылыстың 65 пайызы жергілікті материалдармен  қамтамасыз етіледі. Оның ішінде кірпіш, пластикалық құбырлар, жылу оқшаулағыш материалдар, құрғақ құрылыс қоспалары, темірбетон және шыныдан жасалған бұйымдар, бояу, лак өнімдері, ...

Жалғасы »

Индустриалды аймақ — ілгерілеу кепілі

Индустрия Экономиканың бәсекеге қабілетті болуы — шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған индустриалдық-инновациялық саясаттың басты мақсаты — осы. Сондықтан бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастырып, осы бағытта кәсіпкерге жағдай жасалу керек. Ақтөбеде индустриалды аймақ құру экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды. ...

Жалғасы »

«Елу жылда ел жаңа»

1987 жылы Ақтөбе облысының құрылғанына 55 жыл толды. Осы жылдың 1 сәуірі күнгі дерекке сай, облыс халқының саны 725 мың адам болды. Естеріңізге сала кетсек, 1932 жылы облыс құрылған шақта халық саны 1 миллионнан астам болатын. Дегенмен, кейіннен Ақтөбе облысының құрамынан Қостанай облысы бөлініп шықты, сондай-ақ, кейбір аудандар Ресейдің Орынбор облысы мен Қызылорда облысына берілді, оның үстіне, халық 1932-33 жылдардағы ...

Жалғасы »

I топтағы мүгедектер: «жеке кәсібімізді жүргізуде мүмкіндігіміз шексіз!»

Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз өздерін әлеуметтің осал тобы дейтіндермен әсте келіспейді. Түрлі себептермен өмірдің көлеңкелі сәттеріне куә болып, қоларбаға таңылған олар — бір-бір кәсіптің түрін ұршықша үйіріп отырған азаматтар. Үйіргенде де әрқайсысы жеке бизнесін жүргізіп, үлкен істерді үйлестіріп жүрген іскер жандар. Ең бастысы — жеке өмірін ұмытпай, жұрт қатарлы отбасын құруға да уақыт тапқан I топтағы мүгедек жандар «шуақты күндеріміз әлі ...

Жалғасы »

Ұлтының сөзін сөйлеген…

Тағзым «Қазақ үшін ар-ұяттың орны ежелден төр еді, босағаға бір-ақ түсті. Осыларды ойлағанда, Тұрсекеңді сағынамын», — деген еді жазушы Дулат Исабеков. Иә, ұлттық әдебиеттану ғылымының тұғырлы тұлғасы, халқының адал ұлы болған азамат Тұрсынбек аға Кәкішевті бәріміз де сағындық. Биыл ғалым-ұстаздың өмірден озған жоқтаулы жылына 90 жылдық мерейтойы орайласып, қалың қазақ, жалпы жұртшылық қастерлеп атап өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ...

Жалғасы »

Үздіксіз білім алу — заман талабы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған міндеттерді орындау мақсатында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жаңа құрылымдық бөлім — «Үздіксіз білім беру институты» өз жұмысын бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында баршамызды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуғашақырды. Әлемде кең тараған ЮНЕСКО-ның «Өмір бойы білім алу» бағдарламасына, әр адамның ...

Жалғасы »

Қос жеңіс және жолдама

Тоғызқұмалақ Тараз қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында ақтөбеліктер топ жарды. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 80-ге жуық ойыншы өзара бақ сынасқан. Бұл жарыста 9 ойынның жетеуінен жоғары ұпай жинаған жерлесіміз Аманбек Өндірбаев 1-орынды иеленді. Тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабидолла Нұршиннің айтуынша, аталған жарыста 3 ойыншының ұпайлары тең түскен. Алайда Аманбек үш кезеңде ...

Жалғасы »

Ауыл күні: жәрмеңке, өнер, марапат

Кемпірсай ауылдық округі аудан орталығында өткен Ауыл күнінде ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, округтен келген өзге ұлт өкілдері өнер көрсетті. Бадамша ауылындағы «Радуга», «Идеал» дүкендерінің маңына сауда сөрелері орналастырылып, округтен келген шаруалар өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағаға ұсынды. Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Жоныс Үкібаев атындағы көшеге ауыл тұрғындары киіз үй тігіп, кітапханашылар ауыл тарихын бейнелейтін «Жүрегімде туған жер» ...

Жалғасы »

Канадалық технология көп өнім береді

Қарғалы ауданында егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың бірі — «Дилэнд» ЖШС биыл 6 мың гектарға бидай, 1300 гектарға арпа, сондай-ақ зығыр, ноқат, тағы басқа дақылдар еккен. Күздің басында серіктестік бидайдың әр гектарынан 13,6 центнер, арпаның әр гектарынан 10-11 центнер, зығырдың әр гектарынан 9 центнер, ноқаттан 10 центнер өнім алыпты. Серіктестік басшысы Қайрат Байтүліктің айтуынша, шаруашылық жоғары протеинді 1-2 класты бидай мен ...

Жалғасы »

Қарғалыда жаңа мешіт салынады

Келер жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қарғалы ауданының орталығында жаңа мешіт салынады. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Блиевтің айтуынша, жаңа мешіт аудандағы белсенді азаматтар мен кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтермек. Жобаның құрылыс құны — 79 миллион теңге. Мешіт аудандағы белгілі кәсіпкерлер «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Аманғос Төлеуов, «Интер Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Берік Оянғалиев, «Дилэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы ...

Жалғасы »