Негізгі / Archive: 22. Шілде 2010

30 бүлдіршін «бәйтерекке» барды

Кеше №40 Ақтөбе орта мектебінде 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» шағын орталығы ашылды.
Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова:
—  Бүгін «Бәйтерек» шағын орталығын ашып отырмыз. Қазір қалада 10 600 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы да 320 орындық балабақша Құрмыш ауданында, әрқайсысы 280 балаға арналған екі балабақша бұрынғы №40 орта [...]

Жаңа шағын аудандарға жарық пен газ барды

Баспасөз беттерінде әлемнің экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқаны жиі айтылады.Ал біздің күнделікті тұрмысымыздағы дамуды көріп бұған сенгің келмейді. Ақтөбе қаласына қараңыз, қандай қарқынмен өсіп келеді. Қаланың маңында мүлде тың жерден жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Мұндай құрылыстар-қалашықтар қаланың қай бағытынан алып қарасаңыз да, көптеп ұшырасады. Олар негізінен жеке тұрғын үй құрылыстарынан тұрады. Және де [...]

Саябақ салтанат құрады

11-шағын аудандағы орталық саябақтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір жұмыстың жартысы жасалып бітіпті. Енді бір айдан кейін  жұртшылық адам танымастай болып өзгерген саябақпен қайта қауышады.
Саябақтың аумағы түгелдей темір ауламен қоршалып жатыр. Кіре берістің де құрылысы тәмам. «Ән салатын» субұрқақтың да іргетасы қаланып, су  жүргізетін арналары қазылып қойған. Енді шетелден әкелінетін қондырғыны орнату ғана [...]

Соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің үйлері жекешелендіріледі!

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осындай мүмкіндік туғызып отыр.
Бұдан былай үйі апатты жағдайда тұрғандар баспанаға мұқтаж есебінде кезекке тұрып, ардагерлер мемлекет тарапынан алған  пәтерін жекешелендіре алады, ал баспанаға  кезекке тұрушылар ендігі жерде қалалық әкімдікке қарама-қарсы орналасқан Алтынсарин көшесіндегі №2-ші ғимаратқа емес, халыққа қызмет көрсету орталығына барады…
Қазақстан Республикасының [...]

Алты айды қалай қорытындыладық?

Сейсенбі күні облыстық статистика департаментінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының алты айдағы қорытындысына байланысты баспасөз мәжілісі өтті.
Жиында сөз алған департамент басшысы Әлия Боранбаева қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты екенін айтты. Яғни, бірінші жартыжылдықта облыста өнеркәсіп өндірісінің өсімі, негізгі капиталға инвистиция көлемі, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, тұрғын үйлерді іске қосу, жүк тасымалдау, байланыс қызметтері [...]

Жаңадан салынады, жабдықталады

Өткен жылы желтоқсанда Красносельский орта мектебінің ғимараты  апаттық жағдайда жабылып қалған болатын. Осы уақыттан бастап мектеп оқушылары көрші Қызылжар ауылына қатынап оқыды. Қазір аталған ауылда  жаңа білім ордасының құрылысы қызу жүргізіліп жатыр.
Мектеп директоры Юрий Курман ғимараттың жаңа талап бойынша салынып жатқанын айтты.
— Жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталады. Мектепте компьютер, лингофон, педиатр, тіс [...]

Құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды

Сәрсенбі күні Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Нұр Ғасыр» мешітінің аумағында  жерасты жолын салып жатқан «Ассана Строй Сервис» компаниясының  басшылығы БАҚ өкілдеріне құрылыстың бірінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді.
Компания директоры Юрий Лапиннің айтуынша, құрылыстың алғашқы кезеңі, яғни бетон тастарды төсеу жұмыстары толық аяқталған. Қазір екінші кезеңге аяқ басқан құрылысшылар ішкі жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Сондай-ақ компания басшысы құрылысшылардың [...]

«Олимпи» — «Ақтөбе» 1:1 Жерлестеріміз келесі кезеңге өтті

Кеше Грузияның Рустави қаласында Чемпиондер лигасының екінші іріктеу кезеңінің жергілікті «Олимпи» командасы мен Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» арасындағы кезекті ойыны өтті. Ойын тең есеппен аяқталып, «Ақтөбе» келесі кезеңге шықты.
Күткеніміздей, ойын аса тартысты өтті. Оқырмандарымыз біледі, Ақтөбедегі ойын 2:0 есебімен Қазақстан чемпионының пайдасына шешілген еді.  Сонда грузин командасының бас жаттықтырушысы: «Грузияда біз мүлде басқа ойын [...]

Тағы бір балабақша

Қараша айында қаламыз тағы бір балабақшамен толықпақ. Қонаев көшесінде салынып жатқан жаңа балабақша — 320 орындық.
Балабақшаның құрылысы маусым айында басталған. Аяқталу мерзімі қараша айы деп белгіленіп отыр. Бас мердігер «Пром Ресурс» ЖШС директоры Олег Федоровтың айтуынша, осы аз уақыттың ішінде  құрылысты  жүз пайызға аяқтамақ. Қазір іргетасы қаланып біткен, бірінші қабатының құрылысы  жүріп жатыр.  Үш секциядан [...]

Айыппұл салынды. Неге?

Жуырда мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қалалық басқармасы «Батыс Агро — 2008» және Орталық базарларына санитарлық тексеру жүргізді. Шараның мақсаты — бақша өнімдерінің сатылу тәртібін бір жүйеге келтіру.
Тексеру кезінде барлығы 120 сынама алынды.
«Батыс Агро— 2008» сауда базарында сатылатын жеміс-жидек, бау-бақша өнімдеріндегі нитраттың мөлшерін анықтау үшін 20 сынама алынған болатын. Зертханалық [...]

  • Бет 1 / 3
  • 1
  • 2
  • 3
  • >