Негізгі / Archive: 20. Шілде 2010

Әкім ақ жол тіледі

Ертең, 21 шілдеде, Еуропа чемпиондары лигасының кубогы үшін «Ақтөбе» командасы Грузияның Рустави қаласында жергілікті «Олимпи» командасымен кездеседі. Бұған дейін жерлестеріміз Ақтөбеде 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның жасыл алаңында «Ақтөбе» футбол клубының футболшыларымен, басшылығымен кездесті.
— Өзімізде өткен кездесуді тамаша өткіздіңіздер, — деді Елеусін Наурызбайұлы. — [...]

Қуаңшылық және жемшөп Қарғалы өз күшімен шығады

Өткен бейсенбіде Қарғалы ауданының орталығы Бадамшада облыс әкімінің бірінші орынбасары, биылғы қуаңшылыққа байланысты құрылған облыстық штабтың төрағасы Ізбақ Өмірзақовпен кездесу болып өтті.
Кездесуде  әңгімені аудан әкімі Айбек Сағиев бастады. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Байбосын Ешпанов аудандағы мал азығын дайындаудың мән-жайына тоқталды. Оның баяндамасында жауапты науқанға байланысты алдағы міндеттер, осы бағытта күні бүгін атқарылған жұмыстар [...]

Төрағалықтың тамаша табысы

Еліміздің Еуропадағы төбебилігі тамаша табысқа жеткізді: ЕҚЫҰ-ның жаңа мыңжылдықтағы, ХХІ ғасырдағы алғашқы саммиті Қазақстан төрағалығы тұсында өтетін болып шешілді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
Ұйымның заман талабына сай болуы аса маңызды
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзі
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Қадірлі қонақтар!
Ханымдар мен мырзалар!
Сіздерді қазақ жерінде мәр­те­белі форумда қабылдағаныма қуаныштымын.
Форумға келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 елдің ми­нистрлері мен мәртебелі өкілде­рі­не [...]

Алты айдың нәтижесі қандай?

2010 жылғы қаңтар-маусымда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық  дамуының  қысқаша қорытындылары
Биылғы жылдың алғашқы алты айын қалай өткіздік?
Қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты деп бағаланып отыр.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста өнеркәсіп өндірісінің өсімі, негізгі капиталға инвестиция көлемі, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары өнімдерінің өндірісі, тұрғын үйлерді іске қосу, жүк тасымалдау көлемдері, бөлшек сауда [...]

Тоқта, жемқорлық!

Қазақстан студенттері альянсының мүшелері жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында Павлодардың Баянтауында бас қосты. Альянстың қалалық көшбасшылары мен жоғары оқу орындарының студенттік обмудсмендері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өткен «Тоқта, жемқорлық!» атты жазғы студенттік лагерінде бір апта бойы демалып, мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге бірнеше кездесулер өткізді.
Ақтөбеден барған студенттер альянсының қаламыздағы көшбасшысы Элеонора Бердібаева [...]

Ұят пен уәде кірпіштей берік болса…

Мамыр айының соңында осыдан екі жыл бұрын ғана республикалық «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы  бойынша салынып, пайдалануға берілген орталық аурухананың алдынан тағы да, атшаптырым болмағанымен, едәуір аумақты қоршап, қуатты техникалар іске кіріскенде тұрғындарды «Енді не салмақ?» деген сауалдың мазалағаны рас. Бірақ таңданыспен емес. Өйткені Ойылда соңғы жылдары құрылыстың қарқын  алғаны сонша, селоның күн батыс [...]

Шыбындар ауру тасымалдайды

Жедел ішек және кейбір жұқпалы аурулардың алдын алуда шыбындармен күресу маңызды орын алады. Шыбындар — тұрғылықты орындарда ең көп кездесетін жәндіктер тобы.
Негізінен қалалық жерлерде  шыбындар тағам қалдықтары жиналған қоқыс жәшіктерінде, тағам өндірісі мекемелерінің қоқыстарында, ағынсыз сулар мен кәріздендірілмеген су жинағыштарда кездеседі.  Көптеген шыбын түрлері қолайлы жағдай кезінде жыл бойы да дамып, көбеюі мүмкін. Тағам [...]

Асау мен Бараққа ас берілді

Жақында Маңғыстау облысында Асау мен Барақтың басына тілеухана-мешіт салынып, ас берілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Қарақалпақстан Республикасынан келген үш мыңға жуық ағайын бас қосты.
Жан-жақтан жиналған термешілер мен жыршылар Асау-Барақ туралы жырлар төгіп, термелер айтып, өнерін ортаға салды.
Арқалы Өсербай, Сәрсенбай жырау секілді Наурызбектің  шәкірттері, ақтөбелік Мырзағұл жырау, атыраулық Қожақмет, алматылық Жаңылсын, жамбылдық Ерман жыраулар түннің бір уағы болғанша [...]

Заң

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай  жауап береді

Облыс орталығынан үй алғым келеді…

Сіздердің газет арқылы берген құқықтық көмектеріңіз, жауаптарыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз көптеген азаматтардың қажетіне жарап, өздерінің заңды құқықтарын қорғай алуына септігін тигізіп жатқаны сөзсіз. Мен де сондай құқығым мен үкімет тарапынан тиісті қандай жеңілдіктерім бар екенін білгім келіп, хат жолдап отырмын. Сұрайын дегенім – [...]

Сарып ауруынан сақ болыңыз!

Сарып ауруы —  антропозооноздық инфекциялық ауру. Ауру малдан тарайды. Инкубациялық мерзімі 1-2 аптадан 2 айға дейін созылады. Сырқаттың жұғу жолдары әртүрлі, ауру малдарды бағып-күткен кезде және оның өнімдерін (қайнатылмаған сүт, тағы да басқа сүт өнімдерді) пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Адамдар дер уақытында дәрігерлердің көмегіне жүгінбесе, ауру созылмалы түрге ауысып, тіпті мүгедектік пен бедеулікке дейін асқынуы [...]

  • Бет 1 / 2
  • 1
  • 2
  • >