Негізгі / Archive: 15. Шілде 2010

Құрметті облыс тұрғындары!

Ақтөбе облысының тұрғындарына
Үндеу

Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жыл сайын ауылға мемлекеттік қолдау көрсету көлемі ұлғайып келеді. 2004 жылдан бастап қана бүгінгі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге 48,0 миллиардтан астам теңге салынды.
Ең заманауи технологияларды игерген орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны [...]

Егістің дені күйіп кетті. Жемшөпті әзірлеу барысы қалай?

Құрғақшылық

Бұған дейінгі жылдар да шаруа баққан адамға қолайлы болып тұрған жоқ еді. Ал биылғы жыл тіпті ерекше болды. Құрғақшылықтың нышаны өткен күзде-ақ сезілді. Күз жауын-шашынсыз өтті. Қыста қар аз түсті. Наурыз, сәуір айлары ғана шамалы ырымдады. Есесіне одан кейінгі үш ай: мамыр, маусым, шілде  ішінде облыс аумағында бір күн жауын болмай, анық құрғақшылыққа [...]

Жартыжылдықты ойдағыдай аяқтадық

Сессия

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың  әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары және  міндеттерінің орындалуы жөнінде есебін тыңдаудан басталды.
Біздің облыс  әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен республика бойынша алғашқы үштікке еніп отыр. Қай салада болмасын өсім байқалады.
Өнеркәсіп —113,4 пайызға, оның ішінде  өңдеу өнеркәсібі — 1,5 есеге,
ауыл шаруашылығы — 104,4 пайызға, бөлшек тауар айналымы — 111,7 пайызға,
құрылыс [...]

Елбасына жеткен хат

Қобда ауданының Ақырап ауылында тұратын 9-сынып оқушысы Майра Шагирова Астана күні мерекесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады.
Майра биыл Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, суретші-дизайнер мамандығы бойынша білім алып шығуды армандап жүр. Ол бала кезінен жақсы сурет салады. Оның бұл өнері Елбасымызға да ұнаған болу керек, хат иесіне Астанадан жауап келді.
— Астана күні мерекесі [...]

Құрғақшылық салдарын жою қатаң бақылауға алынды

Облысымызда алдағы қысқа мал азығын дайындау мәселесі мазасыздық туғызып отыр. Табиғаттың қолайсыз жағдайы, ауаның жоғары температурасы, құрғақшылық, осының салдарынан тұтанатын өрттер шабындықтар мен пішендерге «ауыз салды». 500 мың гектардан астам дәнді дақылдар бой созбай қалды.
Осыған байланысты облыс басшылығы орын алған жағдайды тұрақтандыру мен өңірдегі мал басын азайтпаудың барлық шараларын алып жатыр.
Осы жылдың маусым айында облыс [...]

Таныс көрме тағы да табыстырды

Апта басында Ақтөбеге Ресейден, көршілес Орынбордан мәртебелі меймандар келді. Жаңадан, нақтырақ айтсақ, маусым айының орта тұсында тағайындалған, Орынбор облысы үкіметінің төрағасы, жаңа губернатор Юрий Бергтің бұл біздің облысқа алғашқы сапары. Онымен бірге Ақтөбенің тұрақты қонағы боп кеткен бұрынғы губернатор А.Чернышов та келді. Делегация құрамында Орынбордың мәдениет, қоғамдық және сыртқы байланыс министрі В.Шориков, облыстық экономикалық [...]

«Ақтөбе» «Олимпиді» жеңді — 2:0

Чемпиондар лигасы

Екі допты да капитан соқты

Чемпиондар лигасының 2010-2011 жылғы екінші іріктеу кезеңінде жеребе бойынша біздің қарсыласымыз Грузия чемпионы «Олимпи» (Рустави қаласы) болуы аса абыржыта қоймаған еді. Рас, жұмбақ команда. Әйтсе де не Еуропа төрінде, не ТМД көлемінде жарқырап көріне қоймаған клуб.
Бір-біріне жұмбақ командалар жасыл алаңға шыққан соң, аса көп аңдысқан жоқ. [...]

Исатайдың бір күні

Дүйсенбі күні облыстық халық шығармашылығы үйінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция осылай аталды. Олай аталатын себебі, 1838 жылы, дәл осы шілденің 12-сі – күні ұлт азаттық қозғалыстың басшысы Исатай Тайманұлы қаза болған еді. Тарихта Қиыл қырғыны деген атпен қалған, күші басым жаумен ұрыста, астындағы ақтабан атына оқ тиіп, қаза болған айтулы батырдың асыл сүйегі Қобда ауданының [...]

Мемориалды-тақта орнатылды

Кеше Ұлы Отан соғысына қатысушы, ішкі істер органдары ардагері Мұса Қалдығұловтың құрметіне ол тұрған Ломоносов көшесіндегі №2 үйге мемориалды тақта орнатылды.
Мұса Қалдығұлов 1921 жылы Байғанин ауданының №12 ауылында туған.
Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, ол соғыс жылдарында 77,157,266-шы атқыштар бригадасының құрамында болған, екі орден мен бірнеше медальға ие болған.
Соғыс аяқталған соң бір [...]

Мұнай базасы жаңғыртылды

Ақтөбе облысындағы индустриялды-инновациялық дамудың  жеделдетілген Бағдарламасы аясында  Ақтөбеде күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғыртылған «Sinooil» «ЖСШ»-ның  мұнай базасы іске қосылды. Оның базасының  қуаттылығы — 20,0 мың текше метр, 70 жұмыс орны бар.
1994  жылы «Sinooil»  ЖШС компаниясы  осы мұнай базасын сатып алған еді.   Бұл мұнай базасы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының солтүстік батысына таман  Ақтөбе қаласында орналасқан. [...]

  • Бет 1 / 3
  • 1
  • 2
  • 3
  • >