Негізгі / Archive: 09. Шілде 2010

Туған күніңмен, Астана!

Елордамыз Астананың 12 жасқа толған туған күнінде еліміздің әр түкпірінде көптеген мәдени-спорттық шаралар өтті. Біздің ақтөбеліктер де Астана күнін мерекеледі. Бұл күні…
Қаламыздағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алаңында, «Бірлік пен келісім» сулы жасыл гүлзарында, «Мега Ақтөбе» сауда, ойын-сауық кешенінде, Пушкин атындағы саябақта, «Ретро» және «Авиатор» саябақтарында, «Металлургтер» мәдениет үйі алаңында, селолық округтерде «Арайлы, [...]

Мерекелік сый — спорт кешені

Астана қаласының мерейтойы қарсаңында Ақтөбе қаласында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Құрылыс-монтаж колледжі жанынан ашылған бұл ғимараттың тұсаукесер рәсіміне қала әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Алдымен спорт кешенінің құрылтайшысы, «TransMostGrup» компаниясының бас директоры Төлеген Таңатаров құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін сөз алған қала әкімі Архимед Бегежанұлы кешеннің маңыздылығына тоқталды.
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында қазақстандықтардың [...]

Шетелдіктер біздің шаруаларға келді

Өткен аптаның жұма күні «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәжіліс залында ауыл шаруашылық саласын дамытуға байланысты жиын өтті. Шарада Нидерланды елінен келген мамандар аталған саланы өркендетуге бағытталған  PUM компаниясының бағдарламасын сөз етті. Басқосудың мақсаты — шетелдік мамандармен өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасу. Жиынға ірі және шағын кәсіпкерліктердің өкілдері қатысты.
Облысымызға жасаған сапары кезінде шетелдік мамандар [...]

Жапония жобаларын әкелді

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов өңірге сапарлап келген Жапониядағы ірі холдингтің бірі  «Sumitomo Group» делегациясымен кездесті.
Сапар мақсатын баяндаған «Sumitomo Group» бас менеджерінің ассистенті Yamada мырза корпорацияның Қазақстанда ірі көлемді жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол екендігін айтып өтті. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында қызмет көрсету ауқымы дамыған және логистикалық қоймасы бар жеңіл және ауыр автокөлікке арналған [...]

«Марафонның» Ойылдағы бір айы

Облыс көлеміндегі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетаның басталғанына тура бір ай болды. Аудандар арасындағы додада ойылдықтар алғашқы ондықтың ішінде екен. Мұны ауданның марафоншы жастарымен кездескен облыс әкімінің орынбасары, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетасы облыстық штабының төрайымы Сара Нұрқатова мәлімдеді.  Демек, бұл біздің аудандағы марафон жұмысында іркілістің барлығының куәсі.
Әрине, осы акция басталғалы [...]

Қобда бірінші кезеңді қорытындылады

«Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафонын өткізу жөніндегі облыстық штаб бастығы, облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова марафонның бірінші кезеңін қорытындылау үшін Қобда ауданында болды. Ақтөбеден келе жатқан аткөлік  Әлия ауылына басын бұрды. Ол жерде атқарылып жатқан жұмысқа оң баға беріп, балаларға сәттілік тілеген штаб басшысы Талдысай ауылындағы отряд мүшелерінің хал-жағдайын сұрап, ауыл тұрғындарының оң [...]

«Ақтөбе» — көшбасшы

Қаламызға бұрыннан белгілі «Ақтөбе» қонақ үйі  Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер, бизнес, ғылым мен мәдениет көшбасшылары халықаралық конгресінің жүлдесіне лайық деп танылды. Мәскеу қаласында өткен шарада  әлемнің көптеген елдерінен келген танымал әрі беделді тұлғалар «ХХІ жүзжылдық көшбасшысы» бағдарламасы бойынша  марапатталды. Солардың қатарында «Демалыс жайы» ЖШС-ның директоры Үмітбек Нұркин де бар.
Үмітбек  Іскендірұлы  «Ақтөбе» қонақ үйін жиырма жылға [...]

Елбасы және ел мұраты

Жуырда облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында Елбасының 70 жасқа толуына арналған «Елбасы және ел мұраты» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары келді.
Көрмеге Мемлекет басшысының «Елбасы», «Ғасырлар тоғысында», «Халыққа арнау», «Өзекжарды ойлар» және өзге де кітаптары қойылды.  Шолуды жүргізген өнер бөлімінің   кітапханашысы Ғалия Қарабаева президенттің өмір жолына тоқталып, ол туралы [...]

Дамудың дара белгісі

Астана қаласының туған күні айта қаларлықтай дүбірлі думанмен өтті. Жер-жерден келген қонақта есеп жоқ, кілең «сен тұр, мен атайын» мықтылар. Бір апта бойы республикалық телеарналардан беріліп жатқан тікелей репортаждардан-ақ көруге болады мұны. Мысалы, «Хан шатыры» кешенінің ашылуын бірнеше елдің президенттері тамашалады.
«Біз 1998 жылы бүкіл әлемге өз астанамызды таныстырдық. Сол кезден бастап Астана, тіпті [...]

Ашық аспан астындағы мұражай

Астана күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің жазғы маусымының ашылуы өтті. Ақтөбе облысы өзінің жаңарған экспозициясын астаналықтар мен қала қонақтарына, қазір Астанада еңбек етіп жүрген ақтөбеліктерге ерекше салтанатпен таныстырды.
Ақтөбелік өнерпаздар әзірлеген концерттік бағдарламаға 40 шақты адам қатысты.
Астананың ең әдемі жерлерінің бірі болып саналатын этномемориалды кешен бейне бір Қазақстанның кішкентай көшірмесі секілді. Мұнда еліміздің [...]

  • Бет 1 / 2
  • 1
  • 2
  • >