Негізгі / Archive: Маусым 2010

Елбасы ескерткіші — Анкара төрінде

Еліміздің тәуелсіздігін әлемде ең алғашқылардың бірі болып мойындаған Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды.
Жастардың «Генчлик» атты орталық саябағында орналасқан Елбасы ескерткішінің жалпы биіктігі бес метрден (5 м. 10 см.) асады. Ал мүсіннің биіктігі — 2 метр 60 см. Орындықта отырған Президенттің еңселі ескерткішінің биіктігі бес метрден асады. [...]

«Ақтөберентген» қайта өрлеу кезеңіне аяқ басты!

Елбасы:

«Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» жалпыұлттық телекөпірі өткізілуі осы аптаның бастауындағы елеулі оқиғаға айналды.
Шара барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікке 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы 150 пайызға өсетіндігін мәлімдеді. Осы аралықта өнеркәсіп пен еңбек өнімділігі 1,8 пайызға артып, ауыл шаруашылығындағы ілгерілеу екі еселік көрсеткішке жетеді. Бұның өзі біздің қазба байлықтарымыз бен шикізаттық ресурстарымызға ғана [...]

Журналистер марапатталды

Жұма күні облыс әкімі Елеусін Сағындықов Баспасөз, теледидар және радио күні мерекесіне орай «Старый замок» мәдениет орталығында салтанатты кеш ұйымдастырды. Салтанатты жиынға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен бірқатар журналистер қатысты. Журналистердің төл мерекесіне облыс басшысы Елеусін Наурызбайұлы үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Сол игі дәстүр биыл да жалғасты.
Жиында құттықтау сөз алған [...]

Халықаралық транзит дәлізі

Өткен бейсенбіде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе облысында болды. Министрдің жолсапар мақсаты — «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша облыс аумағынан өтіп жатқан жол құрылысының барысымен танысу. Және ол жалғыз келмеді. Жамбыл облысының Шу ауданы аумағынан бастап бері қарай Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының үстімен өткен 30-ға жуық республикалық БАҚ өкілдеріне аталмыш дәліз [...]

Логистикалық оралық іске қосылды.

Жаңа нысан

Министр жоғары баға берді

Өткен жұма күні «Ақтөбе-центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  көлік-логистикалық орталығы ашылды. Бұл салтанатты шараға біздің аймағымызға жұмыс сапарымен келген Көлік және коммуникация министрі Әбілқазы Құсайынов және облыс әкімі Елеусін Сағындықов, қала әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Көпшілікке белгілі, бұл аталған құрылыс нысанына, өзінің ауқымы жөнінен Қазақстанның батысында әзірге балама жоқ. Ол облыста [...]

Ақтөбеде тағы да бірнеше ескерткіш орнатылады

Облыс орталығында Чернобыль атом стансасы апаты зардаптарын жоюға қатысқан ақтөбеліктерге арнап ескерткіш-белгі орнатылады.
Жуырда облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың төрағалық етуімен өткен облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі арнайы комиссия отырысында аталмыш ескерткіш-белгіні орнату мақсатында жарияланған байқау қорытындыланды. Комиссия мүшелері байқауға ұсынылған 8 жобаның әрқайсысын жеке-жеке талдап, олардың авторларының ой-пікірлерін тыңдап, [...]

«Актобестроймонтаж» зауыты іске қосылды

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

Бүгін Ақтөбеде керамикалық кірпіш өндірісі бойынша «АктобеСтройМонтаж» жаңа зауыты іске қосылды

Бүгін Ақтөбеде облысты индустриялдық-инновациялық дамыту және өңірлік салалық құрылыс индустриясы кластерін дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде жылына 25 миллион дана керамикалық кірпіш өндіретін  «АктобеСтройМонтаж» жаңа зауыты іске қосылды. Жобаның құны — 1 млрд. 200 миллион теңге. Кәсіпорынның іске [...]

Қала әкімінің құрметі

Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов журналистер мерекесі қарсаңында бір топ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, жүздесу өткізді. Ол облыс орталығын дамытудың бүгінгі барысы, алда атқарылмақ шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ ол осындай өзгерісті заманда уақыт тынысын тап басып, қалың жұртшылықты маңызды ақпараттармен қамтамасыз етуде тынымсыз еңбек ететін баспасөз, радио және телевизия қызметкерлерінің ізденістері [...]

Тақта үстіндегі тартыстар

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС журналистердің төл мерекесі қарсаңында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан жекелей біріншілік өткізді. Қаламнан қолы қалт еткенде ойын тақтасына отырған журналистер зияткерлік спортына да мығым екендерін көрсетті. Ерлер мен қыздар арасында өткен жарыста шахматтан тілші Бердібай Кемал мен баспасөзді тарату бөлімінің меңгерушісі Ағила Тұрмағанбетова, дойбыдан «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев пен тілші Мейрамгүл Сатаева [...]

Компания баспасөз саяхатына шақырды

Апта басында Ақтөбеде GSM Қазақстан/Kcell компаниясы «Клиент дауысы» баспасөз-саяхатын өткізді.
БАҚ өкілдері Ақтөбе қаласында орналасқан компанияның бір абоненттік бөлімі (Kcell-Орталықтың) мен Kcell-экспресс дилерлік орталықтың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Жалпы, Қазақстанда 103 Kcell-экспресс дилерлік орталық жұмыс жасайды, олар компания клиенттерінің үлкен бөлігіне қызмет көрсетеді.
Журналистер Kcell-экспресс орталықтың негізгі жұмыс кезеңдерімен — электронды кезекке тіркеуден бастап операторлар жұмысына [...]