Негізгі / Archive: 03. Наурыз 2010

ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ДИАЛОГ

Бұқаралық ақпарат құралдарының адам санасына шексіз билік құра алатыны жасырын емес. Олар жарияланымдары арқылы қоғамдық пікір туғызып қана қоймайды, басылымдардың құрылтайшылары жүргізетін саясат оқырманның ойлау жүйесіне, көңіл күйі мен іс-әрекетіне де әсер ете алады. Идеологтардың қай заманда да БАҚ-ты көпшілікті үгіттеуші, насихаттаушы һәм ұйымдастырушы, биліктің төртінші тармағы деп атауы сондықтан. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс [...]

Жаңажол: экологтар сапары Қоршаған орта қалай қорғалуда?

Табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, экологиялық тазалықты сақтау — бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып келеді. Осы тұрғыдан келгенде экологтардың, әсіресе, жер байлығын өндірушілер жұмысына ерекше назар аударуы түсінікті де.
Өткен аптада облысымызда жұмыс бабындағы сапармен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Сағынбек Мұташев болып, «ҚазақОйл Ақтөбе» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ секілді [...]

Алдағы 5 жылда әлеуметтік сала қалай дамиды?

«Облыстағы 2010-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-мәдени саланың дамуындағы негізгі бағыттары туралы». Жұма күні облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы қоғамдық-саяси кеңестің кезекті жиыны осылай аталды. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың төрағалық етуімен өткен жиынға облыстық басқармалар бастықтары мен саяси партиялар филиалдарының басшылары қатысты.
Биылдан бастап денсаулық сақтау саласында Бірыңғай ұлттық жүйеге көшіру, дәрі-дәрмекпен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін [...]

Қазақстан халқы ассамблеясына — 15 жыл

Елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, 1995 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған еді.  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылатын бұл ұйымға 15 жыл толып отыр.
Осыған орай кеше, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен,  Ақтөбедегі «Достық үйінде» «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің табысты дамуы» атты форум өтті. Форумға [...]

Акцияның түйіні — айқындық

Өткен аптаның жұма күні Мәртөк ауданы «Жайсаң» кеден бекетінде «Кеден келбеті — айқын» атты республикалық акция өтті. Акцияның мақсаты —  бірыңғай Кедендік одақтың елімізге әкелетін өзгерістерін кеңінен насихаттау. Жиынға ҚР Қаржы Министрлігі кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана қатысты.
Жиында сөз алған облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Александр Кочубей Кедендік одаққа енуімізге байланысты [...]

Ереже қандай өзгерістермен ерекшеленеді?

Бюджеттің атқарылуы және кассалық қызмет көрсету ережесіне  енгізілген толықтырулар мен өзгерістер.
Қолданыстағы ережеге сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктеріне қатысты міндеттемелер мен төлемдердің қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өздігінен өзгерістер енгізе алады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекеменің өтінімі негізінде төлемдер мен міндеттемелер [...]

Инновациялық жобалар және экология

Нұрмұханбет ДИЯРОВ,
«Ақтөбе»

Бүгінгі күні ерекше ұмтылыспен қолға алынып жатқан инновациялық жобалар қарқыны экономиканы ілгерілетудің басты көзіне айналуда. Экономиканы алға бастырудағы ұмтылыстар, әсіресе, жер байлығын пайдалану, өнеркәсіпті дамыту саласында экология мәселесіне қаншалықты көңіл бөлінуде?
Міне, осындай өзекті мәселелер Ақтөбе қаласындағы «Капитал-Плаза» бизнес орталығының конференц-залында «Инновациялық жобаларға — экологиялық-экономикалық бағыт» атауымен   өткізілген кеңестің күн тәртібіне ұсынылды.
Кеңеске [...]

Қарт журналиске құрмет

Облыс журналистикасының ардагері, ұзақ жылдар бойы облыстық газетте қызмет атқарған Кәдірбай Бекмағанбетовтің сексен жасқа толуына байланысты Журналистер одағының облыстық ұйымы ақсақалға құрмет көрсетті. Оған облыстық ұйым жетекшісі Сексенбай Күлімбетов  шығармашылық ұйымның Алғыс хатын тапсырып, иығына шапан жапты.
Сондай-ақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Есет Сартаев көп уақыт осы саланың проблемаларын көтерген қалам иесіне бағалы [...]

Айдын аңсаған кемелер

Жақында қалалық техникалық шығармашылық орталығында оқушылар арасында кемемодельдік спорты бойынша ашық біріншілік өтті.
Қаладағы 18 мектептің 84 оқушысы мен мектептен тыс мекемелердің 40 оқушысы арасында өткен жарыс төрт күнге созылды. Бәсеке әскери кеме үлгісінің екі түрі, азаматтық кеме үлгісінің екі түрі, сүңгуір қайық үлгісінің екі түрі бойынша өтті.
Жарысқа қатысушылар кеме үлгілерінің түрлері бойынша [...]

Бастауыштың бағдары

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  қала мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасында  танымдық апталық өтті.
Мұндай шараны өткізудегі мақсат — төменгі сынып  оқушыларының танымдық қабілетін арттырып, сауатты жаза білуге, дұрыс есептеуге машықтарын дамыту.
Апталық барысында 2-сынып оқушылары  тіл сабақтарынан мәтінді сауатты да көркем көшіріп жазудан, 3-сынып оқушылары математикадан көпдеңгейлік тапсырмаларды орындаудан, 4-сынып оқушылары дүниетану пәнінен кішігірім жобаны [...]

  • Бет 1 / 2
  • 1
  • 2
  • >