Облыс әкімі Е.Н.Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері
Құрметті ақтөбеліктер!
Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауы — еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғалардың бірі, жаңа бір белестің жаңа жоспарлардың межесі, жаңа міндеттер мен жасампаз жетістіктерге жетудің құбыланамасы.
Биылғы Жолдау мүлде ерекше, себебі Елбасы бізге Қазақстанның дамып, өркендеуінің жаһандық экономикалық және саяси ықпал ету қайта бөліске түсіп, және тарихи дәуірлер ауысып жатқан күрделі кезеңдегі 10 жылдық бағдарламасын ұсынып [...]






