Негізгі / Archive: Ақпан 2010

Мұндай кең масштабтағы әңгіме соңғы 40 жылда бірінші рет айтылып отыр

Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалық етуімен мәжіліс өтті. Онда Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттердің облыста қалай жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде кеңінен әңгіме қозғалды.
Жолдауда айтылған жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту тапсырмасына сәйкес, Үкімет бес жылға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын әзірлеген [...]

Сот төрағасы студенттерге келді

Облыстық соттың төрағасы Бектас Бекназаров Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультеті студенттерімен кездесті. Аталмыш оқу орнының тарихында алғаш рет облыстық сот төрағасымен өткен бұл кездесуге оқытушылар қауымы мен 100-ге жуық студент жиналды.
Облыс соттары жүзеге асырылған шаралар туралы есеп, 2010 жылдан бастап орын алған заңнама өзгерістері, үш буынды сот жүйесінің енгізілуі, алқабилер соты [...]

Журналистерге құрмет

Ақпан айының ішінде сексеннің сеңгіріне шыққан Кәдірбай Бекмағамбетов пен алпыс жасын қарсы алған Жанғабыл Қабақбаев — облыстық газеттің бұрынғы қызметкерлері. Олардың бір кездегі газет бетіндегі қолтаңбалары оқырман қауымның есінде болса керек.
Ұжымда ұзақ жылдар қызмет атқарған осы журналистерді облыстық газеттердегі бүгінгі әріптестері де ұмытқан жоқ. Алдыңғы күні мерейтой иелерін және ұзақ жылдар облыстық қазақ газетінде [...]

Қаланы қардан тазартуға техника жетеді

Екі күннен бері Ақтөбеде толассыз қар жауып тұр. Содан бері қаладағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері мен қар тазарту жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Мамандардың айтуынша, тек қана қала жолдарындағы қардың қалыңдығының өзі 20 сантиметрге жеткен. Қазірде көшелерді аршу үшін 50-ден аса техника жұмылдырылған. Мұзды жібіту үшін кеше түнде 30 тоннадан астам [...]

Жаңа жүйе қалай қалыптасуда?

Кеше «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы  облыстық филиалының ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан елімізде енгізілген денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін көпшілікке түсіндіруге және денсаулық сақтау мекемелеріндегі партиялық бақылау бекеттерінің қызметіне арналды.
Оның жұмысына облыстық партиялық бақылау комиссиясының, қалалық медициналық мекемелердің париялық бақылау бекеттерінің мүшелері,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Дөңгелек үстел басындағы әңгімені облыстық [...]

«Бізде Галибтің ерлігін қайталай алатын жастар бар»

Жуырда Ақтөбе қаласында бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Галиб Жафаров жүлдесіне арналған халықаралық турнир өткенін оқырмандарымыз біледі. Төрт елдің жас боксшылары күш сынасып; қазақ боксы тарихының даңқты беттері боп табылатын Сидней Олимпиадасына еліміздің құрамасын әзірлеп апарған Тұрсынғали Еділов;  сондай-ақ Нұржан Кәрімжанов, Руслан Мусинов, Азамат Бекетов сынды белгілі боксшылар қонақ [...]

Білім сапасы — білікті маман кепілі

Биыл Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі өз тарихында бірінші рет оқу бітіретін түлектерді арнайы сапалық тестілеуден өткізді. Биыл түлектер қатарына қосылатын 36 түлек тестілеу нәтижесінде 3 жыл бойы алған білімін абыроймен дәлелдеп шықты.
Білім сапасын тексеруді ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті көтерудің ғылыми әдістемелік орталығының» Ақтөбе облыстық филиалы өткізді.
«Сапаны [...]

Көз нұры сөнбесе…

Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен «Көз — адамның шамшырағы» атты шара өтті.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Жанна Сатқұлова қазіргі таңда түрлі жастағы адамдар арасында кең тараған көз ауру түрлері, олардың алдын алу, ауруға шалдыққан жағдайда жүргізілетін емдік шаралар туралы айтып берді. [...]

Қарттарға қамқорлық

Апта басында «Қарттар мен мүгедектер үйі» мемлекеттік мекемесінде «Құрметті қариялар!» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Әуелі облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бастауыш партиялық ұйымының төрағасы Дмитрий Довматенко сөз сөйлеп, қарттарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Кәсіпкерлерді құқын қорғау жөніндегі заңды тұлғалар ассоциациясы мен №5 орта мектептің бастауыш партиялық ұйымы концерт ұйымдастырды. А.Жұбанов атындағы [...]

Кәсіпкер болып тумайды, қалыптасады

«Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы осылай аталады. Тақырыптың өзінен-ақ елдің алдына қойылып отырған мақсат түсінікті. Жаңа экономикалық өрлеу жолына түсу міндеті қойылып отыр. Оған қол жеткізетін жаңа мүмкіндіктер де осы маңызды құжатта жан-жақты ашып көрсетілген. Елбасы сондай сара жолдың негізгісі және жаңа экономиканың [...]