Негізгі / Archive: Қаңтар 2010

Қораңыздағы әр мал компьютерге енгізіледі

Өткен жылдың шілде айында ҚР «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң биыл жыл басталысымен күшіне енді. Өзгерген құжат ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті күшейтеді, осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің халықаралық стандарттарға сай келуін қамтамасыз етеді. Ертеңгі күні сатылымға шығатын мал шаруашылығы өнімдерінің сапалы болуы қажеттігі, яғни заңға енгізілген өзгерістер кедендік одақтың да бір талабы болып отыр. [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | 1 пікір | Ауыл

ЖЫР КЕШІНЕ КЕЛІҢІЗ!

Ертең сағат 15.00-де «Студенттер сарайында»  Сәтжан Дәрібайдың жақында «Жазушы» баспасынан шыққан «Фәни мен бақи» атты кітабының тұсаукесеріне арналған поэзия кеші өтеді.
Келіңіздер, қапы қалмаңыздар!

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | 1 пікір | Мәдениет

Күн тәртібінде: Таулы қарабақ жанжалы, Ауған мәселесі…

Өткен аптаның соңында ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Таулы Қарабақ жанжалын реттеуге жәрдемдесу жөніндегі ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларымен кездесіп,  Таулы Қарабақ жанжалын реттеу перспективасы мен жағдайы мәселелерін талқылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің алғашқы күнінен бастап-ақ Таулы Қарабақ жанжалымен айналысатын Минск процесіне үлкен қолдау көрсетуге жан-жақты әзірлігін мәлімдеген [...]

500 теңгелік жаңа монета шықты

ендігі монета жиынтығы футболдан өтетін Әлем чемпионатына арналмақ

Жаңа жылдан бастап Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету құрметіне орай еліміздің ақша айналымына мың теңгелік банкноттар енген болатын. Дәстүр бойынша Ұлттық банк жаңа монета өнімдерін де шығарып жатыр. Енді нумизматтар коллекциясы ең жоғары сапалы алтыннан және күмістен жасалған, тіпті кейбірінің бриллианты бар 500  теңгелік жаңа монетамен толығатын болды. [...]

Түйелердің құтырғандығы анықталды

Қаңтардың қақаған аязында төрт түліктің төресі түйелер ауырып жатыр деген құлаққа біртүрлі естілетін сияқты. Өйткені ауа райының ыстық-суығына төзімді түйе малы көп ауруға шалдықпайтыны белгілі. Тек түйе жүрген жерде оба ауруынан күдіктенетініміз бар. Бұл бірақ жазда болатын жағдай.
Қаңтар айы басталғалы ауданымызға қарасты Айшуақ селолық округінен өркеші қарағайдай, өрісте жүрген бес-алты түйе ауырып өлді. Ауырған малдардың [...]

Қала әкімінің есебі басталды

Аманқос Орынғалиұлы,
«Ақтөбе»
Ақтөбе қаласы —  халқының  саны жөнінен еліміздің ең ірі бес қаласының қатарына кірді. Соңғы санақтың қорытындысы бойынша қазір мұнда 400 мыңның үстінде адам тұрады. Қаланың байырғы аудандары тығыздалып, жаңадан қоныстанушылардың есебінен шеткері ауылдары өсті. Олардан бөлек қала маңайында 57 жаңа елді мекен пайда болды. Қазіргі кезде облыс халқының 60 пайызы осы қалада, [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | Пікір жоқ | Билік

Жақсы ғимарат жаңа талаптарға бастайды

Ембі қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жастардың спортпен шұғылданатын орталығына айналды. Спорт мектебінің ғимаратына 1970 жылдан бері жөндеу жүргізілмеді. Тіпті, бір кездері қараусыз қалып, ақыры жабылып тынды. Диірменге айналып кеткен кездер де болды.
Дегенмен 2002 жылы балғын спортшыларға қайтарылды. Енді дұрыстап жөнделсе деген тілегіміз бар еді. Тілегіміз өткен жылы орындалды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында 47 [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | Пікір жоқ | Ауыл

Тоқсан қыздың тағдыры…

Газетіміздің өткен жылғы 12 қарашадағы санында журналист Сәтжан Дәрібайдың «90 қыздың тағдыры немесе Ұлы Жеңістің ұмыт қалған тұстары» атты мақаласы жарияланған еді. Онда Ұлы Отан соғысында ерлерімен бірге қолдарына қару алып, шайқасқа шыққан жауынгер қыздарымыздың деректері берілген болатын. Мақала шыққаннан кейін оқырмандар тарапынан редакциямызға хабарласушылар саны көбейіп, хаттар келіп түсе бастады. Біз бүгін солардың [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | Пікір жоқ | Тарих

Ақ олимпиада және Қазақстан

Канаданың Ванкувер қаласында өтетін қысқы олимпиадалық ойындардың басталуына да аз уақыт қалды. Спорт сүйер қауым асыға күтіп жүрген ақ олимпиадаға қазақстандықтар да қатысады. Баспасөз құралдарының мәліметтері бойынша бұл ойындарға әлемнің 52 елі командаларын қосады деп күтілуде. Канададағы қысқы олимпиадада табысты өнер көрсетуді қазақстандық спортшылар 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өтетін Қысқы Азия ойындары қарсаңындағы [...]

[ Толығырақ ] 28 Қаңтар, 2010 | Пікір жоқ | Спорт

Жаңа жүйе: жай-жапсары осылай

Денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру мақсатында биылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Облысымызда жаңа жүйені іске асырып, жұмысын қадағалайтын департамент құрылды. Біз осы жаңадан ашылған — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры Нұржан Шомбаловты сөзге тартып, енгізілген жаңа жобаның мән-жайын толығырақ сұраған [...]