Ақтөбе газеті

Жеңімпаздар сыйы — 135 млн. теңге
Конституцияның 15 жылдық мерекесіне  арналған  шараның бір парасы — «Білім жетістіктері» марафон-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі облыстық әкімдік алаңында өтті.  Салтанатты жиынға 12 мыңнан аса адам жиналды.

Жалпы 2286 мұғалім қатысқан байқаудан 916-сы үздік атанды. Оның 507-сі — «Облыстың үздік мұғалімі», 110-ы — «Облыстың үздік класс жетекшісі». Жеңімпаздардың әрқайсысына сертификат пен 120 мың теңгеден сыйлық берілді.  Биылғы ерекшелік, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен қатар коррекциялық және қосымша білім беру ұйымдарының, колледждер, кәсіптік лицейлер мен балабақшалардың педагогтары да облыс әкімінің сыйлығына ие болды. Сонымен қатар 34 білім беру мекемесіне де 500 мың теңгеден 1 млн. теңге аралығында ақшалай сыйлық табыс етілді. Бұл қаржы педагогикалық кеңестердің шешімімен аталған мектептердің мұғалімдеріне бөлініп берілетіндігін ескерсек, облыс әкімінің сыйлығын иеленетін мамандардың қатары 2 мыңға жетеді деген сөз. Жалпы, марафон-конкурс жеңімпаздары мен үздік білім шаңырақтарын марапаттау үшін 135 млн. теңге бөлінді.

Айта кету керек, мұғалімдер мәртебесін көтерудің, қолдаудың озық үлгісі облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Жиынға қатысушыларды облыс басшысы Елеусін Сағындықов мерекемен құттықтады:

— Құрметті ақтөбеліктер! Сіздерді ұлық мереке — Конституцияның 15 жылдығымен құттықтаймын! Біз Ата Заңымыздың арқасында көптеген жетістіктерге жеттік. Ең бастысы, Конституция — тұрақтылық пен бірліктің алтын қазығы.

Міне, екінші жыл қатарынан біздің өңірде педагогикалық жетістіктер марафон-конкурсы ұйымдастырылып отыр. Биылғы қорытынды бойынша 916 мұғалім үздік атанды. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймын!

Бұдан соң облыс әкімі марафон-конкурстың нәтижесінде жоғары ұпай жинап, «Үздік инновациялық мектеп» атанған 12 білім шаңырағына сертификат табыс етті. Олардың қатарында №21 мектеп-гимназия (98 балл), облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты (95 балл), облыстық физика-математика мектеп-интернаты (92 балл), М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты (88 балл), №17 мектеп-гимназиясы (88 балл) №32 мектеп-гимназия (83 балл) бар. 10 мектеп «Облыстың үздік жалпы білім беретін мектебі» атанды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде республика бойынша мектеп бітірушілердің орташа балы жоғары болған 100 мектепке Білім және ғылым министрлігінің шешімімен «Үздік мектеп» атағы берілген болатын. Біздің өңірдің  2 мектебі — М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат пен №51 мектеп-гимназия еліміз бойынша үздік мектептердің қатарына қосылды.

Жиын барысында облыс басшысы Ақтөбе қаласындағы №17 «Шұғыла», «Қонжық», «Аққу» және Мәртөк ауданындағы «Тополек» балабақшаларына «Үздік мектепке дейінгі білім беру ұйымы» сертификатын табыс етті. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі мен политехникалық колледж «Облыстың үздік колледжі» атанды. «Облыстың үздік  кәсіптік  лицейі» екеу: Хромтау ауданындағы №4 (98 балл) және Ақтөбе қаласындағы №7 (95 балл) кәсіптік лицейлер. Конкурс қорытындысы бойынша 4 қосымша білім беру ұйымы үздік атанып, олардың басшыларына да сертификат берілді.

Бұдан кейін облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне  және облыстық білім басқармасының бастығына жеңімпаз ұстаздардың сертификаттарын тапсырды.

Марапаттау рәсімінен кейін  облыс әкімі Елеусін Сағындықовқа  мұғалімдерді қолдау, беделін арттыру мақсатында жасаған ізгі ісі үшін Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназияның мұғалімі Ақмарал Оразбаева мен №11 орта мектептің мұғалімі Галина Данилевская облыс мұғалімдерінің атынан алғыс айтты.

Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

«Үздік мұғалімнің үшеуі — Сәмиевтер»

Облыс әкімінің сыйлығын бір отбасының  үш баласы алды. Райхан, Руслан, Гүлжайна Сәмиевтердің туған өлкесі — Байғанин ауданына қарасты Алтай батыр ауылы.

— Ата-анамыз жеті бала тәрбиелеп өсірді. Соның  төртеуі әке жолын қуып, ұстаздық қызетті таңдадық. Сонымен қатар әке шаңырағының үш келіні де: Гүлшат, Айнұр, Гүлмария  —  мұғалім, — дейді «Білім жетістіктері» марафон-конкурсының жеңімпазы Руслан Тынымұлы. Ол марқұм әкесі Тынымды сағынышпен еске алады:

—  Он жыл бойы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған әкеміз 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1999 жыл) ел басқарды, ауыл әкімі болды. Бүгінгі біздің — үш баласының жетістігі алдымен, сол кісінің тәрбиесінің жемісі. Қазір де бір-бір отбасының тірегі, ұйытқысы болған ұл-қыздары өмірде өз сүрлеуін салып жатыр.

14 жылдан бері білім беру саласында жұмыс істеп келе жатқан Руслан Тынымұлы қазір Темір ауданы, Шұбарқұдық кентіндегі №3 мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді. Облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Русланның келіншегі Гүлшат та — мұғалім. Екеуі үш бала тәрбиелеп жатыр. Ұлы Аслан Астанада өткен «Бабалар мұрасын сақтаймыз және көркейтеміз» республикалық байқауының жүлдегері.

Педагогикалық жетістіктер марафон-конкурсының жеңімпазы Райхан Сәмиева — Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылында А.Пушкин атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, «Нұр Отан» партиясының ауылдық филиалының төрайымы. 18 жылдан бері өзі ұшқан ұяда жұмыс жасап келеді. Ұстаздық еңбегі де ерекше еленіп жатыр. Соның бір айғағы — облыс әкімі Елесуін Сағындықовтың марапатына ие болып, «Облыстың үздік мұғалімі» атанды.

— Үздік атану оңайлықпен келген жоқ. Байқауға былтыр да қатысқанмын. Биыл — жеңімпаз болдым. Бұл менің ғана жетістігім емес, шәкіттерімнің де жеңісі. Жалпы біздің мектепте менен басқа үш  мұғалім облыс әкімінің сыйлығын алды (Ханзада Кенжекешова, Жанат Темірбаева, Гүлжайна Сәмиева), — дейді Райхан Сәмиева. Ол қазір 3-сыныпқа сабақ береді.

Ал облыс әкімі сыйлығының иегері Гүлжайна Сәмиева — А.Пушкин атындағы  орта мектепте технология пәнінен сабақ береді, 9-сынып жетекшісі.

— Мамандығым — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бірақ біздің мектепте бұл пәннің мұғалімдері жеткіліті. Сондықтан, технология пәнінен сабақ беріп жатырмын. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісімін. «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасына біздің мектептен қатысқан 50 оқушыға арнайы киім тіктім. Облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының жанынан әдістемелік құрал ретінде «Тәрбие басы —  тал бесік» атты  кітабым жарық көрді, — дейді Гүлжайна Тынымқызы. Ол ісмерлік қасиет анасынан дарығандығын айтады.

Райхан, Руслан, Гүлжайна Сәмиевтер облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлына мұғалім мәртебесін, беделін көтеруде жасап жатқан игі істері үшін шексіз ризашылық білдіреді. Олар еліміздің ертеңі — жас жеткіншектерге сапалы білім беруге бар күштерін жұмсайтындықтарына сенімді.

Мұғалімдер:

Облыс әкіміне алғысымыз шексіз

Алмагүл ӘБІШЕВА, Әйтеке би ауданы, Басқұдық орта мектебінің мұғалімі:

— Бүгін облыс әкімі Елеусін Сағындықов бір топ мұғалімге сертификат пен сыйлық табыс етті. Осы марапатқа менің де ілігуім — мен үшін үлкен бақыт. 8 жылдан бері химия пәнінен сабақ беремін. Байқауға қаңтар айынан бастап дайындалдым. Еңбегім зая кеткен жоқ, ерекше қолдауға ие болдым.

Білуімше, қазір мектептерге химия пәнінің мамндары жетіспейді. Біздің мектепте де бұл пәннен бір өзім ғана сабақ беремін. Сондықтан, бейіміне қарай биыл бір шәкіртіме бағыт-бағдар беріп, осы мамандықты таңдауына ықпал еттім.

Мүмкіндікті пайдаланып, облыс басшысы Елеусін Наурызбайұлына алғыс айтқым келеді.

Әлия МӘЖИТҚЫЗЫ, облыстық арнаулы (түзетілім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының мұғалімі:

— Облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлына мектеп ұжымы атынан алғыс білдіремін. Расын айтқанда, арнулы мектептерге көп көңіл бөліне бермейтін. Биылдан бастап «Білім жетістіктері» марафон-конкурсына біздің де қатысуымызға мүмкіндік болғанына ерекше қуандық. Ұжымнан 13 мұғалім байқауға қатысуға ниет білдірген болатын, нәтижесінде, олардың  барлығы да жеңімпаз атанды. Бұл — мұғалім еңбегінің бағалануы.

Мен арнаулы мектепте 21 жылдан бері жұмыс жасаймын. Әрине, мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен, олардың да арасында мүмкіндігінше қабілетті, дарынды оқушы жетерлік. Олар да заман ағымына байланысты жаңа технологияларды жетік меңгерген. Компьютер бағдарламаларын пайдалануды, интерактивті тақтамен қалай жұмыс жасау керектігін өте жақсы біледі.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Құқық қорғау: ізгілендіруге бағыт
Биылғы жылғы тамыз айының 17 жұлдызында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында құқық қор­ғау қызметі мен сот жүйесінің тиім­ділігін арттыру жөніндегі шара­лар туралы” Жарлыққа қол қойды. Бұл қадамның негізі жыл басындағы Жолдауда-ақ байқалған болатын, онда Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жетілдіру үдерісіндегі құқықтық реформаға айрықша назар аударылған еді.

Құқық қорғау жүйесінің реформасындағы басты назар аударатын елеулі жайт —

репрессиялық идеологиядан бас тарту және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға кедергі келтіретін бұрынғы іс-әрекеттерді аластату бағытын ұстануы.

Өткен жұма күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында аталған Жарлыққа сәйкес құқық қорғау жүйесін реформалау, сондай-ақ үстіміздегі жылдың өткен кезеңіндегі аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы туралы мәселе қараған кеңейтілген кеңес өткізілді.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов Жарлықтан туындайтын міндеттерді жүйелеп айта келіп, тиісті органдардың оны жүзеге асыруға белсене қатысуы қажеттігін тұжырымдады.

Кеңесте облыс прокуроры Виктор Корчагин құқық қорғау және сот органдарын реформалау, аймақтағы заңдылық пен құқық қорғау ахуалы туралы баяндама жасады.

Сан мен сапа

Құқық қорғау органдары саласындағы қылмыстың ашылу деңгейін қандай да жолмен көтеруге ұмтылу көптеген қызмет бабындағы теріс әрекеттерге жол ашатындығы белгілі болып отыр. Бұл ретте қызметкерлердің өздері де заң жолынан ауытқып кететіндігі аян. Сондықтан да бұл саладағы қызметті бағалау өлшемдерін өзгерту қажеттігі әбден пісіп-жетілді.

Қазіргі уақытта республика бойынша қылмыстың ашылу көрсеткіші орташа алғанда 70 пайыз құраса, біздің облысымызда ол 91,7 пайызға жетіп отыр. Салыстыру үшін айта кететін болсақ, қылмыс ашу жоғары деңгейде деп есептелетін бірқатар шетелдердегі мемлекеттерде бұл көрсеткіштер мүлдем төмен. Мәселен, АҚШ-та 25 пайыздан аспайды, Англияда – 30-35, Германияда – 45-50, Жапонияда 60 пайыз шамасында. Демек, қалай болғанда да қазақстандық бағалаудың күмәнділігі сын таразысына тартылуға келіп жетті.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ашылуына байланысты көрсеткішті қолдан жасауға мәжбүр болатындығы прокурорлық қадағалаудан байқалып отырғандығын облыс прокуроры ашық мәлімдеді. 2009 жылы 87 қылмыс жасырын болғандығы жария етілсе, биыл бұл көрсеткіш 242-ге жетіп отыр. Ұрлықты жасырын күйде қалдыру жаппай етек алуда. Тонау, шабуыл жасау, бұзақылық деректері де көзбояушылыққа пайдаланылады.

Соңғы бес жыл ішінде облыстағы ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне арыз-шағымдар саны екі еседей өскені байқалады. Биылдың өзінде осындай 400 хат түскен. Әсіресе, криминалдық полиция, жол полициясы қызметкерлеріне, учаскелік инспекторларға реніштер баршылық. Өткен жылы құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 18 қылмыстық іс қозғалса, соның 13-і ішкі істер органдары қызметкерлеріне тиесілі.

Прокурор ішкі істер органдарының қызметін ауыр және айрықша ауыр қылмыстармен, есірткілерді өткізумен, ұйымдасқан қылмыспен күрес тиімділігіне байланысты бағалау дұрыстығы жөніндегі пікірін білдірді. Сондай-ақ «мас болу жағдайында», «көшедегі», «қоғамдық орындардағы» деп аталатын тәртіп бұзушылықтарды бұл топтан ажырату ғана нақты іс ахуалын білдіруге септігін тигізетіндігін айтты.

Қаржы полициясы кәсіпкерді қорғай ма?

Облыс прокурорының баяндамасында қаржы полициясы қызметіне қатысты олардың өз «ведомостволық» сырқаттары бар екендігі айтылды. Ішкі істер органдарына қарағанда, мұндағы бағалау өлшеміндегі айырмашылық – ашылған қылмыстардың санын ұлғайтуға келіп тіреледі. Бұл ретте қылмыстық істі сотқа дейін жеткізу екінші кезектегі көрсеткіш болып табылады.

Прокурордың мәлімдеуінше, қылмыстық істерді қозғаудың заңдылығына  күн сайынғы қадағалау нәтижесінде ғана қозғалған қылмыстық істер санын жасанды ұлғайтуға жол берілмеуде. Соның нақты мысалы ретінде былтыр 4, биылғы алты айда және осындай заңсыз қаулылардың өзгертілгендігі айтылды.

— Біздің көзқарасымызша, — деді облыс прокуроры, — қаржы полициясы органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемі мемлекеттің экономикалық мүддесімен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік шенеуніктердің зорлық-зомбылығынан қорғау да болуы тиіс.

Алайда қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғалары қандай да бір қылмыс белгілері болмауына қарамастан кәсіпкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғау, негізсіз тексеру жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды әлі де жалғастыруда.

Осы пікірдің мысалы ретінде «Евролестницы-Ақтөбе» ЖШС қызметіне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия болмауына қатысты тексеру жүргізілгендігі айтылды. Ал ЖШС жүргізетін нақты шаруалар ауқымы ҚР заңдылығы бойынша лицензиялауға жатпайды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстарды орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің аяқталмаған объектілері бойынша қаржы полициясының тексеру жүргізуі кәсіпкерлердің қызметіне едәуір тежеу салған. Осы екі дерек бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық іс қозғалуына өзгерту жасады.

Құқықтық реформаның табысты жүзеге асуына қатысты бір шара – кәсіпкерлердің қаржы полициясы органдарына сенімділігі деңгейін көтеру жүзеге асуы тиіс.

Қайта бөліс қайтарымы қандай?

Елбасы қол қойған Жарлыққа сәйкес құқық қорғау органдарын өздеріне тән емес қызметтерден босату және құзыреттіліктерін нақты шектеу мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Бұдан былай медициналық сауықтыру қызметі Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Баяндамада айтылғандай, біздің облысымыз бойынша өткен жылы медициналық сауықтыру орнына 11973 адам жеткізілген, ал биылғы жеті айдағы көрсеткіш 6983-ті құрайды. Ішкі істер қызметіндегі көрсеткіш қуалаудың бір тініне айналған бұл сала енді азаматтарға тікелей жоғары біліктіліктегі медициналық жәрдем көрсететін болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайрат Сабыр өзінің аталған мекемеде болып, іс жайымен толық танысқандығын, адамдарға көмек көрсетуді ізгілендіру саясаты ұсталынатындығын айтты.

Кәмелетке жасы толмағандарды уақытша бөлектеу, бейімдеу және қалпына келтіру орталығы Білім және ғылым министрлігі қарауына өтеді. Бұл орталыққа негізінен қадағалаусыз және ата-ана қарауынсыз қалған балалар түседі. Оларға тәртіп сақшыларының қатаң көзқарасы емес, педагогикалық тұрғыдан тәлім беретін ұстаздар қамқорлығы қажеттігін уақыт көрсетті.

Былтыр аталған орталыққа 309 кәмелетке жасы толмаған балалар жеткізілді. Ал биылғы көрсеткіш 174 болып отыр. Облыстық білім басқармасының бастығы Аманғали Құдайбергеновке облыс әкімі мектептердегі балалар арасында қылмысқа бойұрушылық байқалатыны, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін тапсырды.

Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуді бақылау өкілеттігімен енді Көлік және коммуникация министрлігі саласының қызметкерлері шұғылданады. Аса маңызды стратегиялық объектілерді қорғауды қоспағанда, күзет қызметі саласындағы бұрынғы өкілеттіктер бәсекелестік ортаға беріледі.

Әкімшілік қамауды орындау бойынша ІІМ функциясы кезең-кезеңімен Әділет министрлігі құзыретіне берілмекші, осылайша ішкі істер органдары өздерінің қызметіне тән емес бір шаруадан құтылады.

Бұған дейін қызмет атқарып келген үш аймақтық көлік құрылымдары бұл органдардың орталық аппаратына кіретін бір орталыққа бірікпекші. Оны жүзеге асыру Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға тапсырылды.

ІІМ құрылымында жұмыс істейтін Миграциялық полиция комитеті миграциялық процестерді мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтермекші.

Сонымен, біраз жұмыстар жаңа иелерін тапты. Қайтарым қалай болады – оны уақыт көрсетеді.

Аталған реформаның маңызды қағидаты қылмыстық саясатты ізгілендіру болмақ. Бұл ретте құқық қорғау органдары өз идеологиясын тү­бегейлі өзгертіп, жазалаушы іс-әрекет­те­рден бас тартуға, уақыт талабына сай келетін жұмыстың жаңа моделін құруға ұмтылады. Заңнамалық база ха­лықаралық стандарттар мен нарық­тық экономика талаптарына сәй­кес­тендіріледі.

Осындай жолмен қоғамның қылмыс­та­нуы барынша азайып, абақты­дағы сотталушылар саны мейлінше қыс­қа­рады.

Кеңейтілген кеңесте облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Патрис Нокин, облыстық соттың төрағасы Бектас Бекназаров, қаржы полициясының бастығы Іскендір Дентаев, облыстық әділет басқармасының бастығы Аманкелді Әшіров басқа да бірқатар басқарма басшылары, сондай-ақ Алға ауданының әкімі Қабай Сәрсенғалиев, Мәртөк ауданының прокуроры Жанболат Айымбаев, «ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесі»  облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов сөз алып, еліміздегі заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы бұл маңызды қадамның ілгері істерге серпін беретіндігін айтты.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Конституция күніндегі шеруге 12 мың адам қатысты
Конституция күні Ақтөбеде еңбек және шығармашылық ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, этномәдени орталықтар өкілдері және жастар мен оқушылар қатысқан мерекелік шеру өтті. Шеруге 10 мыңнан астам адам қатысты.

Мерекелік шеруге қатысушылар ертеңгілік екі жерге: еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және ұлттық орталықтар өкілдері мен жастар — Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға, ал оқушылар «Қоныс» спорт сарайы алдына жиналды. Мерекеге орай әсем безендірілген қаланың орталығындағы бұл орындарда жұрт жиыла бастағаннан-ақ әсем ән мен күй естіліп, мың бұралып сахнаға шыққан бишілер өнері көз қуантты. Шеруге шықпақ ниетпен жиналғандардың жүзінен, күлкілерінен мерекелік көңіл күй сезіледі. Шеруге қатыспақ жұрттың арасында жас та, кәрі де, тіпті ата-анасына еріп келген, қолдарында жалаушалары бар сәбилер де жүр. Этномәдени орталықтар өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық музыкалық аспаптарын алып шыққан. Ал жастар жағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына — 15 жыл», «Тәуелсіз Қазақстан жасасын!» сынды ұрандар көтерген. Кейбір ұжымдар осы шеруге арнайы киім, жалаушалар әзірлеп, үлкен дайындықпен келгені байқалады. Осының бәрі, әрине, Конституция күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналып отырғанын көрсетеді.

Шеруді ту ұстаушылар мен барабаншылар бастап, олардың соңынан саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері ілесті. Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Түрікменбай Айжарықовтан білгеніміздей, шеруге саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілі ретінде ғана 500-ге жуық адам қатысқан.

«Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Атамекен», «Әділет», Қазақстанның патриоттар партиясы, басқа да саяси партиялар өкілдерінен кейін шеруді ұлттық-мәдени орталықтар мүшелері жалғастырды. Корей, украин, шешен, т.б. халықтардың ұлттық киімдері жарқ-жұрқ еткен бұл топ шерудің ерекше салтанатты бір тұсы болды. Ал олардан кейін шеруді Ақтөбедегі ірі зауыттар, банктер, коммуналдық кәсіпорындар, мекемелер ұжымдары жалғастырды. Еңбек ұжымдарының соңынан шеруге оқушылар қосылды.

Шеруге қатысушылар Еліміздің Әнұранын, басқа да патриоттық әндерді айтып, Әбілқайыр хан бабамыздың есімін иемденген даңғыл бойымен облыстық әкімдік ғимаратына дейін жүріп өтті.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Бизнес және жоба
Әлемнің дамыған елдерінде  шикізат пен табиғи ресурстарға негізделмеген бизнес саласына ерекше мән беріледі. Өйткені ішкі бюджеттің қомақты бөлігін шағын және орта бизнестен түсетін табыстар құрайды. Яғни кәсіпкерліктің экономиканың қуат көзі екенін түсінген Еуропаның дамыған мемлекеттері бұл шаруаны бір ізге қойған. Демек, Мемлекет басшысының осы салаға ерекше мән беруінің де бір ұшы осында.

Елбасының қолға алуымен құрылған «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бүгінде кәсіпкерлер тарапынан қызу қолдауға ие болуда. Осы орайда өткен аптада Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен аймақтық кеңес өтті.  Жиында бағдарламаның жүзеге асырылуы және  әкімшілік кедергіні қысқарту мәселелері сөз болды. Республиканың әр аймағынан келген өкілдер өз ойларын ортаға салды.

Облыста 56 жоба жүзеге асады

Жиында сөз алған облыс әкімі Елеусін Сағындықов аймақтың экономикалық ахуалына тоқталып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынып жатқан игі істерді сөз етті. Ал Үкімет басшысының орынбасары кеңестің  Ақтөбеде тектен-тек өткізіліп отырмағанын, яғни өңір экономиканың сан саласын қамтитынын айтып, республика аймағында бағдарламаның орындалуын әңгімеледі.

— Инудустриялды дамудың түп негізі — кәсіпкерлікте. Алайда бүгінгі күні еліміздің кәсіпорындары экономикалық тұрғыдан толық қалыптасып үлгерген жоқ. Өйткені бізге білім мен тәжірибе әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты Үкімет кәсіпкерліктің қуатын арттыру бағытындағы жұмыстарға  басымдық беруде. Ал «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы —  ел кәсіпкерлігінің қуатын арттыратын бірден-бір жоба, — деді.

Бағдарламаның алғашқы кезеңі 2010-2014 жылдардың аралығын қамтиды. Жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар — жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шет елге тауар шығарушыларды қолдау. Яғни биылғы жыл осы жобаларды жүзеге асыратын пилотты жыл болмақ. Жобаны жергілікті атқарушы орындармен Экономикалық даму және сауда минстрлігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асырады. Жалпы, бағдарлама бойынша облыс кәсіпкерлерінен 124 жоба түскен. Оның ішінде 56 жоба аталған министрліктің  келісімімен бекітілген. Бұл жобаларға 405 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Жалпы, бағдарлама аясында  республикалық трансферттер арқылы облысқа 629 миллион теңге бөлінген. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау үш бағыт бойынша жүргізіледі. Яғни жобаларды іске асыру үшін банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін субсидиялау, инфрақұрылымды дамыту және бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету. Мәселен, субсидиялау бағыты бойынша кәсіпкер банктен 14 пайызбен несие алатын болса, оның 7 пайызын мемлекет, қалғанын кәсіпкердің өзі төлейді. Сондай-ақ кепілге қоятын мүлік жағынан да мемлекет көмек көрсетеді. Егер аталған мәселе төңірегінде қиындықтар туатын болса, «Даму» қорының кепілдігімен несие бере алады. Бұл кепілдік жоба құнының 50 пайызын жабуға мүмкіндік береді. Әкімдік жобаның аймақ үшін қажет екендігін растай отырып, өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітеді және кепілдік құнының 20 пайызын әкімдік өз мойнына алады. Демек, бұл — кәсіпкер кепілдік мәселесіне аса қатты  бас ауыртпайды деген сөз.  Сондай-ақ бағдарлама аясында кейбір кәсіпкерлікті қайта жаңартып, көлемін кеңейту мақсатындағы жұмыстарға банктер арқылы қаржы жағынан көмек беріледі.

Жалпы, бағдарлама алғаш жүзеге асырыла бастағанда үміттен күдік басым болатын. Әсіресе, кәсіпкерлер тарапынан алаңдаушылық болды. Ал қазір жобаның ел  экономикасын өрге сүйрейтініне көз жеткізгендейміз. Өйткені жиынға қатысушылар кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстардың жиі түсіп жатқанын айтты. Мәселен, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы құны 27,7 миллиард теңгені құрайтын 108  жоба түскен. Оның ішінде 30 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылып, 4,9 миллиард теңгені құрайтын 28 жоба мақұлданған. Ал бағдарламаның екінші бағыты бойынша құны 17 миллиард теңге болатын 13 жоба қабылданған. Оның ішінде басты жобалар Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Астана, Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылмақ. Егер осы жобалар жүзеге асса, әр аймақта  мыңнан астам жұмыс орны іске қосылады. Мәселен, «Ақтау құю зауыты» ЖШС-сы 7,7 миллиард теңге көлеміндегі несиеге құю және электр цехтарын салса, «Шығыс Қазақстан жылыжай кешені» серіктестігі 2,2 миллиард теңгеге көкөніс өсірмек. Ал біздің облыста «ТехЛокСервис» ЖШС-ы құны 134,8 миллион теңгені құрайтын  жөндеу орталығын іске қоспақ. Осы мәселелерді сөз еткен  Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Марат Құсайынов бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 34,7 миллиард теңгені құрайтын 25 жоба түскенін айтты. Оның ішінде 14 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылыпты. Кеңес жобаға 19,24 миллиард теңге қажет деп тауып, барлық жобаны мақұлдаған. Жалпы, үш бағыт бойынша субсидиялау құны 41,14 миллиард теңге болатын 55 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ  «Бизнестің жол картасы — 2020»  бағдарламасы бойынша экономиканың агроөнеркәсіп кешені, кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз жасау, құрылыс материалдарын өндіру секілді өзге де салаларға  ерекше назар аударылған.

Кедергілер қалай азаяды?

Соңғы жылдары әкімшілік кедергіні азайту және бизнесті жақсарту бағытындағы жұмыстар жаңаша сипат алып, жандана бастады. Мәселен, лицензиялық рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бақылау жүйесін реформалау және Дүниежүзілік банктің «Doіng busіness» рейтингіндегі Қазақстанның рөлін ілгерілету мақсатында түрлі жұмыстар қолға алынды.

«Doіng busіness» рейтингі бизнесті жүргізу жеңілдігін айқындайды. Яғни осы рейтинг бойынша  қай мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытуға, қолдауға, оларға кедергі болмауға  қандай жағдай жасап отырғаны анықталады.  Бұл тұрғыда Қазақстан әлемдегі 183 елдің ішінде 63-ші орынды алады екен. Осы рейтингіні ілгерілету мақсатында Үкіметтің қолдауымен жеті сараптау тобы құрылып, олар әзірлеген несие алу, меншікті тіркеу, салық салу, келісім-шарттарды рәсімдеу секілді ұсыныстары Дүниежүзілік банктің қолдауына ие болды. Жиында осы және кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелері сөз болды. Өйткені елімізде кәсіпкерлер кездесетін қиындықтар аз емес. Алдымен түрлі тексерулердің өзі кәсіпкерлердің адымын аштырмайды. Өткен жылы осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту мақсатында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, ведомоствалық есеп жүргізуді енгізу жолымен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру секілді өзге де бағыттағы өзгерістер енгізілді. Тексеру жүргізу тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүзеге асырылады. Яғни тексеру кезінде кәсіпкерлерді жоғары, орташа және елеусіз тәуекел топтарына  бөлу керек. Мәселен, тәуекел дәрежесі төмен кәсіпкерлік нысанға тексеру бес жылда  бір рет,  орташа тәуекел тобы — үш жылда бір, ал жоғары тәуекел тобындағылар жыл сайын тексеріледі.  Осы топтарға сәйкес тексеру кезінде мемлекеттік органдар бизнестің күрделі субъектілері саналатын ветеринария, өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық, мақта нарығы, сантитарлық-қадағалау салаларына жиі  тексерулер жүргізбек. Жалпы, бұндай бағалау жүйесі бақылау нәтижесін жақсартып, бизнеске жүктемені азайтпақ.  Сондай-ақ кеңесте «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарға енгізілген өзге де түзетулер сөз болды.

Сондай-ақ Қазақстандағы рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес өткен жылдан бастап елімізде рұқсат беру жүйесін оңтайландырудың бірінші кезеңі жүргізілуде. Осыған орай нормативтік- құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі 22 жұмыс тобы құрылып, қазір жүйелі жұмыс жүруде. Кеңеске қатысушылар  құжат рәсімдеуде уақыт үнемдеу, кіріс-шығыс  қағаздарына қатысты тексерулер және өзге де әкімшілік кедергілер төңірегіндегі ойларын ортаға салды.  Жиын соңында Алматы, Қарағанды қалаларынан келген өкілдер өз пікірлерін білдірді.

Кәсіпкер не дейді?

Самат САДУАНОВ, «Алғабас» ЖШС-ның директоры:

— «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, шаруашылығымды кеңейту мақсатында, яғни жаңа цех салуға банктен  50 миллион теңге көлеміндегі несиені төмен пайызбен алдым. Бұрын 14 пайыз болса, қазір оны 4 пайызға азайтыпты. Бұл кәсіпкер үшін үлкен көмек. Алайда монополистік мекемелер  тарапынан кедергілер көп. Мәселен, жол салып, жарық, газ тарту үшін үлкен  уақыт шығындайсың. Әсіресе, қағазбастылықтан әлі арыла алмай келеміз. Мәртөк ауданы шағын әрі ауыл азаматтарын жақсы танитын болғандықтан, аудандағы шаруалар оңай шешіледі. Ал қалада бұл бар уақытыңды алады. Сондықтан да осы мәселе бір ізге келсе деген ойдамыз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Заң және зағип жандар
Өткен аптада облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Ата Заңым — айбыным» атты мерекелік кеш өтті.

Кешімізді Қазақ соқырлар қоғамы облыстық филиалының бастауыш ұйымының төрағасы Н.Ахметов ашты. Батыс Қазақстан гуманитарлық-заң колледжінің мұғалімі Салтанат Кусепова қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі заңдар мен Конституция туралы толыққанды мағлұмат берді.

Шара барысында зағип оқырмандарымыз келген қонаққа күнделікті тұрмыста мазалап жүрген, мүгедектердің жеке құқығы, бала асырап алу, келісім-шарт, гендерлік саясат және т.б. әр тақырыпта сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Көз мүгедектерінің арасында құқықтық сауаттарын ашу мақсатында қойылған викториналық сұрақтарға жауап берген Ш.Шертаев, Д.Тасбаев, Ғ.Әлішева, С.Островский сый-сияпаттарға ие болды.

«Ата заң — бейбіт, еркін өмір бастауы» атты кітап көрмесіне мемлекеттік  рәміздермен қатар, бедерлі-нүктелі әріппен терілген «Конституция Республики Қазақстан» кітабы, дыбыстандырылған «Қазақстан Республикасының Заңы» аудиокассетасы қойылды. Сонымен қатар зағип оқырмандарымызға кітапханамызға жақында алынған «Сара» оқу машинасы арқылы жалпақ әріппен  терілген «Қазақтың ата заңдары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» секілді  әдебиеттерді оқуларына болатыны жөнінде айтылып өтілді.

Кеште облыстық халық шығармашылық үйінің әнші-термешісі Қуанышкүл Серікбаева «Ақтөбем», «Қазақстан» секілді патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, оқырмандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Оқырмандар атынан сөз алған А.Мұратәлі кітапхана ұжымына мазмұнды, тартымды шара үшін алғысын білдірді. Кеш соңында арнаулы кітапхананың директоры Несіп Есенжанова шараға келген оқырмандарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін айтты.

Д.ШЫНТАЕВА,

облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сектор бөлімінің меңгерушісі.

«Нұротандықтардың» қатары толықты

Ата   заңымыздың 15 жылдығы қарсаңында облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаментінің 28 қызметкері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қатарын толықтырды.

Шараға «Нұр Отан» ХДП қоғамдық ұйымының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дариға Байжанова  мен облыстық партия филиалының заңгері Дүйсен Лаукенов шақырылды.

Департамент директоры Құралай Әлжанова жиналғандарды Конституция күнімен құттықтай отырып, 19 жыл ішінде тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын сөз етті.

— Қазір Қазақстанда сан түрлі қоғамдық-саяси күштердің, ұлттар мен ұлыстардың  арасында өзара түсіністік пен келісім қалыптасқан. Әсіресе, еліміздің ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі — үлкен мақтаныш. Қол жеткізген табыстарымызда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының алатын орны ерекше. Сондықтан бұл партияға мүше болу — үлкен жауапкершілік, — деді ол.

Шара соңында 28 қызметкерге салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді.

Гүлжан МАХАНОВА,

ҚР ДСМ МСЭҚК Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің бас маманы.

Ақтөбе облысының әкімі Е.Н Сағындықов мырзаға
Құрметті Елеусін Наурызбайұлы!

Ақтөбе облысының бір топ зиялы қауым өкілдері мен республикаға ерекше еңбегі сіңген ардагерлерінің маған жолдаған хаты келіп түсті. Аталған хатта XVII ғасырда, Әз-Тәуке ханның тұсында жоңғарлардың әлемге ертеден белгілі қазақ елінің мәдени-экономикалық, тарихи-стратегиялық орталықтары болған Сайрам, Түркістан өңірлерін басып алу үшін жасаған 1681-1684 жылдардағы қанды-қырғын шапқыншылығына қарсы күреске екі мың шақырымдай қашықтықта жатқан Ақтөбе өңірінен 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп келіп, қазақтың елі мен жерін қорғау үшін үш жыл жан алысып – жан берісіп соғысып Қазақ мемлекетін (хандығын) сақтап қалуға зор үлес қосқан Шекті Тілеу батыр Айтұлының Сайрам үшін шешуші шайқаста өзінің де, баласы Жолдыаяқтың да опат болғандығы, екеуінің де сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде жерленгені баяндалып, Тілеу батырдың жанқиярлық ерлігінің ұрпақ тәрбиесіне маңыздылығы ескеріліп, Тілеу батырға Ақтөбе қаласында ескерткіш орнату жөніндегі ұсыныстары мен соған қолдау көрсету сұралған екен.

Мен Тілеу батыр Айтұлының Сайрам соғысындағы жанқиярлық ерлігі жөнініде хабардар болатынмын. 2000 жылы тамыз айында Түркістан қаласына әйгілі батырдың 200-дей ұрпақтары келіп баба рухына тағзым етіп, ас беріп, ақтөбеліктердің елін қорғау үшін күресі мен оның тарихи маңызы жөніндегі өткізілген барлық шараларға қатысып, ғылыми-тағылымдық конференция да өткізген болатынбыз.

Ақтөбеліктердің ұсыныс хатын қолдай отырып сізге ҚР ҰҒА ғалымдарының атынан  Ақтөбе қаласында Шекті Тілеу батыр Айтұлына ескерткіш орнатылса өте орынды, ұрпақ тәрбиесіне маңызды, өзгелерге үлгі болар еді деген өтінішімізді жеткізгіміз келеді.

Құрметпен

ҚР ҰҒА

президенті, академик М. ЖҰРЫНОВ

Баға бақылауға алынды
Кеше облыс әкімінің орынбасары Ізбақ Өмірзақовтың төрағалығымен тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабтың кезекті мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында осы жылдың қыркүйек айында Жаңажол МГӨК-2-де құрал-жабдықтарды ауыстыруға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілетіні, сол себепті «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сығымдалған газ өндіру көлемін азайтатындықтан, облыстың ішкі рыногында дефицит болдырмау және тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Штабтың шешімі бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға сығымдалған газды жіберу көлемін азайтпау, бұл өнімді қыркүйек айында жергілікті таратушылармен жасалған келісім-шартқа сәйкес өндіру ұсынылды.

Екінші мәселе бойынша 28 тамызда Ақтөбе қаласында өткізілген облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесінде жағымды өзгерістер болғаны атап өтіліп, Ақтөбе қалалық әкімшілігіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді одан әрі жақсарту, соның ішінде жәрмеңке өткізілетін күні «Табыс» базарына қосымша автобус маршруттарын шығару тапсырылды.

Үшінші мәселеге байланысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Т.Өтесінов штаб мүшелері мен мәжіліске қатысып отырған, жанар-жағармай тарататын мекемелердің басшыларын 20 тамызда мұнай және газ министрлігінде өткізілген кеңестің қорытындыларымен және қыркүйек айында ішкі рынокты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармай сату механизмін үйлестіру мәселесімен таныстырды.

Штаб кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына мұнай және газ министрлігінде өткен кеңестің құжаттарына сәйкес жанар-жағармайды төмендегідей бағамен сатуды және мұны Ақтөбе қаласы мен аудандандардың әкімшіліктері бақылап отыруы қажеттігіне назар аудартуды тапсырды: АИ-80 бензинінің литрін — 70 теңгеден, АИ-92/93 бензинінің литрін — 88 теңгеден асырмау, дизель отынының литрін — 71 теңгеден асырмау.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Үздік тауар иесі кім?
Өткен жұмада Достық үйінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық байқау-көрме өтті. Байқауға облысымыздан 20 кәсіпорынның өкілдері қатысты.

Облысымызда жыл сайын ұйымдастырылатын байқау-көрменің басты мақсаты — кәсіпорындар мен зауыттардың қызмет белсенділігін, отандық тауарлардың сапасын арттыру, сонымен қатар тұрғындарды  жоғары сапалы әрі тиімді өніммен  қамтамасыз ету. Көрменің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова қатысып, үміткерлердің өнімдеріне баға берді.

— Облысымызда жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқау-көрменің біз үшін маңызы зор. Облыста өндірілетін өнімдерге қолдау жасау негізінде өткен байқауда әрбір зауыт, кәсіпорын өздері шығаратын өнімінің бағасы мен сапасын жұртшылық назарына ұсынып, нарықтық бәсекеге түсе алады. Байқауға қатысатын үміткерлерге қойылатын талап жоғары. Өйткені мұнда жеңімпаз атанғандар республикалық байқауларға жолдама алады. Бүгінгі көрмеге  қойылған өнімдердің барлығы жоғары деңгейде. Республикалық байқауларда да біздің кәсіпорындар жоғары орындарға қол жеткізеді деп ойлаймын, — деді ол.

Байқау-көрмеге қатысушы кәсіпорындардың барлығының да нарықта өз орны бар.  Әсіресе, Ақтөбе бейметалдар зауыты өндіретін өнім тек елімізде ғана емес, өзге аймақтарда да үлкен сұранысқа ие. Мекеме директоры Ян Тампаев өндіріс ошағының күн санап дамып келе жатқанын сөз етті.

— Зауыттың ашылғанына 5 жыл болды. Бұрын бізде тек су құбырлары ғана өндірілетін, енді мұнай-газ саласына және басқа салаларға арналған үлкен диаметрлі құбырлар жасалады. Зауытымызда өндірілетін өнімнің тоқсан пайызын экспортқа шығардық. Нәтиже жақсы, шетелдерден де сұраныс басым. Сонымен қатар біз өзге елдердегі түрлі тендерлерге қатысып, бақ сынадық. Айта кету керек, қандай байқауларда болмасын, біздің ұжым жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүр. Бұл біз үшін де, облыс үшін де үлкен мәртебе, — дейді Ян Тампаев.

Сонымен қатар көрмеде қиыршық тас, құм, әйнек тәрізді түрлі құрылыс бұйымдарымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін «Көктас-Ақтөбе» ААҚ ұжымының бұйымдарын қызықтаушылар көп болды. 2007 жылдан бастап өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынған кәсіпорынның өнімі сапалы әрі бағасы тиімді.

— Кәсіпорындар мен мекемелердің арасында мұндай байқау-көрменің ұйымдастырылуын құптаймын. Себебі өнім өндірушілер тауарының сапасын сынатып, жаңа әріптестер табады және тапсырыстар алуды мақсат етеді. Біз халыққа қажетті құрылыс бұйымдарымен бірге азық-түлік, оның ішінде «Шалқар суы» мен тауық өнімдерін шығарамыз. Бестамақ ауылындағы «Ақ құс» фабрикасында тауық өсіріп, 5 құс фабрикасынан жыл сайын тұтынушыларға 500-550 тонна тауық өнімдерін ұсынамыз, — дейді директордың орынбасары Ескендір Нұғыманов.

«Үздік тауар өндіруші кәсіпорын» номинациясы бойынша жүлделерді «Ақтөбе бейметалдар зауыты» (І орын), «Стройдеталь» ЖШС (ІІ орын), «АЗНО» АҚ (ІІІ орын) иеленді. «Тұрғындарға арналған үздік азық-түлік өнімдері» номинациясы бойынша жеңімпаздар: «Экотон Батыс» ЖШС (І орын), «Ақтөбе жиһаз фабрикасы» ЖШС (ІІ орын), «Евролестница» ЖШС (ІІІ орын). Ал «Үздік азық-түлік өнімі» номинациясында «Тандем-W» ЖШС (І орын), «Ақтөбе нан комбинаты» ЖШС (ІІ орын), «Степное» ЖШС (ІІІ орын) жеңіске лайық деп танылды.

Үздік кәсіпорындар жыл аяғында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Қыркүйекте күн салқындайды
Бұл айдағы орташа температура 14-17 градус аралығында  болмақ. Ай бойы күндіз 20-30 градус, түнде  10-15 градус  жылылық сақталады. Тек айдың  аяғына қарай 0 — 2 градусқа дейін салқындап, су қатады.

Айдың алғашқы онкүндігінің басында күндіз 20-25 градус, түнде 5-10 градус жылы болады. Ал онкүндіктің аяғы мен екінші онкүндіктің басында температура  сәл көтеріледі. Күндіз 25-30, түнде  10-15 градус болмақ. Ал 17-20 қыркүйек аралығында күн сәл салқындап, ауа температурасы күндіз 17-22, түн 3-8 градусты  көрсетеді деп күтілуде.

Осы температура үшінші онкүндіктің басында да сақталады.  Кейін күн тағы да сәл салқындайды. Күндіз термометр бағаны 15-20 градусты көрсетпек. Ал айдың аяғында, 28-30 қыркүйекте  облыстың солтүстік-шығысында түнде 0 — 2 градусқа дейін салқын болмақ.

Сондай-ақ айдың алғашқы онкүндігі  мен соңғы күндері жаңбырлы болады. Және айдың басы мен соңында  батыстан соққан желдің жылдамдығы  секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қоңыр күз басталды. Тұрғындардың су  етіктері мен қалың күртешелерін әзірлеп қойғандары жөн. Ар жағында қылышын сүйреткен қыс та алыс емес.

Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.