Басты бет » Құқық

Құқық

Заңдылық сақталуымен құнды

Прокуратура Облыстық прокуратурада заңдылықтарды сақтау жөніндегі консультативтік кеңестің мәжілісі болып өтті. Кеңес төрайымы Мәрия Тәжібаева күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселенің маңыздылығына тоқталды. «Бүгін біз мемлекеттік органдардың азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау аумағындағы заңдылықтарды нығайтуға қатысты алынып жатқан шаралар туралы қарастырамыз. Қандай кемшіліктер орын алып отыр, соны анықтауымыз керек», —  деп атап көрсетті ол. Жиында облыс прокурорының аға көмекшісі Гүлжан ...

Жалғасы »

Еңбек заңдылықтарын ақысыз үйренеді

ҚР еңбек заңнамасының негіздерін әрбір жұмыскер білуі керек. Сонда олар еңбек қатынастары кезінде өз құқықтарын қорғай алатын болады. Бұл жалдамалы жұмыскердің өз  еңбегін дұрыс алуымен бірге, өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмауға да жәрдемдеседі. Жасыратыны жоқ, еңбекке қатысатындардың бәрі бірдей маңызды деп саналатын еңбек шартын жасасуды,  оны бұзуды, кепілдіктер мен өтемақы төлеуді, ұжымдық шарт жасасуды, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелерін, өздерінің құқықтары ...

Жалғасы »

«Сот кабинеті» сервисін пайдаланыңыз

Қазіргі таңда 50 мыңнан астам азамат «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің тұтынушысы саналады. Жоғарғы Сот бұл жобаны 2014 жылы іске қосты. Соттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуде «Сот кабинеті» сервисінің алар орны орасан зор. Ақтөбе қалалық сотына 2017 жылдың 8 айында «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде 13230 құжат тапсырылған, соның ішінде 12575 талап-арыз бар. Бұның өзі сервиске деген сұраныстың нақты дәлелі. Бүгінгі күні ...

Жалғасы »

Құқықтық актіні тіркеу тәртібі қандай?

Облыстық әділет департаментіндегі негізгі мәселенің бірі — жергілікті мемлекеттік органдардан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеу. Себебі, мекемелер бұл жұмыстардың тәртібін біле бермейді. Ақтөбе облысы әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Жанна Сабырбаеваның айтуынша,  жыл басынан бері аталған  бөлімге мемлекеттік тіркеу үшін жергілікті атқарушы және өкілді органдардан 574 акті түскен.  Олардың  ішінде 463 нормативтік-құқықтық акті мемлекеттік тіркеуден ...

Жалғасы »

Жасөспірімдер қылмысы көбейіп барады

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс екі есеге өскен.  Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев мектептер мен колледж директорлары, мектеп инспекторлары, ювеналдық полиция қызметкерлері мен аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысқан жиында мәлімдеді. Оқушылар арасындағы қылмыстық жайттар және оның алдын алуға  қатысты жиын Ақтөбе қаласындағы мұнай және газ колледж базасында өтті. Жиынға облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық ...

Жалғасы »

Жұртшылықпен жүздесу

Сот Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай қызметтік сапармен Байғанин және Қобда аудандық соттарын аралап, аудандық соттардың жұмысымен танысты, аудан активінің қатысуымен жұртшылықпен кездесу өткізді. Жиын барысында облыстық сот төрағасы өткен жылы қазан айында облыстық сотта «Ұлт Жоспарын орындау аясында Азаматтық процестік кодекстің жүзеге асырылу жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, онда Азаматтық процестік кодекстің жаңашылдықтарына жоғары баға берілгенін атап өтті. ...

Жалғасы »

Қымбат құндылығымыз

Тіл Қазақстан Республикасы бүгінде туы биік, тәуелсіздігі тұғырлы мемлекет ретінде қалыптасты. Өзінің  Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, Ата заңы, мемлекеттік тілі  бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында осы жылдарда мемлекеттік тіл — қазақ тілінің аясы кеңейіп, мәртебесі өсті. Қазір орыс тілді қазақ азаматтарымен бірге, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері де мемлекеттік тілді жақсы игере бастады. Олар қазақ тілінің мағынасы өте терең, бай ...

Жалғасы »

«Альтернативник» өтеді

ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне кесілген  сотталғандардың арасында арнайы жұмыс жүргізеді. Қайта қылмыс жасау мен жазаны өтеуден бой тасалаудың алдын алу бағытында республикалық іс-шаралар ұйымдастырады.  Мәселен, сот органдарынан келіп түскен қаулы, үкім бойынша сотталған адам туралы барлық мәліметтер өкілдікке уақытылы жолданып, пробация қызметінің ...

Жалғасы »

Ашық әңгіме өткізді

Сот Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді. Шараның негізгі мақсаты — сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру. Өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді. Интернет-конференция барысында оннан астам сұрақ түсті. Атап айтқанда сот актілерін орындау, ортақ мүлікті бөлу, жұмысқа қайта орналасу мәселелері, сондай-ақ, ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік тірегі

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ел егемендігіне  қолымызды жеткізген соң, алдымызда тұрған бағыттардан ел үшін, халық үшін дамуға ең қолайлы, демократиялық жолды таңдау қажеттілігі туындағаны белгілі. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғандығы, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігі мемлекетіміздің басты құжаты — Ата заңымызда баянды ...

Жалғасы »