Басты бет » Мәдениет (page 167)

Мәдениет

«Ясауи» тобы келеді

12 наурыз күні облыс орталығындағы Жастар сарайында «Ясауи» вокалды тобы тыңдармандарға жаңа бағдарламасын ұсынбақ. Құрылғалы бері қазақ даласының барлық аймағын аралап, ата-бабаларымыздан қалған мұра — зікір, салауат, таһлил, мәуліт әуендері арқылы жұртшылық ықыласына бөленген «Ясауи» тобымен ақтөбеліктер екі жыл үзілістен кейін кездескелі отыр. Олар Пайғамбарымыздың туған күні — Мәуліт мерекесінде Түркістан қаласында өнер көрсетіп, Ақтөбеге осы қасиетті қала арқылы келеді. ...

Жалғасы »

Мөңке бидің күйшілігі хақында

Қазақстан Республикасының халық әртісі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, профессор Тұяқберді Шәмеловтің біздің облысқа бірінші келуі емес. 17 жасынан бері еліміздің бас оркестрінде өнер көрсетіп келе жатқан Тұяқберді аға қаланы былай қойғанда, талай аудандар мен ауылдарымызды аралаған. Бірақ бұл жолғы сапарының орны бөлек. Оркестрсіз өзі келген өнер тарланы облыс жұртшылығын ғана емес, тіпті, өнер адамдарын таң ...

Жалғасы »

«…Меншіктеп алдым ән-ғұмыр!»

Сөзбен айтып жеткізуге болмайтын нәрсені екі түрлі жолмен ғана жеткізуге болады деседі. Бірі — үнсіздік, екіншісі — музыка. «Құлақтан кіріп, бойды алатын» ән-ғұмырды «кеудесіне ендіріп, меншіктеп алған» әншінің қуанышы тыңдармандарының жүзінен ризашылықты көру, олардың «бәрекелдісін» есту ғана шығар. Көктемнің алғашқы күндерінде өнер айдынында бірге жүзген жұп — әнші Айтбаевтар елінің алдында шығармашылық есебін берді. ҚР Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев пен ...

Жалғасы »

Ақтөбеде өткен съезд

1917 жылдың көктемі қазақ жұртының қоғамдық-саяси өмірінде жаңалықтарға, ұмтылыстарға толы кезең болды. Батырлықтың, батырлардың бағы тайған заманда енді Азаттық үшін күрестің тізгінін зиялылар ұстады. Бүкіл елдің басын біріктіріп, ортақ мақсат-мүддеге жұмылдыруды көздеген қазақ зиялылары ең алдымен жалпы қазақ съездерін ұйымдастыруды қолға алды. 1917 жылғы шілдеде — бірінші, ал желтоқсан айында екінші жалпы қазақ съездері өткені тарихтан белгілі. Ал осы съездерде ...

Жалғасы »

«Ойылдың ән сұңқары»

Өткен аптаның бейсенбісінде облыстық халық шығармашылығы үйінде әнші-сырнайшы, тәлімгер ұстаз Мұқанбетқали Сатыбаевтың өнердегі еңбегіне 40 жыл толуына орай «Ойылдың ән сұңқары» атты шығармашылық кеші өтті. Сірә, жұртшылық домбыраның үні мен сырнайдың сазын, қоңыр дауыста шырқайтын әнші даусын сағынған болса керек, Мұқанның шығармашылық кешіне адам көп жиналды. Бір кездері «Ойылдың Шульгасы» атанған Мұқан тыңдармандарын қашан да әдемі даусымен, сыңғыр сазды баянымен ...

Жалғасы »

Сахнада – «Король Лир»

Досы мен қасын айыра алмай, екіжүзділікке сеніп, естіліктен жұрдай қыздарына ел тізгінін ұстатқан, ал еркелікті аярлыққа балап, шын тірек болатын адамын шетке қаққан король өмірінің қасіретін баяндайтын «Король Лир» трагедиясы Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сахналанды. Спектакль премьерасы кеше, 25 ақпанда өтті. Ал бір күн бұрын спектакль облыстық мәдениет басқармасы жанындағы бірлескен көркемдік кеңес мүшелерінің талқысына ұсынылды. Жалпы, бұдан ...

Жалғасы »

Айтбаевтар

Қанат пен Светлана Айтбаевтар. Өмірде де, өнерде де қол ұстасып бірге жүрген әдемі жұп Қазақстанның өнерді сүйетін, қазақтың әнін ұнататын қауымына түгел таныс. Өнердің ортақ қазаны саналатын Алматының үлкен сахналары да оларды жат санамайды. Республикалық деңгейдегі телевизиялық музыкалық бағдарламалардан, жобалардан да олар тыс қалмайды. Әдемі келбетімен, әдемі өнерімен көрермендерін қуантып жүрген Айтбаевтар үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Жақында ерлі-зайыпты әншілер бірнеше ...

Жалғасы »

Бойтұмар

Ырғыз өңірінің тамаша перзенті Сәндібек Байжиен тірі болса 28 ақпан күні 60 жасқа толар еді. Алайда үлкен жүректі азаматтың ғұмыр жолы ерте аяқталды. Қызы Жанар жақында «NOBEL» баспасынан әкесінің әр жылдарда жазған мақалалары, тарихи зерттеулері, әңгімелері һәм күнделіктерін жинастырып «Бойтұмар» атты кітап шығарды. Біз төменде сол кітаптың алғысөзі мен Сәкеңнің күнделіктерінен үзінді беріп отырмыз. Адал ерден қалған із Сенгім келмейді: ...

Жалғасы »

Ауылдан шыққан талант

Кішкентай Равиль анасының сазды әуеніне елтіп отыратын. Анасы үйге қонақтар келгенде ылғи да ән салып береді. Равиль болса анасының баурап алатын әндерін айта жүріп, қайталауға тырысатын.  Нұрания ана бес баласының біреуінің музыканы үйренгенін қалап, әйелдерге тән ақылдылығымен жалпы отбасылық қаржы қорынан үнемдей  отырып, үлкен баласына гармонь  сатып алып берді. Баласының досы осы уақыттың  өзінде гармоньда ойнайтынын білетін. Досы келіп тұратын, ...

Жалғасы »

Дінбасы ақтөбеге дән риза

Облыстық орталық мешіттердің бас имамдары есеп берген жиында Бас мүфти Ақтөбе облысында жасалған жұмыстарды ерекше атап өтті. Халықтың бірлігі, ынтымағы тәуелсіздігіміздің бірден-бір тірегі, кепілі болмақ. Сондықтан барша қазақтың бір дінде, соның ішінде бір мәзһабта, бір сенімде болуы қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бұл орайда соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына филиал болып табылатын мешіттер қатарының көбеюі – үлкен жетістік. ...

Жалғасы »