Басты бет » Мәдениет (page 10)

Мәдениет

Өнегелі өмір

Тағзым Өткен жұма, сенбі күндері Ақтөбе қаласында және Ойыл ауданында  қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, ғалым, партия-кеңес қызметкері Байсалбай Жолмырзаевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алуға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар өтті. Бірінші күні Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс шағын ауданындағы  Байсалбай Жолмырзаев атындағы көшеде мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу салтанатына қатысқан Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин: — ...

Жалғасы »

Жыр арқауы — Астана

Мүшәйра Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Бақытты бала» жобасы аясында және Елордамыздың 20 жылдығына орай «Ақтөбе жыр құшағында» атты Батыс Қазақстан аймақтық балалар жыр мүшәйрасы өтті. Шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дүниетанымын кеңейту. Ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығынан бастау алған, 17 жыл тарихы бар жыр байқауының биылғы тақырыбы Астана қаласының 20 жылдық  мерекесіне арналды. Мүшәйраға барлығы 77 талапкер өз ...

Жалғасы »

Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені

Ақтөбедегі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері оқырман арасында «Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені» атты бейне слайд сағатын өткізді. Қазақстандағы биылғы «Өзбекстан жылы» аясында ұйымдастырылған шара барысында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, Өзбекстандағы оқырманға Абай Құнанбаевтың, жергілікті оқырманға Әлішер Науаидың шығармаларын насихаттап жатқандығы туралы мағлұматтар берді. «Көп ұлтты  Қазақстан», «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» сынды бірнеше тақырыпта бейнеслайдтар ...

Жалғасы »

Өнегенің өзегі

Құрмет Жуықта танымал әрі қызықты армян ақындарының бірі Геворг Эминнің өлеңдерін оқып отырып, бір туындысына көбірек тоқталдым. «Осы жасқа келгенде…» («В этом возрасте») деп аталатын бұл өлең, әрине, жиырма, отыз жастағыларға арналмағаны белгілі, ең кемі елу, әйтпесе тіпті алпыс, жетпіс жастағылар туралы туынды. Біз тәржімалағанда өлеңнің бірер жолдары қазақ тілінде былай болып шықты: … Осы жасқа келгенде — Аман-есен қалғандар, ...

Жалғасы »

Іріктеу кезеңі аяқталды

Брифинг Ақтөбеде «Men Qazaqpyn» халықаралық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 33 үміткер арасынан үздік деп танылған үшеу келесі кезең — Астана қаласына жолдама алды. Қыркүйек айында басталатын республикалық кезеңде облыс намысын «Терме» номинациясы бойынша Ермек Мұңсызбаев, «Дәстүрлі ән» номинациясынан Динара Шынарбаева, «Күй» номинациясы бойынша Шабай Әзірбаев қорғайтын болады. — Мамыр айында басталған «Men Qazaqpyn» халықаралық мега жобасының облыстық ...

Жалғасы »

Жарты ғасырдан кейінгі кездесу

Ақтөбедегі Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасында «Жарты ғасыр өткенде…» кітабының тұсауы кесілді. Кітапты Байғанин ауданындағы Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітіргендеріне елу жыл болған азаматтар шығарды. 1968 жылы аталған мектепті бітірген  азаматтар кітапханада бас қосты. Жарты ғасырдан кейін кездескен құрдастардың қуанышында шек жоқ. Осы уақыт ішінде бірін-бірі көрмеген сыныптастар тіпті мәре-сәре болды. Кітапхананың шағын залы лық толды. Осы шараны ұйымдастырып, ...

Жалғасы »

Ақтөбенің Алтыны

С. Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада театр өнерінің қайраткері, Қазақ КСР-інің халық артисі Алтын Ружеваның туғанына 90 жыл толуына орай «Театр өнерінің майталманы» атты тарихи-мәдени-танымдық кеш өтті. Кеш облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ, бұл шара Байғанин ауданының 90 жылдық мерейтойына орайластырылды. Алтын Ружеваның туған топырағы — Байғанин ауданының бұрынғы «Оймауыт» кеңшары. Ал еңбек жолын ол 1947 жылы Ақтөбе музыкалық-драмалық ...

Жалғасы »

Елім менің!

Ақтөбеде «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлының әндерінен халықаралық әншілер байқауыөткізіліп жатыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан байқауға Болгария, Башқұртстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстан облыстарынан келген 24 қатысушы келді. Ақтөбе облысы әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізіліп жатқан байқау мақсаты ...

Жалғасы »

Іріктеу кезеңі қорытындыланды

Брифинг «Men Qazaqpyn» тележобасының облыстық деңгейдегі қорытынды байқауы 17 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында өтпек. Бұл туралы Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды. «Aqtobe» телеарнасы директорының орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаеваның айтуынша, бұған дейін «Men Qazaqpyn» мега жобасының іріктеу кезеңдері облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды. Байқауға халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын 18 ...

Жалғасы »

Роза РЫМБАЕВА: Әншілердің 90 пайызы ел алдына фонограммамен шығады…

Ақтөбеге гастрольдік сапармен келген Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал әнші Роза Рымбаева алдымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жері — Қобда ауданына барып, мерген қыздың рухына тағзым етті, сондағы жұртшылыққа концертін өткізді. Ал келесі күні есеп беру кеші Ақтөбе қаласында жалғасты. Екі күн біздің өңірдегі тыңдармандарымен жүздескен сахна сандуғашымен «Ақтөбе» газетінің атынан әңгімелескен едік. …Сұхбат барысында әйгілі ...

Жалғасы »