Негізгі / Archive by category 'Жаңалықтар / Құқық'

САЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН САБАСЫНА ТҮСІРДІ

Тәртіптік кеңес
Нұрмұханбет ДИЯРОВ,
«Ақтөбе»
Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын бұзғаны үшін он іс қаралды. Оның ішінде салық қызметкерлерінің қызмет бабындағы заң аясына сыймайтын әрекеттері қатаң талқыға түсті.
Ақтөбе қаласының тұрғыны М. Қоқанова 2004 жылы «№31 балалар бақшасын»  сатып алып, арада бес ай өткенде жиырма есе бағасына сатады. Ол осы аралықтағы тапқан [...]

ЮВЕНАЛДЫҚ СОТ: МҮДДЕ МЕН МІНДЕТ

Қазақстандық отбасылардың бірінде тәрбиеленіп жатқан Әлішер мектептегі кейбір күрделі мәселелердің шешімін отбасы немесе мектеп қабырғасынан таба алмай дал болады. Алғашында бір-екі сабақтан қашып, кейін тіпті білім ордасының маңына жоламай кетеді. Ақыр аяғында бұның соңы жастайынан көшеден тапқанын ішіп-жеп жүрген жетім Маратпен кездестіреді. Қайыр сұрап, ұсақ-түйек ұрлықпен айналысады. Бір күні зейнетақысын қолына алып, дүкенге бет алған [...]

Телефон тұтқасы тұтатқан «әлек»

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен Азамат С.  Қазақстан Республикасының  қылмыстық Кодексінің 242-бабы бойынша, яғни лаңкестік іс-әрекет туралы жалған ақпарат бергені үшін кінәлі деп табылып, жаза ретінде  3 жылға бас бостандығын шектеу белгіленді.
Аталмыш істің мазмұнына келетін болсақ, 1976 жылы дүниеге келген Азамат С. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде өзінің достарымен қаламыздың орталығындағы ойын-сауық орындарының бірінде көңіл [...]

Заң

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай  жауап береді

Облыс орталығынан үй алғым келеді…

Сіздердің газет арқылы берген құқықтық көмектеріңіз, жауаптарыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз көптеген азаматтардың қажетіне жарап, өздерінің заңды құқықтарын қорғай алуына септігін тигізіп жатқаны сөзсіз. Мен де сондай құқығым мен үкімет тарапынан тиісті қандай жеңілдіктерім бар екенін білгім келіп, хат жолдап отырмын. Сұрайын дегенім – [...]

Азғын жазасын алды

Осыдан бір жарым жыл бұрын Қандыағаш қаласын дүр сілкіндіріп, алақандай аумаққа лезде таралып, жұртшылықтың есін тандырып, жағасын ұстатқан сұмдық оқиғаның нүктесі қойылды.  Адам деп атауға жиіркенішті хайуан Һәм азғынның сотына ана-анасы да келген жоқ, олар дүйім жұртшылық алдында өздерін тірідей жерге көмгізген, «шіріген жұмыртқаға» теліген ұлдарынан біржолата бас тартқан.
Оқиға былай өрбіген: Жұмыс [...]

Ұқыптылық – іске өлшем

Тәртіптік кеңес

Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісінде күн тәртібіне негізінен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің Қобда ауданында мемлекеттік мекемелерге жүргізген жоспарлы тексеруі нәтижесінде анықталған заңдылықтардың бұзылуы ұсынылды.
Аудандағы Жиренқопа, Құрсай, Бұлақ, Терісаққан ауылдық округтерінің әкімдеріне Ар-намыс кодексі талаптарын өз мәнінде орындамады деген айыптар тағылды. Бұл негізінен конкурстар жариялау, қызметкерлерді аттестациядан өткізу, сондай-ақ [...]

[ Толығырақ ] 30 Маусым, 2010 | Пікір жоқ | Құқық

Заң

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді
Баспананы қайдан табамыз?

Қаламыздың біз тұратын аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорындағы ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілейін деп жатыр деп естідік. Сонда оның тұрғындарын – уақытша баспанасыз қалатын бізді қайда жібереді?
Әсемгүл,
Ақтөбе.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 91-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды [...]

Бақытжан Қаратаев — қазақтың тұңғыш заңгері

Өткен жұмада облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әбілқайыр ханның тұқымы, қазақтың  тарихи ірі тұлғаларының бірі Бақытжан Қаратаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған шара өткізілді. Оған Қаратаевтың ұрпақтары, оның өмірін зерттеп жүрген ғалымдар, студенттер шақырылды. Қобдадан Қаратаевтың ұлы Фердаус, Ақтөбедегі ұлы Ғаббастан тараған тұяқтары ,  немересі Жәрдемнің зайыбы Бибажар, шөберелері  Шәміл мен Бауыржан, тағы басқа да туыстары [...]

Сылтау жазадан құтқармады

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ,
«Ақтөбе»
Сыбайлас жемқорлық, одан сақтану хақында өмірде жиі айтылады. Мұның мысалдарын, осыған байланысты әр түрлі жағдайларды бұқаралық ақпарат құралдары да жазып жатады. Көп жағдайда жемқорлық өздігінен тумайды. Оған итермелейтін екінші бір нәрсе себепші болады. Сөйтіп, жемқорлыққа жол ашылады. Не күндердің күнінде соған апаратын жағдай жасалады. Мұндай әрекеттер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы [...]

Заң бұзғандар ескерту алды

Бұл жолғы Тәртіптік кеңес Мұғалжар ауданының әкімі С.Шаңғұтов пен облыстық әділет департаментінің директоры А.Мұхитованың есебін тыңдаудан басталды. Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптарын бұзды деп есептелген  бірнеше адамның  істері қаралды.
Мұғалжар ауданы әкімі С. Шаңғұтов пен облыстық әділет департаментінің директоры А.Мұхитованың атқарған жұмыстары жалпы жақсы деп бағаланып, кейбір кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар [...]