Басты бет » Әлеумет (page 5)

Әлеумет

«Шалқар саясының» қуанышы

Қайырымдылық Шалқар қаласындағы «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінде түрлі тәрбиелік мәні зор шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жастардың шахмат сайысы, өнерлі өрендердің қолөнер көрмесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға жігер сыйлайтын танымдық жүздесулер  өткізу аталған бірлестіктің жұмыс жоспарынан түскен емес. Таяуда «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Нағима Тілембаеваның бастамасымен осы ғимаратта үлкен қайырымдылық шарасы өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Музей» ...

Жалғасы »

М.Оспанов көшесі

Есте қалар есімдер Ақтөбенің бұрынғы С.Тюленин көшесі қазір М.Оспанов көшесі аталады. Көпшілікке бұл есім медициналық университет арқылы жақсы таныс. Алайда көшеге есімі берілген тұлға туралы жан-жақты білетіндер аз. Марат Оспанов  — ҚР Парламент Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, саясаткер, экономика ғылымының докторы. Марат Тұрдыбекұлы 1949 жылы қыркүйектің 17-сі күні Ақтөбе қаласында туған. 1971 жылы Мәскеудегі В.Г.Плеханов атындағы халық шаруашылық институтын бітірген соң, ...

Жалғасы »

Өткен жылы 600 жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының айлығын көтерді

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақ орталығы мен кәсіпорын басшыларының өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдарды орындау мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. 2018 жылы облыста өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек  құқығы мен жұмысшылардың кепілдігін қамтамасыз ету бойынша барлығы 4781 меморандумға қол қойылды. Облыстық еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаевтың айтуынша, оларды жүзеге асыру нәтижесінде былтыр облыстағы 591 кәсіпорында еңбекақы ...

Жалғасы »

Қайырымдылық — ізгіліктің төресі

Жұма күні «SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры Ақтөбе қаласы мен Алға ауданында кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қоғамдық қордың директоры Еділ Аймағамбетов бастаған топ алдымен Алға ауданына қарасты Есет батыр ауылында болып, ауыл тұрғындары Сергей Филипко мен Бибісұлу Құрманалинаның үйіне азық-түлікпен қатар әрқайсысына 2 тоннадан көмір апарды. — Туғаннан осы ауылда тұрып келемін. Жергілікті билік өкілдеріне рақмет. Қолдарынан келгенше көмектерін аямайды. Бүгін ...

Жалғасы »

Доңыз жылы ақтөбеліктер үшін қандай болады?

Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алдық. Қазақ қашанда келер жылды жақсылыққа жорыған,  одан жақсылық күткен. Доңыз жылын да халқымыз жайлы жылдың бірі санаған. Дегенмен нумерологтар қандай болжам айтады? Неден сақтанып, нені қолға алу керек? Бұл туралы Ақтөбедегі нумеролог-хиромант Айсара Беденовамен сөйлестік. Сонымен… Нумерология: Ақтөбеге «9» саны ықпал етеді Нумерологтың айтуынша,  биылдғы жылдың белгісі — 3 саны. Нумерология — сандарды ...

Жалғасы »

Ер Едіге ескерткіші  –  елдің рухы

Едігенің есімі «Едіге батыр» эпосы арқылы күллі қазақ халқына мәлім. Эпостың елуден астам нұсқасы бар. Көпнұсқалылық – оның басты кейіпкерінің ел сүйіктісі болуынан. Шынында да, сол 50 нұсқаның бәрінің түйіні «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер едіге» барып тіреледі. Эпостың ноғай, қарақалпақ тіліндегі нұсқалары Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты. Едіге – дүние жүзіне белгілі тарихи тұлға. ХІV ғасырдың екінші ...

Жалғасы »

200 баланың қуанышы

Жуырда Шалқар қаласында заманауи талаптарға сай, 200 орындық «Нұр-Бота»  балабақшасы ашылды. Екі қабатты еңселі ғимарат Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындаған «Балапан» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының қолдауымен тұрғызылған. Балабақшаның ашылу рәсімінде аудан әкімі Бауыржан Қаниев жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, балабақшаны салған жергілікті кәсіпкер Қанат Сыдыққа алғысын білдірсе, еңбек ардагері Мақсат Қосымов тұрғындар атынан ...

Жалғасы »

Қарттарды қуантты

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар мен мүгедектерге жылы киімдер берілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы Қайрат Отаров қарттарды мерекемен құттықтады. — Еліміз тәуелсіздік алғалы Президенттің сарабдал саясатының арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінде елімізді барлық әлем халқы таниды. Осы ұлы мереке қарсаңында сіздерді ескерусіз қалдырған жоқпыз, — деген басқарма басшысы ...

Жалғасы »

Бұқара

Тәрбие 90 ҚЫЗДЫҢ ЕСІМІН ТАСҚА ЖАЗСАҚ… Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйытқы болуымен елімізде бірінші рет «Анаға тағзым» атты аналар слеті өткізілгені мәлім.  Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен өз саласында жетістікке жеткен аналар, көпбалалы аналар бас қосып, ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлерін ортаға салды. Ұрпақ тәрбиесі демекші, мен де осы тұрғыда өз ойымды білдірсем деп едім. Қызы батыр ел — ұлы ел. ...

Жалғасы »

Қызмет көрсетті, кеңес берді

Жәрмеңке Кеше Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсе ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтсақ, жер қатынастары, қала құрылысы, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік,  әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, т.б. бойынша кеңестер беріліп, қызмет көрсетілді. ...

Жалғасы »