Самат Смақов рухымызды көтерді.
Біз Еуропаға өзімізді таныттық
26 тамызда сүйікті командамыз «Ақтөбе» футболдың майын ішкен Голландияның «Алкмаар» («АZ») командасын 2:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіс бізді Еуропаның үздік командаларының топтық бәсекесіне қоса алмады. Бірақ тұрғындарының кез келгені допты ұршықша айналдыратын еуропалық стандарттағы елдің бас командасымен сырт алаңда 0:2 есебімен ғана ұтылып, өз алаңымызда 2:1 қылып еркін ұтуымыздың өзі таңғаларлық жағдай [...]













