«Сазды әуен» саздары
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдық мерекесіне арналған «Отан отбасынан басталады» атты облыстық фестивалі аясында Мәртөк аудандық «Достық» мәдениет үйінде Күзенбаевтардың «Сазды әуен» отбасылық ансамблі концерт берді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — Балымбет Бисенбайұлы Күзенбаев. Екі сағатқа созылған бұл концертті жұртшылық ұйып тыңдады. Концерт соңында өнерге құмары қанған көрермендер өз ыстық лебіздерін сөзбен айтып жеткізе алмай [...]













