Басты бет » Ақтөбе — 95

Ақтөбе — 95

Жұлдызбай безендірген газет

Суретші Бүгінде мерзімдік басылымдар тоты құстың қанатындай құбылып, түрлі түсті болып шығады. Кешегі кеңестік заманда газетті екі күннің бірінде бұлай шығаруға мүмкіндік жоқ еді. Газеттерге де, баспаханаларға да қазіргідей компьютерлік технология көмекке келмеген кез, бәрі қарабайыр әдіспен, қолмен атқарылады. Сондықтан газетте осындай шаруалармен айналысатын секретариат аталатын арнайы бөлім жұмыс істеді. Бұл бөлім редакция ішіндегі редакция сияқты еді. Содан да журналистер ...

Жалғасы »

Редактор жолы

Қазақ журналистикасының ардагері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұрқайыр Телеуов 90 жасқа толды. Өткен ғасырдың алпысыншы-тоқсаныншы жылдары облыстық газетке редактор ретінде қол қойған ардагер журналистің саналы ғұмыры осы саламен байланысты. … Батыс Қазақстан облысында өмірге келген Нұрқайыр Телеуов бала кезінен оқу-білімге құмар болды. Сонау қырқыншы жылдары екінші дүниежүзілік соғыстан бастап ел басына түскен нәубеттерді халықпен бірге ...

Жалғасы »

Сабақтастық салтанаты

Облыстық «Ақтөбе» газетінің әр кезеңдегі үш редакторының қатар келген мерейтойы облыс журналистикасындағы ерекше атап өтерлік салтанатты сәтке айналды. Той иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеше арнайы Баспасөз үйіне келді. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен «Адырна», «Үш таған», «Ақтөбе» журналдарын, сондай-ақ «АқтөбеНьюс» сайтын, және облыстық баспахананы біріктіретін серіктестіктің бүгінгі жұмысымен танысқан облыс басшысы осындағы музейде болып, алдыңғы буын ...

Жалғасы »

Баспасөз — дәуір айнасы

Журналист қауымының арасында «Баспасөз — дәуір айнасы» деген қағидалы сөз бар. Осыдан  85 жыл бұрынғы  облыстық «Социалдық жол» газетінің тігіндісін парақтағанымызда, осы сөздің ақиқаттығына тағы бір көзіміз жеткендей болды. Газеттің 1934 жылғы 26 қаңтар күнгі номерінің бірінші бетіне «Партия уставындағы жаңалықтар» деген тақырыппен «Правда» газетінің бас мақаласы көшіріп басылыпты. Сонымен бірге, осы бетте «МТС-тарда трактор ремонтының барысы» тақырыбымен көлемді мақала ...

Жалғасы »

«Социалдық жол» — өз уақытының шежіресі

Бірде талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткерген кейуана әжеймен әңгімелесудің реті келді. Соғыстың алдында бес ағасы болған екен. Ел басына күн туғанда шетінен майданға алыныпты. Содан біреуі ғана елге жаралы болып оралып, бес жылдан кейін ол да дүние салған. Соғысқа аттанып бара жатқан сол ағаларының жолына отбасынан құрбандық шалып, шығарып сала алмағандарын еске алып айтқанда, әжей оқиға бүгін болып отырғандай, ағыл-тегіл ...

Жалғасы »

«Социалдық жол» бұдан 86 жыл бұрын

Биыл шыға бастағанына 95 жыл толатын облыстық «Ақтөбе» газеті бастауын «Кедей», «Социалдық жол», «Социалистік жол» , «Коммунизм жолы» атауымен әр кезеңде шыққан басылымдардан алады. Жиырмасыншы жылдардың үні — «Кедей» араб қарпімен сөйлесе, отызыншы жылдардағы «Социалдық жол» оқырманның қолына латын әліпбиімен жеткені белгілі. Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде соңғы аталған басылымның 1933, 1934 жылдардағы тігінділері сақталған. Сартап боп сарғайған сол газет тігінділерін ...

Жалғасы »

«Социалдық жол» не жазды?

Ахмет Ескендіров және газет Қазақстан Орталық Атқару комитетінің 1932 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен республикадағы округтер облысқа айналады. Осыған дейін «Кедей», «Алға» атымен шығып келген облыстық басылым сол жылғы 13 наурыздан «Социалдық жол» деген жаңа атауға ие болады. Газеттің редакторы болып Меңетай Жақсылықов тағайындалады. Бұл жылдары «Социалдық жол» газетінде жоғары білімді бір де журналист болмайды, оның есесіне талантты, тәжірибелі тілшілер қызмет ...

Жалғасы »

«Кедейден» көш түзеген басылым

Оқырман ойы Облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерекесі туралы сөз болғанда айтылмай қалмауы тиіс бір әңгіме ойға оралады. 1930 жылы Ақтөбе округі ажыратылғанда «Кедей» газеті екі ауданға — Ырғыз бен Темірге бөлінеді. Ал бұрынғы «Кедей» енді «Алға» атауымен шыға бастайды. Осындай ретпен Ырғызда ашылған «Шаруа тілі» газетінің редакторлығына Қазыбек Әзірмәмбетов тағайындалады. Алты жыл бойы осы атауын ұстанған басылым жиырма жылдай ...

Жалғасы »

Газетте қолтаңбасы қалған…

Облыстық газеттің 95 жылдық тарихына үңілгенде, көптеген мәлім-беймәлім жайларға тап боласыз. Мәселен, басылымда әр кезеңде қызметте болғандар тізімінен барлығын бірдей тап басып тани бермеуіңіз ақиқат нәрсе. Сондай-ақ, «өзі — бір күндік, сөзі мың күндік» газетте аз-кем уақыт болса да еңбек етіп, бірақ артына сол күндердің өшпес естелігін қалдырып кеткен жандардың лебізі де біздер үшін бүгінде бағалы жәдігерге айналып отыр.   Біз ...

Жалғасы »

Біз таңдаған жол

Журналистика — өз алдына бөлек бір әлем. Оған әркім әртүрлі жолмен келеді. Сонау аласапыран отызыншы жылдардың орта тұсында өмір есігін ашқан біздің буынның бастан кешкен қиындықтары туралы ұзақ таңға әңгімелеуге болады. Бірақ, мәселе онда емес. Ең бастысы, біздер тағдырымызбен тайталасып, алға ұмтылдық. Жоққа жасымадық, барға тасымадық. Қатарымыздан қалмай білім алуға тырыстық, белгілі бір мамандық иесі болсақ дедік. Мен өз орнымды ...

Жалғасы »