Басты бет » Анаға тағзым

Анаға тағзым

Мәртөкте «Анаға тағзым» слеті өтті

Жуырда Мәртөк ауданында «Анаға тағзым» аудандық аналар слеті өтті. Слетке ардагер ұстаз, ауданда алғаш домбыра сыныбын ашқан Дина Құрманғалиева, суретші-график Мәрзия Жақсығарина, мыңнан астам сәбидің өмірге келуіне себепші болған акушер-гинеколог Ирина Грищенко, көпбалалы ана Табиға Закенова, т.б. шақырылды. Сондай-ақ ауқымды шараға Қобда, Ойыл аудандарынан әжелер ансамбльдері арнайы делегат ретінде қатысып, слетке өз үлестерін қосты. Шараны аудан әкімі Жандос Байырханов ашып, жан-жақтан ...

Жалғасы »

«Караоке қазақша ән салды

 Байқау «Анаға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығында «Қазақша караоке 2018» атты қалалық байқауы өтті. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты — қазақша ән шығармашылығын насихаттау, дамыту және қоғамда мемлекеттік тілдің рөлін арттыру. Қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Эльмира Бәйтерекованың айтуынша, байқауға 30-ға жуық қатысушы өтінім білдірген. Дегенмен іріктеу кезеңіне 15 қатысушы өтті. Конкурс талаптары бойынша, әр қатысушы ...

Жалғасы »

Бақытқа жетелейтін орталық

20-21 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында «Анаға тағзым» аналар слеті өтті. Оған Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова, этнограф, жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова бастаған әр салада үлкен табыстарға жеткен әйел-аналар, көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, облыстың барлық аудандарынан делегациялар, барлығы 1200-ден астам әйел-ана қатысты. Төменде біз облыс аудандарынан осы ...

Жалғасы »

«Анаға тағзым» орталығы ашылды

Кеше облыс орталығында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген белгілі тұлғалар, атап айтсақ, әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова, жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова, ақын, ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Анаға тағзым» слетіне қатысушыларға ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫ

Ардақты аналар мен арулар! Баршаңызды «Анаға тағзым» слетінің ашылуымен құттықтаймын! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті — еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара. Ана — әрбір шаңырақтың, сондай-ақ тұтас Отанымыздың тірегі. Ал қазақстандық аналардың әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағының болашағына алаңдамай, бақытты ғұмыр кешуі — мен үшін ең басты мақсаттардың бірі. Сол себепті «Қазақстан-2050» ...

Жалғасы »

Біздің аналар!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Анаға тағзым» слетіне қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзінде: «Аналар слеті — еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маңызды шара» — деп атап көрсетті. «Анаға тағзым» аналар слетінің салтанатты ашылуы Өнер орталығында өтті. Ғимараттың кіре берісінде қонақтарға алдымен «Барлығы Аналар үшін!» арнайы көрмесі ұсынылды. Көрме бірнеше бөлімнен тұрады: елімізге белгілі, өз саласында үлкен табыстарға жеткен, әрі бала өсіріп, ұрпақ ...

Жалғасы »

Жас жұбайларға неке куәлігі табысталды

«Анаға тағзым» республикалық слеті аясында өңірімізге келген қонақтар, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Неке сарайында болып, жас жұбайларға неке куәлігін табыс етті. Бұл күні үш жас жұбайдың некесі салтанатты түрде қиылды. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ халық әндерін орындаушы, әнші, домбырашы Татьяна Бурмистрова жастарды құттықтай отырып, осындай айтулы күні қиылған некелерінің маңыздылығын атап өтті. — Біз бүгін Ақтөбе қаласында ...

Жалғасы »

Қонақтар жаңарған Ақтөбені аралады

«Анаға тағзым» республикалық слетінің қонақтары бейсенбі күні түстен кейін Ақтөбедегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  бой көтерген бірнеше ғимараттарды аралап, Студенттер сарайында өткен «Әйел әлемді тербетеді» атты керемет кештің көрермені болды. Қонақтар алдымен Батыс-2 ауданында бой түзеген сәулетті ғимарат Шығармашылық академиясында болды.  Жалпы алаңы 13 мың шаршы метрден асатын және жобалық қуаты 1000 орынға арналған бұл жаңа ғимараттың ...

Жалғасы »

Ақтөбеге ақ тілек

Ақтөбеліктер «Анаға тағзым» республикалық Аналар слетінің қонақтарын әуежайдан қазақы дәстүр бойынша, ақ ұсынып, кернейлетіп, әуендетіп қарсы алды. Құтты мекенге арнайы ат басын бұрған қадірлі қонақтарды күтіп алушылардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева және бірқатар мекеме өкілдері болды. Әуежайда құрметті қонақтармен бетпе-бет жүздесіп, Ақтөбеге деген ақ тілектерін ...

Жалғасы »

«Бір түп алма ағашын» тамашалады

Кеше Аналар слетінің қонақтарына Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Бір түп алма ағашы» спектаклі сахналанды. Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы ақтөбелік көрермен қауымға бұрыннан таныс. Ахтанов атындағы театрда біраз уақыт бойы қойылған спектакль туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызы нендей, сол жөнінде сыр шертеді. Басты кейіпкерлер — ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын ...

Жалғасы »