Басты бет » Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Түркістанда әлемнің 19 елінен келген редакторлар бас қосты

Түркістанда түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі басталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтіп жатқан басқосуға 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ұйымдастырылып жатқан конгресс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында ...

Жалғасы »

Алдағы күндері бірқатар өңірде үсік жүреді

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” мамандарына сілтеме жасап. “Түнде 8 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, 8-9 қыркүйекте Павлодар, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі”, – деп хабарлалды мамандар. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, 8 қыркүйекте түнде Астанада да 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Tengrinews.kz 

Жалғасы »

Астанада халықаралық дәрежеде ақындар айтысы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына елімізге танымал әрі шетелден келген 16 ақын қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Халықаралық дәрежедегі айтысты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдау көрсетуімен ...

Жалғасы »

Су тасқынынан зардап шеккен қызға үш бөлмелі пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген неміс сәулетшісіне қарыз болған алматылық зообақтың қарызын өтеп берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалпы қарыз мөлшері 100 мың еуро, Құдайберген оны толығымен жаппақшы. “Мен бірінші траншпен 68 мың еуро салдым, екінші транш мөлшері 38 мың еуро болады. Жалпы Питер Разбахтың алдындағы қарыз мөлшері 100 мың еуро”, – деді кәсіпкер тілші. Енді зообақ Разбахпен жұмысты жалғастырады. Ол ...

Жалғасы »

Оралда жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты

Бүгін Орал қаласында сағат шамамен 08.45-те жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі. Шаған өзенінен өтетін көпірге жақын жерде, Зачаган кенті жақтан келе жатқан №7 және №5 бағыттарда жүретін қос автобус түйісті. Адамдар жұмысқа баратын қарбалас уақыт болғандықтан, автобустың іші лық толы еді. Зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметінің екі ...

Жалғасы »

Талғарда Kaspi bank бөлімшесі тоналды: Ұрылар шатырдан түскен (Видео)

Алматы облысындағы Талғарда орналасқан Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. “Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс ...

Жалғасы »

19 жастағы жігіт 300 келілік “Қажымұқанның тасын” көтерді

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен “Тас көтеру” жарысының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды. Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды. “Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы дұрыс жасау”, ...

Жалғасы »

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына 600 мыңнан астам жер телімі беріледі

Бас жоспарлар бойынша Астана мен Алматы қалалары аумағында жеке тұрғын үйге он сотықтан жер телімдері бөлінбейді. Бұл туралы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Инфрақұрылым бойынша Астана мен Алматы қалаларында жеке тұрғын үй салынбайды. Бірақ бұрыннан ...

Жалғасы »

Атырау облысында белгісіз аурудан сиырлар қырылып жатыр

Атырау облысының Исатай ауданында белгісіз дерттен сиырлар өліп жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. «Ауданымызда әлдебір белгісіз дерттің салдарынан ірі қара қырылып жатыр. Өткен айда 275 ауру сиыр тіркеліп, олардың 120-сы өлген, қалғандары бақылауға алынды. Қазір зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр, облыстық радиологиядан радиацияларды жою үшін мамандар шақырылды. Әзірге сиырлардың ауруға шалдығу себебі жайлы нақты ештеңе айта алмаймыз», – деді Исатай ...

Жалғасы »

Таразда шенеуніктің қабылдауына келіп, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты іс тергеліп жатыр

Полиция өңірлік Еңбек инспекциясы басқармасындағы шенеунікке шағымын айтып, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған Жамбыл облысы тұрғынына қатысты деректі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға 14 тамызда болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам Жамбыл облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасына мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне шағымдану үшін келген. “Оның шағымын ешкім тыңдаған жоқ, нәтижесінде ол 6-қабаттағы кабинеттің терезесінен секіріп кетпек болды”, ...

Жалғасы »