Басты бет » Редакция қонағы

Редакция қонағы

Әсел Шара Жиенқұлованың ролін сомдайды

Белгілі биші Әсел Әлібекованы «Ақтөбе» газетінің оқырманы жақсы біледі. Қаршадай кезінен-ақ Әселдің би додаларында жеткен жетістіктері, жеңістері туралы ақжолтай хабарларды елге бірінші болып жеткізген, оның нағыз өнер адамы ретінде өсу, қалыптасу кезеңдерінде де түрлі мақалалар жазып, қолдау көрсеткен «Ақтөбе» газеті. Сөйткен Ақтөбенің Әселі бүгінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестрінің бас бишісі қызметін атқарады. Жақында Ақтөбеге келіп, ауылдарды, аудандарды ...

Жалғасы »

Халықтың көңілі шат, тұрмысы жақсы

Ұзақ жылдар Байғанин ауданында шаруашылықта елеулі еңбек еткен, үздік көлік жүргізуші болып абырой биігінен көрінген, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ардагер, газетіміздің тұрақты оқырманы Нұрылла Өскінов жақында редакциямызға келген болатын. Ол Ақтөбеге көктемгі әскерге шақыру шарасында жас сарбаздарды шығарып салу салтанатына арнайы шақырылыпты. Қазір ардагер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа ...

Жалғасы »

Арман Бердалин, ақын: «Ақындық бағым ба, сорым ба, білмеймін…»

Өткен аптада Ақтөбеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе келді. Осы сапарында Арман Бердалин Ақтөбе журналистикасының қарашаңырағы «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық газеттердің редакциясында болды. Серіктестік ұжымымен кездесіп, Ақтөбеге келген сапарының мән-мақсатын түсіндірді: «Агенттік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды ауыл-елдегі ағайынға жеткізбекке келдік. Мемлекеттік қызмет саласында қыруар жұмыс ...

Жалғасы »

«Көне күннің көмбесін айналғанда…»

«Қазақ пен ноғайдың айырмашылығы жоқ екенін» ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары жазып кетіпті. Ал тәуелсіздіктен кейінгі аралас-құраластық сол сөзді растаумен келеді. Ноғай жұртының талантты суретшісі, 2013 жылдан бері Қазақстанмен байланысын үзбей келе жатқан Әлібек Койлакаевпен әңгіме кезінде де осыны аңғардық. — Қазақтар секілді ноғайлар да бала кезінен руын біліп өседі. Менің руым — найман, — деп таныстырды ол өзін. Бүгінде ...

Жалғасы »

Әлібек ТАТАНОВ: Мені ілгері жетелеген — журналистика

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ға қарасты Ақмола облыстық «Kokshe» телекомпаниясының басшысы, Қазақстанның құрметті журналисі, Бүкілодақтық телевизиялық фильмдер конкурсының және Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, филология ғылымының кандидаты Әлібек Татановтың есімі ақтөбеліктерге де жақсы таныс. Өйткені, ол өзінің журналистикадағы алғашқы еңбек жолын осында бастады. Әлібек Жартайұлы өзі туып-өскен өңірге келген кезекті сапарында облыстық «Ақтөбе» газеті редакциясында болып, біздің сауалдарымызға жауап берді. — Бүгінде ...

Жалғасы »

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Мен осы газеттен түлеп ұштым

Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бөлім бастығы,  белгілі  зерттеуші-ғалым, дипломат, Қазақстанның құрметті журналисі Серікқали Байменше өзі туып-өскен өңірге мүмкіндігінше жиі ат ізін салып, оның ішінде журналистикадағы алғашқы қадамын бастаған облыстық «Ақтөбе» газетіне үнемі хабарласып отырады. Ол Ақтөбеге жақында келген сапарында Мәскеудегі «Әлем халықтарының тілдері» баспасынан шыққан «Сырдесте» атты жаңа жинағын қаламдастарына құрметпен ұсынды. Біздің әңгімеміздің арқауы да осы кітаптан басталды. ...

Жалғасы »

«Алғашқы өлеңім Әлия батырға арналған еді»

«Талант жан-жақты болады» деген ұғым бар. Ақын, бүгінгі поэзиямыздың көрнекті өкілі, аудармашы Жанат Аймұхамбетова әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп жүр. Жуырда ол Ақтөбеге, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетке ішкі академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша іссапарға келді. Аталған университеттің басшысы Б.Ердембековтің шақыруымен келіп, қазақ филологиясы және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне «Әдебиет теориясы», «Тарихи поэтика» пәндерінен дәріс оқыды. Осы сапарында ...

Жалғасы »

Бопай ханымның іздеушісі

Имандылық пен ізгілікті ілгері ұстанып жүретін Ислам қажы Мырзабекұлы есімі ақтөбеліктерге де жақсы таныс. Ол — елдік пен ерліктің, өткеніміз бен өнегеміздің жоқтаушысы ретінде үнемі шаруа тындырып, жол үстінде жүретін адам. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Ақмешіт атауына ие Бекет Ата мешітінің имамы ретінде имани істердің ұйытқысы болумен қатар Ислам қажы өткен тарихымыздың да жоқтаушысы. Жақында газет редакциясында қонақта болған онымен ...

Жалғасы »

«Бұл той — ерекше той болды»

Ақтөбе топырағы — ақын Төлеген Айбергеновтің атамекені. Бұл — әрі үлкен мақтаныш, әрі жауапкершілік. Жуырда ақынның туғанына 80 жыл толуына орай Байғанин жерінде дүбірлі той өтті. Осы тойға ақын әулетінің өкілдерін оның күйеу баласы, өзі де белгілі ақын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып бастап келген еді. Біз тойдан соң арнайы редакцияға соққан ...

Жалғасы »

Балсұлу ҚОНДЫБАЙ: Серікболдың он алты томдық еңбегі жарық көрді

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ ЕСІМІ КӨКІРЕГІ ОЯУ КӨПШІЛІККЕ ЖАҚСЫ ТАНЫС. ОЛ СОНАУ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛЫНДА МҮГЕДЕКТІК ХАЛДЕ ЖАТЫП, ТАЛАЙ ТАҒЫЛЫМДЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ЕҢБЕК ЖАЗЫП, АРТЫНА ҚЫРУАР ДҮНИЕ ҚАЛДЫРҒАН ЕҢБЕКҚОР ЖАН. ЖАҚЫНДА СЕРІКБОЛДЫҢ АПАСЫ БАЛСҰЛУ ҚОНДЫБАЙ «АҚТӨБЕ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫНДА БОЛЫП, БІЗДІҢ САУАЛДАРЫМЫЗҒА ЖАУАП ҚАЙТАРҒАН ЕДІ. — Ең алдымен Серікболдың өмірбаянын қысқаша айтып берсеңіз. Өйткені, оның жазған дүниелерін үзбей оқып жүрген оқырмандардың бір тобы өмірдің ...

Жалғасы »