Басты бет » Мереке (page 4)

Мереке

«Жас Ақтөбе – 2018» қайырымдылық балы өтті

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас Ақтөбе-2018» қайырымдылық балы өтті. «Әсем» оқу-танымдық лагерінің базасында өткен жастар балына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, басқарма басшылары мен депутаттар, белсенді жастар мен жас мамандар қатысты. Шара барысында мемлекеттік жастар саясатының дамуына үлес қосып, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтар ...

Жалғасы »

Ақтөбелік тәртіп сақшыларына 110 автокөлік берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында ақтөбелік полицейлер 110 жаңа заманауи автокөлікке ие болды. Қызметтік көліктердің кілтін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақ халқына мың алғыс» стелласының алаңында салтанатты түрде табыс етті. Бұл көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 790 миллион теңге қаражат бөлінген. Автокөліктер патрульдік полицияға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Шарада сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: — Халықтың тыныштығын қамтамасыз ...

Жалғасы »

Елбасының Тәуелсіздік туралы ой-толғамдары

«Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн». *** «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде бар болғаны үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз». *** «Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, ...

Жалғасы »

Балабақшалар пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде екі жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді.  Ақжар-2 тұрғын үй кешені мен Батыс-2 шағын ауданында бой көтерген балабақшалардың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. «Ақжар-2» тұрғын үй кешенінде бой көтерген «Өркен» тұлғаны дамыту орталығын «ЕСКАМ» ЖСШ-ның директоры Гүлнәр Құдайбергенова өз қаражатына салған. Барлық заманауи талаптарға сай келетін 4 қабатты ғимарат 200 орындық. Барлық кабинеттер қажетті жабдықтармен ...

Жалғасы »

«Қазпошта» Ақтөбеде логистикалық орталығын ашты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтөбеде ірі пошта хабы ашылды. Астана мен Алматыдан кейінгі еліміздегі үшінші «Батыс» логистикалық орталығының ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ілияс Испанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, «Қазпошта» АҚ тәуекелдер мен сәйкестік бойынша басқарушы директоры Нұрқанат Нұрақынов, «Қазпошта» АҚ пошта қызметтерінің атқарушы директоры Сәуле Егембердиева қатысты. Орталық Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе ...

Жалғасы »

Әбіш Кекілбаев атындағы мектеп ашылып, Фариза Оңғарсынова атындағы білім ошағында мемориалдық тақта орнатылды

Кеше Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы Әуе қалашығы ауданында жаңа білім ордасы пайдалануға беріліп, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев пен қазақтың белгілі ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева мен ұлы Дәулет Кекілбаев, Фариза Оңғарсынованың ...

Жалғасы »

«Біз Тәуелсіздікпен бірге дүниеге келдік!..»

Биыл Алаш елінің азаттық алғанына 27 жыл толады. Қазақстанның өзге елдермен иық тірестіре түрлі жетістікке жетіп, белестерді бағындыруы — алдымен тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Сосын, әрине, Конституциямызда атап өтілгендей, еліміздің басты байлығы — адамның да бұл жағынан үлесі зор. Осы орайда біз ұлық мереке қарсаңында әртүрлі салада еңбек етіп жүрген Тәуелсіздік құрдастарымен кездесіп, олардың ой-пікірін білген едік. Туған күні — ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік шежіресі

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ елін төрткүл дүние танып, әлем мойындады. Сонау тәуелсіздік алған тұста еліміздің бірден «аяққа» тұрып кетпегені белгілі. Әлемге беймәлім елдің болашағы бұлыңғырлау көрінгені де рас. Бірақ біздің халқымыз еш уақытта мойыған жоқ. Бұл туралы Елбасымыз: «Тәуелсіздік алған тұста бұрынғы Кеңес Одағының соңында қалған республика болатынбыз. Экономикамыз әлсіз, ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік күніне тарту

Биыл Тәуелсіздік күніне орай облыстың барлық аудандарында әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары пайдалануға беріліп, елді мекендерде газ, ауызсу құбырлары іске қосылады. Сондай-ақ мереке қарсаңында облыста көптеген мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.  Алға Алға ауданына қарасты Үшқұдық ауылдық округінде 20 жылға жуық уақыттан бері пайдаланусыз тұрған Мәдениет үйі 78 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы жұмыстары толық аяқталып, газбен ...

Жалғасы »

Бірге мерекелейік!

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласында ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шаралар тізімі            «Тәуелсіздік елдің шаттығы». Салтанатты шара, мерекелік концерт, 14 желтоқсан 15.00, Өнер орталығы. «Тәуелсіз елімнің ұландары». Патриоттық сайыс, 14 желтоқсан 10.00, Шығармашылық академиясы. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» барысында бос орындар жәрмеңкесі, 14 желтоқсан 10.00, «Керуен сити» сауда орталығы. «Жайдарман-2018», ...

Жалғасы »