Басты бет » Мереке (page 30)

Мереке

Тіл мәртебесі қалай көтеріледі?

«Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт — тіл», — деді Мағжан Жұмабаев. 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.Жаңа заңның 1-бабында: «Қазақ ССР-і қазақ тілінің мемлекеттік тұрғыдан қорғалуын жүзеге асырады және оның мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда, халыққа білім беру, мәдениет, ғылым мекемелерінде, қызмет көрсету, бұқаралық информация салалары мен басқа да салаларда белсенді түрде ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік құрдастары

1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздіктің құрдастары бүгінде еліміздің өркендеуіне өздерінің елеулі үлестерін қосып келеді. Олардың бірқатарымен сөйлесіп, әңгімеге тартқан едік.  Биік мерей  Әділет ИМАМАДИНОВ: — Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялап, азаттықтың ақ таңы арайлап атқан жылы 16 желтоқсанда дүние есігін ашқандардың бірі менмін. Шалқар қаласында өмірге келіп, 2009 жылы осындағы №1 орта мектепті бітірдім. Сол жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер ...

Жалғасы »

Бірге мерекелейік!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу бойынша шаралар жоспары «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы». Мерекелік концерттер, қойылымдар, әдеби кештер, поэзия кештері, дөңгелек үстелдер, сурет сайыстары, өлеңдер байқаулары, 4-16 желтоқсан аралығында, Жоғары және арнаулы-орта оқу орындары, жалпы білім беру мектептері, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдары (бөлек жоспар бойынша). «Тәуелсіздік – ұрпақтарға мақтаныш!». Мерекелік кештер, көрмелер, сайыстар, дөңгелек үстелдер, 2-17 ...

Жалғасы »

Үш ауылда дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Тұңғыш Президент күніне орай Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Ақжар, Көптоғай ауылдарында медициналық бекет ашылды. Аталған екі ауданның ауылдарындағы дәрігерлер бұған дейін бөлмелерді жалға алып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келген. Бейімделген ғимаратта отырған дәрігерлер енді заманауи ғимаратқа қоныстанып, халыққа қызмет көрсете алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, Ақтөбенің шалғай ауылдары үшін әлі де шағын амбулаториялар қажет. Облыс бойынша ...

Жалғасы »

Сыйлықтар тапсырылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қобдада«Қазақтың қайсар қыраны» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани жаңғыру бағытында жүзеге асырылған «Туған жерге тағзым» акциясына елеулі үлес қосқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады, бағалы сыйлықтар табыс етті. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ, бұл күні «Құт-береке дарыған Қобда» атты ауылшаруашылық өнімдерінің ...

Жалғасы »

Ақтөбе — өнер ордасы

Тұңғыш Президент күніне орай таяуда ғана ашылған Өнер орталығында ең алғашқы концерт өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева,  белгілі актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Досхан Жолжақсынов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Қарагөз Сүлейменова қатысты. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі келді. Зәулім сарайдың ...

Жалғасы »

Бірліктің ұйытқысы

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш-стела орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанаты ҚР Тұңғыш Президенті күнінде өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған облыс басшылары, ардагерлер, этномәдени бірлестіктер мүшелері, Ақтөбе қаласының жұртшылығы қатысты. Ескерткіш-стеланың екі жағына қыпшақ, Қазақ хандығы жауынгерлерінің киімін киген жастар сап түзеп тұрды. Ал этномәдени бірлестіктер мүшелері жиынға ұлттық киімдерімен келді. Жиын көне жыраулар туындыларымен басталды. Алыс ...

Жалғасы »

«Нұрлы жер»: алғашқы пәтерлердің кілті табысталды

Тұңғыш Президент күні «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған 273 пәтерлі сегіз үй тапсырылды. Мереке күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бір топ отбасыға алғашқы пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел дамуының жаңа векторын  анықтап берді. Мемлекет басшысы Жолдауында алдағы 5 жылда ...

Жалғасы »

«Жұбановтар әлемі» ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Ақтөбе қаласындағы «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйінің ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Жұбановтар әулетінің ұрпақтары — Асқар Жұбанов, Ажар Жұбанова, Ардақ Жұбанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты шара ғимарат алдындағы шығармашылық символына гүл шоғын қоюмен басталды. Ғимараттың ...

Жалғасы »

Достық кездесуі

Қазақстан РеспубликасыТұңғыш Президенті күні Ақтөбе қаласындағы «Олимп» хоккей модулінде Ақтөбе мен Орынбор облыстарының ардагер хоккейшілері арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесу өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов қатысты. Шараның ашылуында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның көршілес Ресей мемлекетімен қарым-қатынасын айтып, мерекемен құттықтады. — Бүгін біз үшін үлкен мереке. Қазіргі біздің егеменді ел ...

Жалғасы »