Басты бет » Мереке (page 3)

Мереке

Берекенің бастауы

Көктемнің шуағымен келетін аналар мерекесі қарсаңында Ақтөбе қалалық әкімдігі әдемі кеш өткізді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Әлемді аялаған ана!» атты  мерекелік шараға соғыс және еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген аналар, қыз-келіншектер шақырылды. Қалалық Мәдениет үйіне кірген аналарды үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен биге шақырған әскери жігіттер, жылы лебіздер мен ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметтегі аналар мерейі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов мемлекеттік қызметте жүрген көпбалалы аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Департамент пен облыстық салалық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік шараға  мемлекеттік қызметте жүрген 32 көпбалалы қыз-келіншек пен мемлекеттік қызмет ардагерлері шақырылды. Нәзік жандыларға гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыс еткен Расул Медетов —  аймақтың ...

Жалғасы »

Майор Қазжанова

Әсем Қазжанова  — Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімінің аға анықтаушысы, полиция майоры. Ол Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетін бітіріп, 2003 жылы еңбек жолын ішкі істер органдары саласында күзет басқармасында бастаған. Жұмыс жасап жүріп ішкі істер министрлігі академиясында оқыды. Бүгінде ол жан-жақты тәжірибе жинақтап, ысылған маман. — Бұл салаға өз жүрек қалауыммен келдім. Жұмысым өте ...

Жалғасы »

Қыз-келіншектерге де көмектесемін

Жауқазын Жайманованың тағдыры ақ боз атты ханзаданы күтіп, әсем той жасап, ертегілердегідей бақытты болып, барша мұратына жетуге асыққан кәдімгі арулардың арманындағыдай-ақ басталған… Мектепті өте жақсы тәмамдап, университетті де қатарының алды болып аяқтап, мектепте жұмыс істеді, кейін өзі оқыған жоғары оқу орнында мұғалім болып еңбек етті. Тұрмыс құрды. Балалы-шағалы болды. Барлығы да керемет еді… Жауқазын жазмыштан озмыш жоқ екенін біледі. Бірақ ...

Жалғасы »

Тәлімгер

Гүлжамал Төлебаева еңбек жолын 2003 жылы Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетін педагогика-психология мамандығы бойынша тәмамдаған соң Ақтөбедегі жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығында психолог болып бастады. Кейін қалалық жол полициясына,  одан соң арнайы жасаққа қызметке ауысқан. Қазір ол — облыстық полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психологі. — Психолог болудың өз қиындығы бар. Өйткені, ең алдымен, алдыңда отырған адамның ішкі жан дүниесін ...

Жалғасы »

40 жыл кран тізгіндеген

Үрсұлу Әбішева зауытқа жұмысқа кіргенінде жиырма жастан енді асқан бойжеткен болатын. Арал қаласынан арман қуып Ақтөбеге келген жас ару оқудың реті келмегесін өңірдегі ең беделді кәсіпорындардың бірі — Ақтөбе феррохром зауытына… краншы болып жұмысқа кіреді. Нәзік саусақтарымен кран басқарған нәзіктің артында бүгінге қырық жылға жуық тәжірибе бар. — Сонау сексенінші жылдары еді ол. Ол кезде өзіңе лайықты жұмыс табу оңай ...

Жалғасы »

Подполковник ару

Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет подполковнигі Гүлзат Битованың есімі әріптестері арасында құрметке ие. 1990 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Гүлзат Тынышбекқызы Талдықорған қаласындағы заң техникумына оқуға түсті. Екі жылдан соң осы оқу орнын үздік дипломмен аяқтап, туған жері Жамбыл облысы Шу ауданындағы Калинин кеңшарына келіп, заңгер қызметіне кіріседі. Ол уақыттарда еңбек даулары арбитраждық соттарда шешілетін. Гүлзат Тынышбеқызы үнемі ...

Жалғасы »

Гүлшара — «Күміс алқа» иегері

Бүгінде әр салада ер-азаматтармен қатар жүріп, еңбек етіп, сондай-ақ отбасында көп бала тәрбиелеп жүрген аналар аз емес. Алты баланың анасы Гүлшара Павловец — сондай аналардың бірі. Қобда ауданының Жарық ауылында туған Гүлшара орта мектепті бітірген соң, қалаға келіп, құрылыс мекемелерінің бірінде бригадир болып еңбек етеді. Жұмыста жұбайы Виталиймен танысып, өзге ұлттың өкілі болғанына қарамастан, ата-анасының келісімімен тұрмысқа шығады. Салты бөлек, ...

Жалғасы »

Көпбалалы үйдің көктемі

Көпбалалы отбасы — береке-бірліктің үйлескен жері. Мұндай отбасыларда өскен бала көпшіл, мейірімді және қайырымды болып келеді. Ал көп бала өсіріп, тәрбиелеп отырған аналардың қоғамда алар орны ерекше. Сондай аналардың бірі — Салтанат Сәдуова. Ол — 8 баланы дүниеге әкеліп, бүгінде олардан немере сүйіп отырған бақытты ана. Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылында туған Салтанат Сәдуова өзі де көпбалалы отбасынан шыққан. Ол ...

Жалғасы »

Сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Облыстық сот қауымдастығы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сот жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған  ардагерлерді, отставкадағы судьяларды құттықтап, сот жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Облыстық соттың төрағасы Сәкен Абдолла отставкадағы судьялар мен сот жүйесі ардагерлеріне өз ризашылығын білдіріп, олардың жетістіктері мен жас ұрпаққа көрсетіп отырған үлгі-өнегесін айрықша атап өтті. Осындай жандар Райса Құрманғалиева, Валентина Карпенко, ...

Жалғасы »