Басты бет » Мереке (page 2)

Мереке

Наурыз мерекесі: 63 киіз үй. 12 мың литр наурыз көже. 9 тонна бауырсақ

Наурыз мейрамына орай облыс көлемінде  1000-нан аса шара өткізу жоспарланып отыр. 22 наурыз күні «Қазақ халқына мың алғыс стелласы» алаңында «Ақтөбе деген қала бар» атты театрландырылған қойылым өткізіледі. Алаң аумағында 7 киіз үй тігіледі. Оларға «Аналарға тағзым», «Отбасы академиясы», «Ақтөбе қаласына 150 жыл», «Ақтөбе газетіне 95 жыл», «Биыл жастар жылы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Наурыз — жыл басы» атты тақырыптық ...

Жалғасы »

Әлихан Бөкейханов көшесі көрісу күнін тойлады

Ақтөбе қаласының Алматы ауданына қарасты Әлихан Бөкейханов атындағы көшенің тұрғындары №13 орта мектеп ауласында Көше күнін өткізді.  Бұл мереке —  Көрісу күніне орайластырып өткізілген тұңғыш шара. Осы күні бұрынғы Мирзоян, қазіргі Әлихан Бөкейханов атындағы көшенің тұрғындары бір кісідей жұмылып, мектеп ауласында киіз үй тігіп, дастарқан жайып, жұртшылыққа наурыз көже мен бауырсақ ұсынды. Көше күні мерекесін осы көшедегі көпті көрген, беделді ...

Жалғасы »

Мерекенің сыйлығы — жаңа пәтерлер

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Шалқар қаласында бірнеше отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Газшылар қалашығында тұратын аналарға аудан әкімі Бауыржан Қаниев ауданның жергілікті бюджет есебінен берілетін жаңа пәтерлердің сертификаттарын тапсырды. Олардың осыған дейінгі тұрып келген  үйлері арнайы комиссияның шешімімен  апатты деп танылған. — Бұл сертификаттар аудан әкімінің жанынан құрылған комиссияның зерттеп-зерделеуімен аталған адамдар отбасыларының тұрғын үй жағдайындағы қиындықтары ескеріліп, тапсырылып ...

Жалғасы »

Наурыз айшықтары: көрісу. Амал

Пікір Рысжан ІЛИЯСОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өлкетанушы. Ақтөбе қаласы. Елімізде Наурызды қарсы алу, тойлау қайта жаңғырғанына 30 жылға жуықтапты. Осы жылдары жазушылар, ғалымдар, көпті көрген үлкендер жыл басы — Наурыздың тек өз халқымыздың ғана емес, басқа адамзатқа да ортақ мереке екенін ақпарат құралдары арқылы санамызға құйып отырды. Бүгінде елімізде Наурызды тойлаудың ауқымы кеңейді, ұмыт болған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қайта ...

Жалғасы »

Құрметті де аяулы аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Көктемнің алғашқы мерекесі — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бүгінде адамзаттың әдемі бөлігі саналатын әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде, әртүрлі салаларда жұмыс істеп, облыстың дамуына елеулі үлес қосып келеді.  Олардың кәсіпқойлығы мен жауапкершілігі өндірістік және әлеуметтік салада, басқару және бизнес бағытында жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол ...

Жалғасы »

Шуақты мерекедегі шаттық

Кеше Халықаралық әйелдер күніне орай Өнер орталығында мерекелік концерт ұйымдастырылып, өңірдің түкпір-түкпірінен келген қыз-келіншектерді облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады. — Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атауының бәрі әйел адамға қатысты деген болатын. Ақтөбе топырағында Ақбота Сәңкібай, Әлия Молдағұлова, Нұрсұлу Тапалова, Аққағаз Досжанова, Роза Жаманова ...

Жалғасы »

Мерейлі сәттегі лебіздер

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ еңбек ардагерінің үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтады. Алдымен облыс басшысы 103 жастағы тыл ардагері, көп жыл сауыншы болып жұмыс жасаған Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне барып, ғасыр жасаған кейуананы мерекемен құттықтады. Бүгін сізді мерекемен құттықтауға арнайы келіп отырмыз. Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, күш-қуат берсін! Сіздің өмір жолыңыз бәрімізге үлгі. Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қызығын көріңіз! ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Әйелдер қашанда бизнестің нағыз адал өкілі және солай болып қала бермек

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мереке қарсаңында облыстағы іскер әйелдерді  құттықтады. Ақтөбелік бизнестегі ханымдармен кездесу «ХХІ ғасыр әйелі. Бәрін үлгеру», «Отбасы, бизнес, әлеуметтік жауапкершілік», «Азаматтық ұстаным» тақырыптары бойынша open talk форматта ұйымдастырылды.   Ақтөбе қаласындағы Неке сарайында өткен іс-шараға облыстағы табысты әйелдер, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» облыстық филиалының белсенді мүшелері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі, әлеуметтік желілерде танымал және көсбасшылық ...

Жалғасы »

Нұротандықтар 100-ден асқан  әжелерді  құттықтады

Ақтөбелік нұротандықтар   НаурызChallenge акциясы аясында 100 жастан асқан әжелерді  Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Партияның Ақтөбе облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары  Дариға Исмағамбетова, партияның Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесі мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы  Сұлупан Шынтасова, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымы төрағасы Абай Сақтағанов,  қалалық мәслихаттағы  «Нұр Отан» фракциясы мүшесі Алтынай Мұханова әуелі  Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне барды. Бүгінде Ақтөбе қаласында ең кіші ...

Жалғасы »

Шапағатты шақтың нұры

Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайы ғимаратында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әйел — әлемнің нұры» атты мерекелік кеш өтті. Шараға әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 300-ге жуық қыз-келіншек пен көпбалалы аналар қатысып, олардың 40-ы марапатталды. Қалалық оқушылар сарайының өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлап, кешке көрік бере түсті. Астана ауданы әкімінің орынбасары Сейтмағанбет Шілманов әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, Алғыс ...

Жалғасы »