Басты бет » Мереке (page 123)

Мереке

«Он тоғызыншы» көктем…

… Сұхбаттасуға әрең көндірдік. Өйткені уақыты жоқ. Зулап өтіп жатқан уақыттың әрбір минутына дейін «үнемдеп» пайдаланатын ханымның, шынында, кәдімгі сылқым әйелдерше сағаттап косметологтың, шаштараздың алдында отыруына, не дене бітімі сұлулығын сақтауы үшін дене шынықтыру залдарында жаттығумен айналысуына, тіпті ас үйде ыңылдап ән айтып жүріп тәтті тағам дайындауына да уақыты бола бермейді. Заты әйел болса да, анау-мынау жігіттің қолынан келмеуі мүмкін ...

Жалғасы »

8 наурызда туғандар

«Арманым көп» Гүлмира үшін бұл мерекенің орны бөлек. Осы күні оның ата-анасы, бауырлары, достары қос мерекесімен құттықтап, туған күн кешіне жиналады. — 365 күннің ішінде мен үшін ерекшесі — 8 наурыз. Бұл күн аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі екені өз алдына, менің  дүниеге келген күнім. Сондықтан осы күні мен өзімді бір сәтке болса да әлемдегі ең ерке, ең бақытты адамдай сезінемін, — ...

Жалғасы »

«Кемпірімді құттықтайын деп едім…»

Газеттің мерекелік санын дайындап жатқанымызда редакцияға бір ақсақал келді: «Қарақтарым, бізге неге келмейсіңдер? Журналист келеді деп, күтеміз-күтеміз, ешқайсысың келмейсіңдер», — деп өкпесін айта кірді. — Ата, не болып қалды? — деп састық. — Біз кемпірім екеуміз 10 бала өсірдік, 32 немереміз, 12 шөбереміз бар. Кемпірім Кеңес Одағы кезінде «Батыр ана» атағын алды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан «Алтын алқа» алды. Көрсетіп қояйын, ...

Жалғасы »

Жауапкершілік жүгі

Елбасының жүргізген саяси реформаларының нәтижесінде елімізде  мәслихаттардың құзыры кеңейтілді. Қазір мәслихаттардың шешімінсіз бюджет қаржысы жұмсалмайды. Бұл жерде облыстық мәслихаттың, оның тексеру комиссиясының алатын орны ерекше. Президент биылғы халыққа арнаған Жолдауында: «Бізге парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек болады» деп, бұл саланың жауапкершілігін күшейтті. Біз осымен байланысты, бұған дейін де аталған бағыттарда тиімді жұмыстар атқарып келген облыстық мәслихаттың тексеру ...

Жалғасы »

Ақтөбенің ақын қыздары

Әрідегі Таразы, Әлима апаларымыздың ұрпағы, беріде қазақтың қаламгер қыздары көшбасшыларының бірі саналған Сара Мыңжасарованың сіңлілері — ақтөбелік ақын қыз-келіншектерге мерекеге орай хабарласып, өлеңге қатысы жоқ сауалдар қойдық. Гүлсамал Аймаханова: — Туған ауылыңызға жиі барасыз ба? — Шалқар қаласындағы бұрынғы Терешкова атындағы, ал қазір Мөңке Тілеуұлы есімін иемденген көшеде менің туып-өскен үйім бар. Жылына бірнеше рет сол үйге барып қайтпасам, ісім ...

Жалғасы »

Басты тетік — тең мүмкіндік

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілген болатын. Соған байланысты Елбасы жанынан Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс жасап жатыр. Әйелдер мен ерлердің тең құқығын, тең мүмкіндігін мақсат еткен кешенді саясат жөнінде «Шынар» гендерлік білім беру орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәуле Досжановамен сөйлескен едік. Еқыұ және гендерлік саясат — Биылғы жылдың ең ...

Жалғасы »

Арулар, қандайсыңдар?..

Міне, мерекелік дастарқан жайылар сәт те таяп қалды. Әрине, бұл жолы дастарқанды еркектер жаятын шығар деген үмітіміз бар. Дастарқан жаю, оған түрлі-түрлі тамақтар қою гендерлік саясаттың бір тармағы ретінде енгізілмесе де, еркектер 8 наурыз күні бір рет болса да көзге түсіп қалуды шет көрмейтіні анық. Сол дастарқанға жиналар сәттің алдында аруларымызды тағы бір рет түгендеп алудың да артықтығы жоқ сияқты. ...

Жалғасы »

Мереке

Жанат Әскербекқызы Екі дүние – бірі онда, бірі мұнда Екі дүние – бірі онда, бірі мұнда – Байлаулы әлем осынау бір ұғымға. Ондағысын білмеймін, мұндағысы Пенделіктің бұлқынар құрығында. Орындалсын мақсат пен арман мейлі, Есті сана егіліп «жалған» дейді. Уысымда ұстармын дегендерің Уысында үгіліп қалған дейді. Бұ дүние – болғаны кештік ғұмыр, Үрей жүрер тылсымнан естіп күбір. Қуаныш пен қасірет – ...

Жалғасы »

Абай ауылының қызы

Өткен  ғасырдың жетпісінші жылдарының басы. Алматыдағы ҚазПИ-ді бітірген Бердалы ағамыз дипломымен қоса Семейдің бір сұлуымен қол ұстасып келді ауылға. «Ахау, Семей, тілің мен көмей. Басылмас жанған жүрек сәулем келмей, ахау!» деп әкелеріміз айтатын әннен естігеніміз болмаса, Семей деген Абай елі екенінен балалар жағы бейхабармыз. Ауылға келін түссе болды, сол үйді төңіректеп, қызықтап жүретін әдетпен келіншектің шымылдығынан сығалап мәз болып жүрміз. ...

Жалғасы »

Раушан гүліне сен серік едің…

Аналардың, әйелдердің 8 наурыз мерекесі келіп қалды. Бұл күні көше гүл ұстаған жігіттерге толады. Мұқағалидың «Раушан гүліне сен серік едің, Раушан арасынан көріп едім…» деп басталатын өлеңіндегідей, қазақтың әрбір әйелі, әрбір қызы әдемі гүлге лайық. Гүл сыйлау ата ырымы емес, бірақ қандай да бір қуаныш иесіне гүл сыйлағанның еш сөкеттігі жоқ. Гүл сыйлау арқылы ішіңдегі сезіміңді, сол адамға деген ерекше ...

Жалғасы »