Басты бет » Мереке

Мереке

Мәуліт мерекесін атап өтті

Ақтөбе қаласындағы Жастар сарайында  Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған күні — Мәуліт мерекесіне арналған «Сағыныш үні» атты кеш өтті. Жыл сайын Ақтөбеде Мәуліт мерекесін атап өту дәстүрге айналып келеді. Биыл да Ақтөбе халқы Мәуліт мерекесіне арналған шараға көп жиналды. Салтанатты кеш «Сүйінші, Пайғамбар келді!» атты бейнеролигімен басталды. Одан кейін медресе оқушылары «Сіз оны танисыз ба?» атты монолог оқыды. Сондай-ақ сахнада Құран ...

Жалғасы »

Бірлікке шақырған Рождество

Ақтөбедегі православ христиандары Рождество мерекесін атап өтті. Мереке күні  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Әулие-Николь кафедральді соборында ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады. Ғайса пайғамбардың туған күнін жыл сайын атап өтетін христиандар бұл мерекені ренжіскендерді татуласуға, бір-біріне кешіріммен қарауға үндейтін, бірлікке шақыратын күн ретінде қадірлейді. Олар мерекеге  40 күн бойы дайындалады. Ал дәл мереке күні шіркеуге барып, Аллаға ...

Жалғасы »

Облыс әкімі ақтөбеліктерді жаңа жылмен құттықтады

Ауа райының қолайсыздығына, қарлы боранға қарамастан Жаңа жылды ақтөбеліктер мен қала қонақтары Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қарсы алды. Халықтың қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов келді. Облыс басшысы жиналған жұртшылықпен бірге қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелік шоу-бағдарламасын, «Қош келдің, Жаңа жылым!» театрландырылған қойылымын тамашалап, үлкен экраннан Мемлекет басшысы ...

Жалғасы »

Шөжелер төрге шықты

Ақтөбеліктер Тауық жылын ерекше көңіл күймен қарсы алды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жылым!» атты мерекелік шоу-концерт төрт сағатқа созылды. Саябақта 31 желтоқсан күні түнгі сағат 22.00-ден басталған мерекелік думанды кешті тамашалауға халық көп жиналды. Әсіресе, жастардың қарасы көп болды. Сол түнгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтағы салтанатты тамашалауға келген ақтөбеліктердің көпшілігі Жаңа жылды ...

Жалғасы »

Ақтөбелік Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі және «Үздік мүсін» байқауы өтті.  Мерекелік шаралардың мақсаты — жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қаламыздағы жоғары және орта оқу орындары, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер арасында ең үздік ертегі кейіпкерлері мен қардан жасалған мүсіндер авторларын анықтау. Жыл сайын өтетін дәстүрлі байқаулар барысында қазылар алқасы Аяз ата мен ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді Жаңа — 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл — бізді ізгілік пен жақсылыққа риясыз сендіретін ерекше мереке. Өтіп бара жатқан 2016 жыл өзінің тарихи оқиғаларымен, жаңа жүздесулерімен, ұмытылмас сәттерімен  есте қалады.  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін атап өткен  бұл жыл еліміз үшін белгілі бір кезеңді қорытындылау және кезекті қадамның бастауы секілді болды. «Мерекелі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланды. ...

Жалғасы »

«Аяз ата маған ноутбук керек»

Ғажайыпқа сенесіз бе? Ал періштедей пәк балалар Аяз атадай ғажайыптың барына және бар тілегін орындайтынына шын көңілдерімен сенеді. Оны біз балақайлардың Аяз аталарына жазған хаттарынан аңғардық. Әлқисса… Биыл әдеттегідей «Қазпошта» АҚ еліміз бойынша жаңажылдық «Аяз атаға хат жаз» акциясын тағы да жариялаған болатын. Акция барысында хаттар 15 қарашадан 20 желтоқсанға дейін ғана қабылданды. «Қазпоштаның» ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, былтыр осы ...

Жалғасы »

Жыл иелері не дейді?

Қазір сырттан тасымалданатын тауық етіне қатысты әртүрлі пікірлер бар? Бұл жайында не айтасыз? Тауық етін сүйсініп жейсіз бе? Алдағы жылдан не күтесіз?   1933 жылы туған Зәкіратдин Байдосов, тарихшы: Тауық еті — өте дәмді ас. Бала кезімізден тауық етін жеп өстік. Тауық ауыл-аймақты әртүрлі ұсақ-түйек жәндіктерден, жалпы зиянды заттардан тазартатын қасиетке ие ғой. Біздің білуімізше, тауық әр жерді шұқып жүріп, ...

Жалғасы »

Жаңа жылды қайда, қалай қарсы аласыз?

Жаңа жылды әр отбасы әрқалай қарсы алады. Бұл күні ғажайыпқа сенетін балалардан бөлек үлкендердің өзі келер жылдан қуаныш күтеді. Мерекеге қызу дайындалып, бала-шағасымен  бірге шырша безендіреді. Отбасы мүшелері бір-біріне сыйлық әзірлеп, дастарқан жайылады. Тіпті «жылды қалай қары алсаң солай өтеді» деген ырымға сенетіндер де бар. Сонымен Тауық жылын кім қалай қарсы алады?  24 ЖЫЛ ЖҰМЫСТА ҚАРСЫ АЛДЫМ  Жаңа жыл — ...

Жалғасы »

Сыйлықтың ең үлкені…

Жаңа жыл жақындаған сайын әрқайсысымыз әлдебір ғажайыпты күтетініміз рас. Әсіресе, балалар мен қарттарға бұл мерекенің орны ерек. Сондай-ақ, бұл қатарға үйден көп шыға бермейтін, тағдырдың жазуымен қоғамнан белгілі бір деңгейде алыстатылған мүмкіндігі шектеулі жандарды да қоссақ болады. Олар Жаңа жылдан не күтеді, нені армандайды? Біз атаулы күн қарсаңында осындай бірнеше азаматтың үйіне барып, құттықтап шыққан едік… Әрине, біз оларға жалғыз ...

Жалғасы »