Басты бет » Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін!

Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін!

Зәкраддин Байдосов: Елбасы туралы айтқан пікірімде қаламын

Зәкраддин Байдосұлының есімі ұзақ жылдар басшылық қызметте болуымен елге кеңінен танылған еді. Одан егде жасқа аяқ басқанда ғылымға қадам жасап, зиялы қауымды тағы аузына қаратты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры атанды. Том-том тарихи зерттеу кітаптары оқырманның қолында жүр. Ол әлі де кемел шағында екен. Төрт қабырғаға қойылған сөрелері кітаптан сірескен кабинетінде таптым. Төрде Елбасымен бірге түскен үлкейтілген суреті тұрды. ...

Жалғасы »

Сапар САҒЫНТАЕВ: Өз бақшаңның өнімі тәтті болады

Мемлекеттік қайраткер, облыста ұзақ жылдар басшылық қызметтерде болған Сапар Сағынтаевтың өмір жолы, өзіндік ұстанымы көп жағдайда өзгелерге ұқсай бермейді. Мұны сырт көз әдетте байқай да бермейді. Ол Ақтөбе қаласындағы №6 қазақ орта мектебін бітірген. Сол білімімен Благодарный орта мектебінде, Чкалов атындағы колхоздың мектебінде физика мен математикадан сабақ береді, Родников аудандық халық ағарту бөлімінде мектеп инспекторы болып қызмет атқарды. Өндірісте жұмыс ...

Жалғасы »

Бекіш ҒАЛЫМОВ: еңбекпен тапқан нан тәтті

Әке мен бала Кешегі кеңестік дәуірде адал еңбек, маңдай терімен Социалистік Еңбек Ері атағын алып, омырауына Алтын жұлдыз таққан адамдар болды. Олардың қатарлары аз да емес еді, әр өңірде ұшырасатын. Заманында ардақталған  бұл адамдар туралы кейін көп айтылмады, ұмытылды. Соңғы ширек ғасырда дүниеге келген жастар олардың есімдерін білмеуі де мүмкін. Көбі дүниеден өтіп кетті. Біздіңше, біз әңгімелегелі отырған Бекіш Ғалымов ...

Жалғасы »

Өтеміс ӘКІМОВ: өнеге өз ортаңнан табылады

Оның негізгі мамандығы — мұғалімдік. Алайда Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп келгеннен кейін Ойылдағы орта мектепте небары жарты жыл ғана ұстаз болып қызмет атқарған. Содан кейін комсомол қызметіне шақырылған. Партия, кеңес органдарында жемісті еңбек еткен. Облыстық мәдениет саласын басқарды. Ақырында мұнайшы болып шыға келді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Өтеміс Әкімовтің сан салада сабақталған өнегелі өмір жолдары ...

Жалғасы »

Сматолла БЕРКІМБАЕВ: әр кезеңнің өз құбыласы болады

Үлкеннің сөзі қашаннан үлгі. Қай кезеңде де ел-жұрт түйінді сөзді тыңдарда аузы дуалы ақсақалдарына қараған. Көпті көрген, көненің көзі саналатын қарияларымыз өздері бастан өткерген өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, алдағыны бағдарлап отырған. Биыл облысымыздың құрылғанына 85 жыл. Осы тарихты жасауға қатысқан, қиын-қыстау кезеңдерде көп шаруаның ортасында жүрген алдыңғы буын өкілдері бұдан былай газетімізде тұрақты түрде беріліп тұратын «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін!» айдары ...

Жалғасы »