Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен»

«Ақтөбе — құтты мекен»

Басты мақсат — инвестиция тарту

28-29 қыркүйекте алғаш рет Қазақстанда «Туған жер» бағдарламасы  аясында Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтеді. Бұл шараға біз ғылымда, мәдениетте, саясатта, бизнесте, өмірдің өзге де салаларында жоғары табысқа жеткен өзіміздің белгілі жерлестерімізді шақырдық. Мұндағы басты міндет — оларға тәуелсіздік жылдарындағы Ақтөбе облысының қол жеткен табыстарын, қалай өзгергенін, даму бағытын көрсету болмақ. Өйткені, біздің  жерлестеріміздің  көп жылдардан бері туған жерлерінде ...

Жалғасы »

Үлкен өзгерістер қарсаңында…

«Ақтөбе — құтты мекен» 80-жылдардың басы — КСРО тарихындағы ерекше кезең болды. 1981 жылдың 23 ақпанында басталған СОКП-ның ХХVI съезі — коммунистердің Ленин жолын дәріптеумен, ұйымшылдықпен, ың-шыңсыз өткізген соңғы съезі еді. Сондай-ақ, бұл — Брежневтің басшылығымен өткен соңғы съезд. 1982 жылдың қараша айында Л. И. Брежнев дүниеден өтті. 1982 жылдың қарашасы мен 1985 жылдың наурызы аралығында КСРО-да үш рет басшылық ...

Жалғасы »

Алғашқы медициналық кластер Ақтөбеде құрылып жатыр

Сәлім БЕРКІНБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор, республикалық кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры: — «Туған жер» Республикалық форумы сыртта жүрген ақтөбеліктердің басын қосады. Бұл  осы жерде туып, өскен, білім алған азаматтар үшін үлкен қуаныш. Себебі, осындай жиындарда көп нәрсені талқылауға, ойласуға мүмкіндік туады. Жалпы туған жеріме жиі келемін. Әр келген сайын жаңашылдықты байқаймын. Салынып жатқан құрылыстарға қарап, туған қаламның ...

Жалғасы »

Туған жерге деген іңкәрлікпен…

Біз облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінованы Ақтөбеде өткізілетін «Туған жер» республикалық форумына әзірлік барысы жөнінде сөзге тартқан едік: — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаттары алты арнайы жобада көрініс тапты, солардың бірі — «Туған жер» жобасы, — дейді Бұлбұл Ораққызы. — Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Туған ...

Жалғасы »

Ақтөбе медицинасы бір ізге қойылған

Жолдас ҚҰЛЖАНОВ: АҚШ-тың ортопедия және травматология қауымдастығының және ASAMI (Илизаров әдісін қолдану және талдау жөніндегі қауымдастық) мүшесі, Сент Луис университетінің ортопедиялық госпиталінің директоры: — Ақтөбе өңірі маған жақсы таныс. Осы өңірдегі әріптестеріммен тығыз байланыс жасап тұрамын. Биыл Ақтөбе қаласында өткен халықаралық  конференцияға қатысып, травмотология, политравма саласы бойынша кеңес беріп, науқастарды қабылдадым. Ғылыми ізденістер мен тәжірибеме сүйене отырып науқастардың жамбас буынына ...

Жалғасы »

Көмек беруге дайынбыз

Сәрсен ҚОБЛАНДИН, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі: —  Облыста өткелі жатқан «Ақтөбе — құтты мекен» форумында жан-жақта жүрген жерлестердің басы қосылатыны мені де қуантып отыр. Ақтөбе өңірі жыл өткен сайын қарыштап дамып келеді. Оның ішінде медицина саласы айтарлықтай алға басты. Медициналық кластер құрылып жатыр. Әрине, кластердің Ақтөбе өңірінде құрылуы өте орынды. Себебі, әу бастан-ақ Ақтөбе  ...

Жалғасы »

Форумды жоғары деңгейде өткізу үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп жатырмыз

28-29 қыркүйекте Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған бұл шараға қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кең ауқымды шараға кімдер қатысады? Форум аясында қандай шаралар өткізіледі? Бұл жөнінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаевамен сұхбаттасқан едік. — Елбасы Нұрсұлтан ...

Жалғасы »

70-жылдардың соңында…

Облыс еңбеккерлері, сол кездегі деректерге сай, 1977 жылды өте табысты аяқтады. Мал шаруашылығын, соның ішінде қой шаруашылығын өркендетіп, мемлекетке ет тапсыру жоспарын асыра орындағаны үшін Шалқар ауданы — Қазақстан Компартиясы ОК-нің, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің, Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің ауыспалы Қызыл туымен марапатталса; құс өсіруші «Алға» совхозының ұжымы СОКП ОК-нің, КСРО Министрлер кеңесі мен кәсіподақтардың Бүкілодақтық орталық кеңесінің ауыспалы Қызыл туын ...

Жалғасы »

Жастар құрылысқа жұмылдырылды

«Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы қарсаңында ақтөбелік жастар көктемгі тасқын судан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Кеше жүзден астам жас Қурайлы елді мекенінде су тасқынынан жапа шеккендер үшін салынып жатқан құрылыс алаңында болып, тұрғындарға қолдау көрсетті. 100 ОҚУШЫНЫҢ КӨМЕГІ Бұл шара облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. — Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ақтөбе — құтты мекен» ...

Жалғасы »

Туған жерді бірге өркендетейік!

Раиса КӨЗДЕНБАЕВА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты: — Қай уақытта да туған жер, туған ел ыстық көрінеді, өзіне тартып тұрады. Облыстың 85 жылдығы атап өтілетінін, «Ақтөбе — құтты мекен!» халықаралық форумы және  «Ақтөбе жерлестерін шақырады!» атты үлкен шара ұйымдастырылатынын естігенде көңілім көтеріліп, қуанып қалдым. Алыста жүрсем де өзім туып, өскен жердің ...

Жалғасы »