Басты бет » Әдебиет

Әдебиет

Сөнбейді, ана, шырағың!

(Эссе)  Ана ақысын өтейін де ақтайын, Кіші жанды мейіріммен баптайын.  Жүсіп БАЛАСАҒҰН. Ана дегенде менің көз алдыма жүзінен мейірім нұры төгіліп: «Құлыным, ботақаным, шаңырағым, шырағым, арманым, күнім!» деп мың толғанып, емірене иіскейтін ақ жаулықты аналар елестейді. Ананың ақ сүтін, ананың еңбегін бағалау, оның алдында перзенттік парызды сезіну саналы, түйсігі бар жанға салмақты жүк. Ананың ақ сүті алдында кім болмасын бас ...

Жалғасы »

Мұхтар Құрманәлиннің туғанына — 90 жыл

Ол қазақ поэзиясын үлкен биікке көтерген, Сырбай, Ізтайларымен жарқырай көрінген буынның өкілі еді. Сол буынның деңгейіне лайық ақын еді… Ақын Мұхтар Құрманәлиннің туғанына 90 жыл толып отыр. Ол 1927 жылы 10 қазанда қазіргі Әйтеке би ауданы аумағындағы Аралтөбе елді мекеніне таяу  ауылда туған. Өз қолымен жазып қалдырған мағлұматта: «Біздің атақоныс, мекенжайымыз — Қарабұтақ пен Аралтөбенің аралығындағы «Заготскот» деген жер» — ...

Жалғасы »

Ақтөбе қыры ақ дауыл

Ізтай Мәмбетов Ақтөбе қыры ақ дауыл  Ақтөбе қыры ақ дауыл, Алай да түлей ұйтқиды. Алыста күтіп жатты ауыл, Астымда ақбоз ытқиды.   Келемін қарлы боранда Алысып, ойнап, жарысып. Қазыққа түстім, тоңам ба, Қайнайды бойда қан ысып.   Құйын да қарды жентектеп Сақылдап соғып тынбады. Сағынып көрген тентекке Сақылдап күлем мен-дағы.

Жалғасы »

Ақтөбе

Мұхтар Құрманалин Ақтөбе Бір кезде жырақ кетіп ауылдастан, Қаламсың қырық бес жыл бауыр басқан. Жыр болып ұяладың жүрегіме, Сен жайлы жазбасам да тәуір дастан.   Өмірдің татып талай бал-шырынын, Думанды өтті сенде жыршы күнім. Саяңа сән бергелі, бүршік жарып, Біз де бір бойлап өскен тал-шыбығың.   Орныққан ақ бесігім ойда бекем, Өзіңдей қайда қала, қайда мекен? Тояттап толған айдай келбетіңе, ...

Жалғасы »

Ақтөбеге ода

Бәкір Тәжібаев Ақтөбеге ода Дүрілдетіп ел-жұрты той тойлайтын Ақтөбеден бүгетін сыр болмайтын. Домбырамды күйімен күмбірлетіп, Кезім келді аянбай бір толғайтын!   Дәнінен өркеш таулар орнатқанда, Атақ-даңқы оранып мол мақтанға, Арындаған еңбекте Ардагерлер Ақынына мадақ жыр жолдатқан да!   Ақтөбенің айтулы даласын паң, Ақ тарысын көргенде — қаларсың таң! Кешкіғұрым комбайн көп оттары, Шақырады жұлдыздар арасынан!   Самсап моншақ Ақтөбе биігінде, ...

Жалғасы »

Мен тұрған көшелер

Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ Мен тұрған көшелер «Социализм-ай, — деп, — келмеске зытырылған!» Өлең туды «сағыныш қытығынан». Кермиық сол көшелер қайда кетті Келе жатқан кеңестік ықылымнан?!   Көшіп кеп көшесіне Некрасов, Бес кеспе жемесек те бекіре асып, Коммунардың бірі боп жүруші едім, «Коммунизм жолы» есігін кекіре ашып.   Табан мөрім түсті-ау көп жерге менің, Көрдім ғой Жамбылдың да көрмегенін. Снайпер көшесіндегі бір ...

Жалғасы »

Ақтөбе әні

Сәбит БАЙМОЛДИН Ақтөбе әні Мақтаныш қанат болып поэзияма, Мен жетем қияндағы ақ таңдарға. Ақтөбем — жап-жас қала, жап-жас ұя, Жүрегімде салынып жатқан қала.   Бұ қала сол үшін Күн, сол үшін Ай, Мен де бір ақыны едім. Көшелері созылған қол ұшындай, Жаныма жақын менің.   Кем болады көктемі, неге кеші, Ақтөбедей ақ сарай, отау үйдің. Нұрпейістің осы біз немересі, Осы ...

Жалғасы »

Несібе

Ертай АШЫҚБАЕВ Несібе Ай-хай, дүние, сайран самал соғады, Тоқ шаңырақ, құт ірге. Ақтөбені көрмегендер көп әлі, Келдің. Көрдің. Шүкір ме?   Уа, көрдіңіз: Жайдары жұрт, кішік ел, Көркем әлем, көк арай. Талай-талай ақылы мол кісілер Ақтөбені сағынбайды, …О, қалай?   Ақтөбенің Алматыдан несі кем, Астанадан немесе?.. Түсіндіріп берер едім, кешігем, Өзің айтшы, жеңеше.   Ұқтырар ем, жол күтіп тұр, кешігем, ...

Жалғасы »

Жастық

Жақсыбек КЕМАЛ Жастық Жанымды жұбатады Жазылған тәтті өлеңім — Ғажап қой құла таңы Арайлы Ақтөбенің.   Тілектер шаһары ол, Талай бақ жанды мұнда. Жастардың қатары мол Әлия даңғылында.   Сезімге пана, сірә, Қос бірдей саябақ бар. Орындық ағашына Жазылып аялы аттар…   Түсімдей неге түнгі Сүрлеулер анау жатқан? Аппақ қыз келетін-ді Мәңгілік алау жақтан.   Ақтөбе! (Жат есім бе?) Басқаша ...

Жалғасы »

Адасқан адамдарға ақыл болдың

Қолыма қалам алдым сөзге лаулап, Сұрадым әрбір жерде хабар аулап. Белгілі Кіші жүзде бір адамсың, Бақ-дәулет жеті атаңнан өскен қаулап.   Салмағы саған қатар келе алмайды, Қай қазақ мақтанса да өзін баулап. Руың — Жетіруда жағалбайлы, Ары үшін жауға шапқан Малатаулап.   Малатау адам екен болған ұран, Ол күнде қазақ жауы — қалмақ Сыбан. Бұл күнде өсіп-өнген байтақ халық, Басы ...

Жалғасы »