Басты бет » Әкімдер есебі

Әкімдер есебі

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары

Оңдасын ОРАЗАЛИН, Ақтөбе облысының әкімі Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген талдау қорытындылары, тұрғындардың ұсыныстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы негізгі басымдықтар анықталды. Тұтастай алғанда олар еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары есебімен құрылымдалды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Тұңғыш Президент — Елбасының Жолдаулары, Аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ақтөбе агломерациясын ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылды «халықтың өмір сүру сапасын арттыру жылы» деп жарияладық

Жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» тұрғындар алдында есеп берді. Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында өткен есепті кездесуге Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Қайнарбеков, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің бас инспекторы Бекболат Әлмәдиев, сондай-ақ облыстық құқық қорғау, жергілікті атқарушы ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктерді толғандыратын мәселелер

Облыс әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін жиналғандар залға қойылған микрофондар арқылы  өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды.  Арасында аудандарға, әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға  кезек берілді.  Ж.Әбдіразақова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: — Жолдасым 11 жыл бұрын қайтыс болды. Үш балам бар, кенжесі ерекше бала. Үй мәселесіне байланысты келіп тұрмын. Мемлекеттік үй кезегінде тұрғаныма 10 жыл болды.   Бердібек Сапарбаев: — Үй заңға ...

Жалғасы »

Шын мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың халыққа есеп беру кездесуінде қарапайым тұрғындар, соның ішінде көпбалалы және мүгедек бала өсіріп отырған аналар басшыларға өздерінің мұң-мұқтаждарын жеткізді. Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қиналып жүрген отбасыларға қолдау көрсетілетінін айтты. Қала әкімі Ілияс Испанов Ақтөбенің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен биылғы жылы алға қойылған міндеттер жөнінде есеп беру үшін, тұрғындармен бірнеше кездесу өткізді. ...

Жалғасы »

Аграрлық ауданның әлеуеті

Дүйсенбі күні Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев суармалы егіс егу, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамыту, жергілікті өнімдерді экспорттау және қайта өңдеу қажеттігі туралы айтты. Сарыжардағы қоныстой  Жұмыс сапарын облыс әкімі Сарыжар ауылдық округінен бастады. Бүгінде бұл округте 4 785 адам тұрады. Көгілдір отын, ауызсумен қамтылған, сағат сайын облыс орталығына автобустар жүреді, сондай-ақ такси қызметі жұмыс ...

Жалғасы »

Игі қадамдар жалғаса береді

Ақтөбе — агломерация құру, қалыптасу үстіндегі еліміздегі санаулы қалалардың бірі. Оны аумақтық дамытудың игі қадамдары алда да жалғаса бермек. Алдыңғы күні «Батыс-2» тұрғын үй массивіндегі  Шығармашылық академиясы ғимаратында өткен қала тұрғындары алдындағы алғашқы есеп беру кездесуінде қала әкімі Ілияс Испанов қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысымен бірге, биылғы алда тұрған міндеттерге де жан-жақты тоқталды. Қала әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру тезистері

Құрметті жерлестер! 2018 жылды біз «Экономикалық серпіліс жылы» деп жарияладық. Осылайша  экономикалық өсу қарқынын 5% деңгейінде сақтап қалдық. Өткен жылды біздің облыс барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқынмен аяқтады. Өткен жылы Мемлекет басшысы алдымызға облысты дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөнінде міндеттер қойды, енді, міне, жылды қорытындылай келе, олардың орындалғаны туралы мәлім етуге болады. Оң нәтиже облыстың халқымен бірлесе атқарылған ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Ырғыз ауданы үшін табыстың көзі — мал шаруашылығы

Ырғыз — мал шаруашылығына қолайлы өңір. Шөбі шүйгін, суы мол. Алайда ілгерімен салыстырғанда өңірде  төрт түліктің саны аз. Ал мал басын көбейтпей ауданның экономикасын көтеру қиын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Мәди Елеусізовтің есеп беру жиынында осы салаға баса назар аудару керектігін ескертті. Облыс әкімі бұл есеп беру жиынына дейін Құмтоғай ауылында болып, одан соң Ырғыз селосын аралады. Округ ...

Жалғасы »

Аудан рейтингі неге төмен?

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданын аралады. Ауданның Аралтөбе, Қияқты ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Комсомол селосында аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының  есебін тыңдауға қатысты.   Аралтөбеліктердің алғысы Облыс әкімі алдымен Қияқты ауылы маңындағы «Әділ» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2013  жылы құрылған қожалықта негізінен асылтұқымды мал өсіріледі. Қожалық басшысы Берік Аяпов «Сыбаға», «Алтын асық», ...

Жалғасы »

Талқы мен талап

Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегенов өзінің қала тұрғындарымен кезекті  есеп беру кездесуін Шанхайда орналасқан №40 мектепте өткізді. Есепті кездесуге Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қатысты. Астана ауданы әкімінің сөзіне қарағанда, аудан құрылған сәттен бері әкімнің атына 148 сауал келіп түскен. Оның 97-сі қазіргі күні шешімін тапқан не шешілу үстінде. Қала тұрғындары алдында берген есебінде әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық ...

Жалғасы »